Warner Bros. Discovery және Paramount Global киностудиялары бірігуі мүмкін

Warner Bros. Discovery & Paramount Global
Фото: coveredgeekly.com

Warner Bros. Discovery және Paramount Global компаниялары бірігу туралы келіссөздер жүргізуде. Бұл туралы Axios порталында айтылды, деп хабарлайды Kazinform.

Компания басшылары Дэвид Заслава мен Боб Бакиша өзара келіссөздер жүргізді. Warner Bros. Discovery-дің бас директоры Дэвид Заслава сонымен қатар National Amusements Inc компаниясымен де қосылуы мүмкін екенін айтты. National Ausements Inc. Paramount компаниясының бас компаниясы.

Естеріңізге сала кетейік, Warner Bros. Discovery сонымен қатар HBO, Discovery+, Max, DC Comics және CNN Worldwide компанияларына иелік етеді.

Соңғы жаңалықтар