VII халықаралық автошеру Атырау облысына келді

Атырау облысы
Фото: Көлік министрлігінен

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысына ТМД Атқарушы комитетімен Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің қолдауымен ұйымдастырылған жолшылардың Үкіметаралық кеңесінің VII халықаралық автошеруі келді.

Іс-шара белсенді тәжірибе алмасу және көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелерін талқылауалаңына айналды. Ауқымды іс-шараны ТМД Атқарушы комитетінің, Қазақстан, Ресей және Өзбекстанның бейінді ведомстволарының қолдауымен жолшылардың Үкіметаралық Кеңесі ұйымдастырды.

Ұйымдастырушылар халықаралық автошеруді өткізу қатысушы мемлекеттер үкіметтерінің, халықаралық ұйымдардың, қаржы институттары мен бизнес-қоғамдастықтардың назарын халықаралық автомобиль жолдарын, «Солтүстік-Оңтүстік», «Батыс-Шығыс» көлік дәліздерін дамыту және олар бойынша тасымалдау мәселелеріне, сондай-ақ мемлекеттік шекаралар мен кедендік рәсімдерді кесіп өту мәселелеріне аударады деп есептейді.

Жалпы VII халықаралық автошеру Ресейдің бірқатар қаласын басып өтіп, бұдан әрі Өзбекстан Республикасына бағытталады. 

Соңғы жаңалықтар