ШЫҰ Қорғаныс министрлерінің кеңесі басталды

ШОМ
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Астанада  Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер Қорғаныс министрлерінің кеңесі басталды.

Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығы аясында өтетін іс-шараға Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан Қорғаныс министрлері, Үндістан Қорғаныс министрінің орынбасары қатысып отыр. 

Сондай-ақ, отырысқа Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы, ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылымы Атқарушы комитетінің директоры және Беларусь Қорғаныс министрі шақырылған.

Айта кету керек, сәуірдің басында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларымен кездескен.

– Өткен жылы әлемде өңірлік және жергілікті деңгейде 183 қақтығыс болды. Жанжалдардың саны шамамен 30 пайызға артқан. Бұл – соңғы отыз жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Сарапшылар қақтығыстар мен зорлық-зомбылық әрекеттерінің жаһандық циклы белең алып келе жатыр деп санайды. Осы ретте халықаралық терроризмнен де төнетін қауіп күшейіп келеді, – деді Мемлекет басшысы сол кездесуде.

Соңғы жаңалықтар