11:04, 30 Сәуір 2024 | GMT +6
ШҚО-да жауын-шашыннан өзендердің тасуы мүмкін
АСТАНА. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында өзендердің суы көтеріліп, қалыпты деңгейден асуы мүмкін. Қазгидромет осындай болжам жасады.
«2024 жылғы 30 сәуір-04 мамыр күндері Шығыс Қазақстан облысының аумағында жауын-шашын күтіледі. Өзендердің суы көтеріліп, қалыпты деңгейден асуы мүмкін. Сондай-ақ, кішігірім өзендер мен бұлақтар арнасынан асады деп болжануда», - деді Қазгидромет РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова ОКҚ-де өткен брифингіде.
Қатты жауын-шашыннан аталған өңірдегі автожолдар мен темір жолдарды, тұрғын елді мекендер мен шаруашылық құрылыстарын топан су басуы мүмкін.
Бұған дейін Павлодар облысының солтүстігінде 2 градус үсік жүретіні туралы хабарлаған едік.