Шетелден тауар әкелетін жеке тұлғаларға қандай шектеулер бар

 Шетелден тауар әкелетін жеке тұлғаларға қандай шектеулер бар
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Шекарадан тауарларды өткізгенде оның қайсысы жеке пайдалануға арналған болып есептеледі және оған қатысты қандай шектеулер бар? Бұл сауалға Мемлекеттік кірістер комитеті Саудалық емес айналым басқармасының бас сарапшысы Қуат Қалдашев жауап берді. 

«Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу тәртібі мен шарттарының ерекшеліктері Қазақстан Республикасынын Кедендік кодексінің 39-тарауында айқындалған. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарлардың белгіленген тізімі бар», - деді Қуат Қалдашев комитетте өткен брифингіде.

Сондай-ақ, Кірістер комитетінің өкілі тауарлардың мөлшерлі көлемін атап өтті.

- Аң терісінен жасалған бұйымдар (оның ішінде бас киім де бар) адам басына 1 заттан аспауы тиіс;

- Ұялы телефон (смартфон) – бір адамға 2 бірлік;

- планшет – бір адамға 2 бірлік;

- портативті тасымалданатын компьютерлер (ноутбук, нэтбук) және олардың керек-жарақтары – бір адамға 1 (бір) бірлік;

- зергерлiк бұйымдар – бiр адамға 5 зат;

- велосипед – бiр адамға 1 дана;

- бала арбасы – бiр адамға 1 дана;

«Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғаның өтуі немесе оның тауарларды өткізу жиілігі айына 1 реттен аспауы тиіс», - деп толықтырды сарапшы.

Соңғы жаңалықтар