Жарыссөз: Қуандық Бишімбаевты қорғаушылары қалай ақтап жатыр

сот
Фото: сот трансляциясынан алынған кадр

АСТАНА. KAZINFORM – Елордада Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс жалғасуда. Бүгінгі сот отырысында экс-шенеуніктің қорғаушылары айыптыны ақтауға тырысып жатыр.

«Қ. Бишімбаев С.Нүкенованың өлімінен қандай да бір пайда көруі тиіс? Бұл жерде қандай пайда туралы айтылып тұр? Айыптау актісінде бұл сұрақтың жауабы жоқ. Актіде «Мен өлтіргім келді» делінген бірақ не үшін? Прокурор бұл сауалға жауап бермеді, тек «нарциссист», «агрессор» тағы сол сияқты бұлыңғыр сөздермен жабылған. Егер Қ. Бишімбаев кісі өлтіруді ойласа, ол мұны өз қолымен жасар ма еді?», - деді Қ. Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов.

«Келтірілген дәлелдер Қуандықтың азаптауға кінәсіз екенін растайды. Мұнда адвокат Вранчев Қуандықты халықтың 30 жылдық азабы үшін құрбандыққа шалу керек деді. Оған неге Қуандық жауап беруі керек? 30 жыл бұрын Қуандық 10 жаста еді. Біз Қуандық Бишімбаевты емес, заңды қорғаймыз. Қуандық орнында кез келген эмоционалды теңгерімсіз адам болуы мүмкін», - деді айыпталушының келесі адвокаты Лейла Рамазанова.

Сондай-ақ, қорғаушы Қ. Бишімбаев С. Нүкеноваға бағалы сыйлық жасап, ай сайын ақша аударғанын айтты.

«Тергеу барысында күдікті Б. Байжанов Салтанат Нүкеноваға ақша аударғанын айтты. Сондай-ақ, Б. Байжановтың айғақтарынан Қуандық Бишімбаев Салтанатқа екі рет сағат сатып алынғаны, оның құны 6-8 миллион теңге тұрғаны айтылды. Қ. Бишімбаев айтқандай, ол С. Нүкеновға ақша аударған. Ең аз сома «Kaspi» деректері бойынша айына 500 мың теңгеден астам болды», - деді Л. Рамазанова.

Қазір жарыссөз жалғасуда.

Айта кетсек, 29 сәуірде сағат 10:00-де басталуы тиіс экс-шенеунік Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы түстен кейінге қалдырылған еді.

Кеше Ішкі істер министрдің орынбасары сәуір айында Бишімбаев сот отырысына неге келмегенін түсіндірді.

 

Соңғы жаңалықтар