Шымкентте полициядан көмек сұраған қыздарға тәртіп сақшысы тап берген

тап берді
Фото: видеодан алынған скрин

Шымкентте патрульдік полициядан көмек сұраған қыздарға полиция дөрекілік танытқан. Бұл сәт қала көшесіндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Видео Instagram желісінде жарияланды.

Ондағы жазбаға сүйенсек, Түркістан көшесі бойында кетіп бара жатқан қыздар екі жігіт күштеп ұстап отырған бойжеткенді байқап қалған.

Өздерінің айтуынша, көмек сұраған қыздың жан дауысын естіп, бей-жай қарай алмаған. Сөйтіп дереу полицияға хабарласқан.

Алайда осыдан кейін қыздарға бейтаныс байланыс нөмірінен біреу хабарласып, полиция учаскесіне келуді айтыпты. 

Сәл кейінірек оқиға орнына полиция формасын киген ер адам келген.

Ол өзін таныстырмаған, тіпті қызметтің куәлігін де көрсетпеген.

Бұл полиция шақырған қыздардың бойында күдік туғызып, олар мән-жайды видеоға түсірмек болған.

Алайда бұған тәртіп сақшысы ашуланып, қыздың қолындағы телефонды тартып алмақ болады. 

Кейінірек белгілі болғандай, айналасындағылардан көмек сұраған жас қызды бауырлары күштеп ұстап отырған. 

Ағалары қызды анасына жеткізбек болыпты. 

Қыздың айтуынша, оған анасы қорлық көрсететін көрінеді. 

Бойжеткен арыз жазбақ болғанда оған бейтаныс нөмірден біреу мәселені «жақсылықпен» шешуді айтыпты.

Қалалық полиция департаменті видеодағы тәртіп сақшысына қатысты қызметтік тексеру басталғанын хабарлады. 

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар