Юлия Путинцева әлемдік рейтингте ТОП-40-қа жақындады

Юлия Путинцева
Фото: ҚТФ

АСТАНА. KAZINFORM – Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингіні жария етті.

Мадрид WTA 1000 турнирінің жартылай финалына дейін жеткен Қазақстанның 1-ракеткасы Елена Рыбакина Польша өкілі Ига Швентек, белоруссиялық Арина Соболенко және америкалық Кори Гауфтан кейін бұрынғысынша 4-орында келеді. 

Осы аптада басталатын Рим WTA 1000 жарысында Е.Рыбакина өткен жылғы чемпиондық атағы мен 1 мың рейтингілік ұпайын қорғауы керек. Бұл оған оңай түспейтіні анық.

Тағы бір қазақстандық, Мадрид додасының ширек финалында Е.Рыбакинаға жол берген Юлия Путинцева 50-ден 41-ге көтеріліп, ТОП-40-қа жақындады. Путинцеваға өзінің үздік көрсеткішіне (27) жетуі үшін әлі де сәтті өнер көрсетуіне тура келеді. 

Жібек Құламбаева 492-ден 499-ға төмендеді.

Жұптық сында үздік үштікте өзгеріс болған жоқ, тайбэйлік Се Шувэй көш бастаса, бельгиялық Элизе Мертенс пен аустралиялық Сторм Хантер оны өкшелеп келеді. 

Қазақстандықтардан Анна Данилина 56-дан 51-ге, Жібек Құламбаева 141-ден 138-ге жоғарылады. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның WTA чемпиондық кестесінде үздіктер қатарында келе жатқанын жазған болатынбыз.

Александр Бублик әлемдік рейтингіде рекорд орнатты.

Соңғы жаңалықтар