Шымкент полициясы 4 жасар қыздың өлімі туралы ақпаратты жоққа шығарды

полиция
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM — Шымкентте 4 жасар қыздың зорланып, айуандықпен өлтірілгені туралы ақпаратты полиция жоққа шығарды.

Бүлдіршіннің өлімі туралы ақпарат «Не молчи» қорына келіп түскен.

Бұл туралы қордың негізін қалаушы Дина Таңсәрі желі парақшасында жазды.

Ондағы жазбаға сүйенсек, белгісіз адам бүлдіршінді зорлап, кейін денесін бөлшектеп өлтірген. 

Қалалық полиция департаменті тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды. 

«Шымкент қаласында 4 жасар қыздың зорланғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді. Біз азаматтардан тек ресми ақпарат көздеріне сенулерін сұраймыз», -деді қалалық Полиция департаментіндегілер.

Соңғы жаңалықтар