Су тасқыны: Дәрігерлер 800-ге жуық адамға көмек көрсетті

дәрігерлер
Фото: Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы

АСТАНА. KAZINFORM –Су тасқыны басталғалы бері ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарындағы тұрғындарға медициналық көмек көрсетті.

«Көмекке жалпы саны 800-ге жуық адам жүгінді. Қазіргі уақытта Апаттар медицинасы орталығының 7 бригадасы Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының тұрғындарына көмек көрсетуде, сондай-ақ ТЖМ психологтары эвакуациялық пункттерде азаматтармен жұмыс жүргізіп жатыр. Жедел желі телефонына 2 258 қоңырау түсті», - деді ҚР ТЖМ өкілі Асқар Шәріп Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте.

Осы уақытқа дейін республика бойынша 41 195 адам өз үйлеріне оралды. 6 377 адам эвакуациялау пункттерін паналап отыр.

Солтүстік Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында 7 184 тұрғын үй мен 2 844 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды.

Соңғы жаңалықтар