СҚО-дан «Қазақстан барысына» кім қатысатыны белгілі болды

Қызылжар барысы
Фото: СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметі

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Петропавлда қазақ күресінен «Қызылжар барысы» облыстық турнирінің жеңімпазы анықталды. А.Винокуров спорт сарайында 32 балуан боз кілемде өзара мықтыны анықтады.

Солтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің өңірлік кезеңінде салмағы 95 келіден жоғары балуандар күресті. Жарысқа Петропавл мен 13 ауданның үздік спортшылары қатысты.

Ақтық сында Қызылжар ауданының жас балуаны Әділет Мырзаш пен Уәлиханов ауданының тумасы, турнирдің бірнеше дүркін жеңімпазы Алтынбек Аусағитов кездесті. Бескөлдік спортшы «Қызылжар барысы» турниріне алғаш рет қатысып отыр. Жасы небары 18-де ғана. Десек те тәжірибелі, қалыптасқан балуан Алтынбек Аусағитов бұл жолы да жеңіске жетті. 

Қызылжар барысы
Фото: СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметі

Чемпион белбеуі мен 500 мың теңгені Алтынбек Аусағитов еншіледі. Әділет Мырзаш 300 мың теңгенің сертификатын алса, қола жүлдегер Шал ақын ауданының балуаны Батырхан Қайырбекке 200 мың теңгенің сертификаты бұйырды. 

Бұған дейін Мадрид додасының ширек финалында Е.Рыбакинаға жол берген Юлия Путинцева 50-ден 41-ге көтеріліп, ТОП-40-қа жақындағанын айтқан едік. 

Қызылжар барысы
Фото: СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметі

 

Соңғы жаңалықтар