Шетелдегі Қазақстанның дипломаттары тексеруден өтеді - СІМ

Қозоғистон ва Саудия Арабистони дипломатик паспорт эгаларини виза талабларидан озод қилди
Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Шетелдегі Қазақстанның дипломаттары тексеруден өтеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті.

«Жыл сайын шетелге шығар алдында министрлік қызметкерлері арнайы тестілеуден, түрлі комиссиядан, сондай-ақ психологиялық тексеруден өтеді. Мемлекеттік қызмет істер агенттімен бірлесе бұл жұмысты қолға алдық. Сондықтан барлық қызметкер психологиялық және эмоционалдық тұрғыдан арнайы тестіден тағы да өтеді», - деді А. Смадияров министрліктегі баспасөз мәслихатында тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, дипломатиялық жұмыстың сипатына қарай әр қызметкер тексерістен өтуі керек.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі әйелін ұрды деп күдікке ілінген Қазақстанның БАӘ-дегі елшілігіндегі кеңесші Сәкен Мамашқа қатысты түсінік берді.

Қызметінен босатылған С. Мамаш дипломатиялық салада 15 жылдан астам жұмыс істеген.

Соңғы жаңалықтар