Степногор ЖЭО апатының себебі аталды

ЖЭО
Фото: pixabay.com

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM – ҚР Энергетика министрлігі Степногор ЖЭО-да апаттар мен технологиялық бұзушылықтар болмағанын растады.

«Жылумен жабдықтау параметрлерінің төмендеу себебі электр тарату желісінің ажыратылуына байланысты. Қазіргі уақытта электрмен жабдықтау қалпына келтірілді, желілік су айналымы қамтамасыз етілді», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Айта кетсек, бұдан бұрын Степногор жылу энергия орталығындағы апатқа байланысты тұрғындар жылу және электр жарығынан ажыратылғанын жазған едік.

Кейін осыған байланысты ҚР Энергетика министрлігінің Ядролық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті тексерісті бастаған еді. 

Соңғы жаңалықтар