Үкімет резервінен шаруаларға 60 млрд теңге қаржы бөлінеді

субсидия
Фото: freepik.com

АСТАНА. KAZINFORM – Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров шаруаларға арналған төмен пайызбен берілетін несие субсидиясы туралы айтты. 

«Биыл көктемгі дала жұмыстарын жеңілдетілген қаржыландыру 580 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде 400 млрд теңгесі қаржы институттарын тікелей субсидиялау тетігі арқылы жылдық мөлшерлемесі 5%-бен шаруаларға несие беріледі. Осы орайда Қаржы министрлігіннен жоғарыда аталған субсидияларға Үкімет резервінен 60 млрд теңге көлемінде қаражат бөлуді жеделдетуді сұраймыз», - деді Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында. 

Ведомство басшысының мәлімдеуінше, егіс науқаны кезеңінде жергілікті жердегі жұмыстарды үйлестіру үшін министрліктің қызметкерлері өңірлерге барады. Ол үшін тиісті кесте жасалған. 

«Ауыл шаруашылығына қатысты барлық мәселе мүдделі тараптарды тарта отырып министрліктің жедел штабының отырыстарында қаралады және шешіледі. Қабылданған шаралар егіс науқанын сапалы және оңтайлы агротехникалық мерзімде жүргізуге мүмкіндік береді», - деп сендірді министр. 

Бұған дейін Үкімет басшысы шаруаларға кредит беруге қосымша қаржы бөлуді жеделдету қажеттігін айтқан еді. 

Соңғы жаңалықтар