Жайық өзенінің деңгейі Индерде — 884, Махамбет ауданында — 861 см болды

су қоймасы
Фото: Су ресурстары министрлігі

АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырау облысында Жайық өзеніндегі су күн сайын көтеріліп жатыр. Бүгін өзен арнасының деңгейі Индерде — 884, Махамбет ауданында — 861 сантиметрді құрады.

«Қазгидромет» РМК Атырау облыстық филилалының дерегіне сүйенсек, кешеден бері Индер және Махамбет ауданында Жайықтың суы қауіпті шектен асып кетті. 

Мәселен, бүгін, 6 мамырда таңертеңгі сағат 08:00–де Индербор кентінің тұсында өзен арнасының суы 884 сантиметрге жетті.

Мұнда қауіпті шек — 845 см. Демек, қауіпті шектен +39 сантиметрге көбейіп тұр. 

Ал, Махамбет ауданында өзен арнасы қауіпті шектен +11 сантиметрге асқан.

Қазір Махамбет ауылының тұсындағы су деңгейі 861 сантиметр болды. 

Жайық өзенінің деңгейі Атырау қаласында — 496 см. 

Мұнайлы шаһар маңындағы Жаңаталап ауылында — 356, ал, Еркінқала елді мекенінде — 316 сантиметрді көрсетті. 

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Индерде — 15, Махамбет ауданында 22 эвакуациялық пункт дайын тұрғанын жазған едік. 

Сондай-ақ, Атыраудың Индер ауданында 20 тонна азық-түлік қоры жасақталды.

Соңғы жаңалықтар