ШҚО әкімі Қасым Қайсенов атындағы әскери бөлімді аралады

әскери бөлімде болды
Фото: ШҚО әкімдігі

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – ШҚО әкімі Ермек Көшербаев ҚР Қорғаныс министрлігінің Халық қаһарманы Қасым Қайсенов атындағы «27943 әскери бөлімінде» болды. Бөлімдегі офицерлермен кездесіп, әскери техникаларымен танысып, даңқты батыр Қасым Қайсенов ескерткішіне гүл шоғын қою салтанатына қатысты.  

Аймақ басшысы өз борышын өтеуге енді келген жас сарбаздармен тілдесті. Сондай-ақ арнайы жасақ арасындағы қоян-қолттық ұрыс шеберлерінің күресін тамашалады.

әскери бөлімді аралады
Фото: ШҚО әкімдігі

- Өңіріміздегі беткеұстар қаһармандардың, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерін ардақтау, ерліктерін дәріптеу – біздің парызымыз. Олардың атын ғана емес, жеңіс үшін жүріп өткен жолдарын да жатқа білуіміз керек, - деді облыс әкімі. 

әскери бөлімді аралады
Фото: ШҚО әкімдігі

Бүгін дәл осы әскери бөлімде сонымен қатар Өскемен қаласындағы оқушылар мен студенттерге арналған ашық есік күні өтіп жатыр. Іс-шара өскелең ұрпақтың бойына патриотизмді баулып, еліміздегі Отан қорғаушылардың мәртебесін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. 

ШҚО
Фото: ШҚО әкімдігі
Соңғы жаңалықтар