СҚО-да су тасқынында зардап шеккен балалар «Балдәуренде» демалатын болды

Более 3 млн казахстанских школьников отдохнут в лагерях
Фото: Наталья Зинченко/Kazinform

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – ҚР Оқу-ағарту министрлігінің шешімімен су тасқынында зардап шеккен солтүстікқазақстандық балалар республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығына барып демалады.

Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде су тасқынынан зардап шеккен 96 бала бар. Енді олар 8-25 мамыр аралығында «Балдәурен» орталығында сауығып, демалады. 

«Шал ақын ауданынан 37 бала, Ғ.Мүсірепов атындағы ауданнан 9 бала Алматы облысы Қонаев қаласында орналасқан республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығына барады.

Петропавлдан, Есіл және Қызылжар аудандарынан 48 бала Ақмола облысы Щучинск қаласындағы орталыққа жіберіледі», - дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Әсел Оразбаева.

Оқу-сауықтыру орталығына балалар бүгін кешке, «Петропавл-Алматы» пойызымен Петропавл станциясынан аттанады.

Бұған дейін бүгіннен бастап негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталғанын айтқан едік

Соңғы жаңалықтар