Тасқынға дайындық: Атыраудың Индер ауданында 20 тонна азық-түлік қоры жасақталды

гуманитарлық көмек
Фото: Александр Павский/Kazinform

АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырау облысының Индер және Махамбет ауданында Жайық өзенінің деңгейі қауіпті шектен асып кетті. Осыған байланысты Индер ауданында 20 тоннадан астам азық-түлік қоры жасақталды.

Индер ауданы бойынша гуманитарлық көмекті үйлестіруші Алтынбек Маратұлының айтуынша, азық-түлік қоры Атырау қаласынан жеткізілген. 

«Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне жасақталған азық-түлік қоры тұрғындардың қажеттілігі үшін қолданылатын болады. Қазір аудан орталығы — Индербор кентіне 20 тоннадан астам азық-түлік қоры жеткізілді. Оның ішінде бірінші кезекте тұтынуға қажетті ұн, макарон, сүт, күнбағыс майы, көкөністер және гигиеналық заттар бар», -деді Алтынбек Маратұлы.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Жайық өзенінің суы Индер ауданында қауіпті деңгейден асып кеткенін жазған едік. 

Сондай-ақ, Индер ауданында 25 мың малды қауіпсіз аумаққа шығару жоспарланып отыр. 

Соңғы жаңалықтар