Танзанияда нөсер жаңбыр мен лай көшкіні 47 адамның өмірін қиды

Танзанияда кучли ёмғир ва кўчкилар оқибатида 47 киши ҳалок бўлди
Фото: TEDDY CHALE

Танзанияның солтүстігінде тасқын мен көшкін 47 адамның өліміне әкеп соқты. Kazinform бұл туралы ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

Хананг тауының етегінде 47 адам қаза тауып, 80 тұрғын жарақат алды.

Ел президенті Самия Хасан құтқару жұмысына ұлттық қауіпсіздік күш-құралдарын жіберді.

Жайсыз ауа райынан үй мен инфрақұрылым да зардап шекті.

Танзанияда су тасқыны ең қауіпті табиғат апаты саналады. Жыл сайын одан он мыңдаған адам зардап шегеді.

Өткен айда Танзания астанасы Дар-Эс-Салам мен басқа да қалаларда жауын-шашын көп түсіп, адамдар қаза тауып, ғимараттар қираған болатын.

Елдің кей бөлігінде егістік алқаптарын су шайып кетіп, тұрғындарға айтарлықтай шығын келді.

2023 жылы Шығыс Африка Эль-Ниньо климат құбылысы тудырған су тасқыны мен көшкіннен қатты зардап шеккен болатын.

Танзания метеорология агенттігі жаңбыр осы айда да тоқтамайтынын ескертті.

Соңғы жаңалықтар