Тасқын туралы жалған ақпарат таратты деген күдікпен 2 қылмыстық, 13 әкімшілік іс қозғалған

қылмыс
Фото: Polisia.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев тасқынға байланысты жалған ақпаратпен жүргізіліп жатқан күрес барысы туралы мәлімет берді.

«Сондай-ақ, біз ақпараттық кеңістікке мониторинг жүргіземіз. Жалған ақпараттың таралуына жол бермейміз. Жалған ақпарат таратқандарға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салғым келеді. Күрделі су тасқыны жағдайына байланысты жергілікті ауқымдағы ТЖ режимі жарияланған сәттен бастап жалған ақпарат таратқаны үшін барлығы 2 қылмыстық іс және 13 әкімшілік іс қозғалды», - деді ол орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингіде.

Министрліктің анықтамасы бойынша, Маңғыстау және Қостанай облыстарының тұрғындарының үстінен қылмыстық іс қозғалған.

Соңғы жаңалықтар