СҚО әкімі Петропавлдағы сорғы стансасы қашан қалпына келетінін айтты

әкім
Фото: видеодан алынған скрин

АСТАНА. KAZINFORM — Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавлдағы су басқан сорғы стансасын қалпына келтіруге қанша уақыт кететінін айтты.

«Облыс орталығын сумен қамтамасыз ететін бірінші көтергіш станция су тасқынының алғашқы күндерінде мұз кедергілеріне тап болып, тоқтан ажырап қалды. Бүгін біз қажетті жабдықты сатып алдық. Осы аптада қалпына келтіру жұмысын бастаймыз», — деді өңір әкімі телеарна тілшісіне берген сұхбатында. 

Оның айтуынша, бүгінде СҚО-ның су басқан аудандары секторларға бөлінді.

әкім
Фото: видеодан алынған скрин

Әр ауданға жасақтар жіберіледі және су айдау техникасын жібереді. 

Жалпы, қалпына келтіру жұмыстарына 800-ден астам жұмысшы мен 400-ден астам техника тартылады.

Еске сала кетсек, 12 сәуірде Петропавл қаласында су және электр беру қызметтері тоқтаған еді.

Тасқын сумен келген мұз бірінші көтергіш сорғы стансасына қуат беретін электр желісінің бағандарын құлатқан. 

Соңғы жаңалықтар