Жібек жолы ауылының тасқынға қарсы дайындығы - фоторепортаж

Су тасқынына қарсы күрес
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Кейінгі күндері «Астанаға жақын орналасқан Ақмола облысындағы Жібек жолы ауылын су басып қалды» деген ақпарат желіде желдей есіп жүр. «Бөгет салуға ер адамдардың көмегі керек» екені жарияланып жатты. Жергілікті атқарушы билік өкілдері аумақта тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын айтып, жалған ақпарат халық арасында дүрбелең туындатуы мүмкін екенін мәлімдеді. Агенттік тілшілері осы елді мекен мен елорданы тасқын судан қорғауға арналған бөгет аумағындағы жағдайды көзбен көріп келді.

Су тасқынына қарсы күрес
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Астана қаласын тасқын судан қорғауға арналған бекетте учаске басшысы Әлібек Жайлауовтың айтуынша, қазір ахуал тұрақты әрі ұдайы бақылауда тұр. Сондықтан Астана қаласын су басу қаупі жоқ.

Су тасқынына қарсы күрес
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

«Бөгет толған жоқ, яғни 40 пайызына су жиналды. Жалпы, 450 млн текше метр қамту мүмкіндігі бар. Дамбыға келіп жатқан ағын су азайып жатыр. Қазір бөгеттен қалаға қарай секундына 55 текше метр жіберіліп отыр. Қаланың іші де бақылауда, ешқандай қауіп жоқ. Біз Төтенше жағдайлар министрлігінің қадағалуымен осы жұмыстарды реттеп жатырмыз», - деді Ә. Жайлауов.

Дәл қазір Жібек жолы ауылының шетінде бөгесінді нығайту жұмысына жүздеген адам тартылған. Олар негізінен Мемлекеттік күзет қызметінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және Ұлттық ұланның қызметкерлері. Құм салынған қаптармен ауыл маңындағы 12 шақырымға созылған бөгесінді биіктетіп жатыр.

Су тасқынына қарсы күрес
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
Су тасқынына қарсы күрес
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
Су тасқынына қарсы күрес
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Бұл тұрғыда, Жібек жолы ауылындағы жағдайға қатысты Ақмола облысы Аршалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Олжас Сәдуақасов түсінік берді.

Су тасқынына қарсы күрес
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
Су тасқынына қарсы күрес
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

«Қазір Жібек жолы ауылының алтыншы шағын ауданында бөгесінді нығайту және ұзарту жұмыстары тәулік бойы үзіліссіз іске асырылып жатыр. ҚР Мемлекеттік күзет қызметінен – 250-ге жуық адам, Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаментінен – 30 адам, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Қарағанды ​​қаласындағы 52859 әскери бөлімінен – 20 адам, Ұлттық ұланның 6636 әскери бөлімінен 70 адам жұмылдырылды. Сонымен қатар, 30-ға жуық жүк көлігі, қим тиеуге арналған 6 техника, 5 экскаватор және 1 бульдозер жұмыс істеп тұр. Жұмыс тәулік бойы атқарылып жатыр, су деңгейі тұрақты бақылауда. Жағдай тұрақталғанша жұмыс істейміз. Адамдарды екі ауысымға бөлдік, яғни күндіз 200 адам және түнде де 200 адам осы бөгесінде болады. Қазір бөгесін ішіндегі су деңгейі 20-30 см шамасында. Бұл деңгейден екі күннен бері көтерілмеді», - деп нақтылады О. Сәдуақасов.

Су тасқынына қарсы күрес
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Бірнеше күннен бері Жібек жолында жергілікті тұрғындар мен қаладан келген еріктілер көмектескен. Сол жерде шатыр тігіп, осы учаскеде жұмыс істейтін адамдарды тәулік бойы ыстық тамақпен, шаймен қамтамасыз етіп отыр.

Су тасқынына қарсы күрес
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
Су тасқынына қарсы күрес
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
Су тасқынына қарсы күрес
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

«Шағын аудандағы тұрғын үйлерді су басу қаупі барынша азайды, мұндағы су ағыны да азайды. Менің ойымша, үйлерді су баспайды. Осында ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің мамандары келіп, аумақты тексеріп шықты. Олардың дерегінше, бөгесін ішіндегі су бір айдың ішінде тартылады», - деді Аршалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі басшысының міндетін атқарушы.

Су тасқынына қарсы күрес
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
Су тасқынына қарсы күрес
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Өз кезегінде Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімінің орынбасары Ержан Жолымбетов те ауылдағы жағдай тұрақты екенін нақтылады.

«Бірнеше күннен бері су деңгейі өзгермеді. Бастапқыда жергілікті тұрғындар мен волонтерлер көмектесті. Қазір қосымша көмек қажет емес, адамдар жеткілікті. Ешқандай қауіп жоқ, бәрі өз орнына келді. 4 күн ішінде 12 шақырым бөгесінді нығайтып, 6-шы және 7-ші шағын ауданды тасқын судан қорғап қалдық. Қазір әлеуметтік желілерде қосымша көмек керек деген ақпарат тарап жатыр. Бұл хабарландырудың мазмұны шындыққа жанаспайды. Атап айтқанда, Жібек жолына қарай келетін судың ағыны азайды, біз құм үйілген бөгесінді нығайтып жатырмыз», - деді Е. Жолымбетов.

Су тасқынына қарсы күрес
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің бас инспекторы Берік Кантореновтің сөзіне қарағанда, бөгесінді нығайтуға барлық қажет заттар уақтылы жеткізілді.

Су тасқынына қарсы күрес
Фото: ТРК РК
Су тасқынына қарсы күрес
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

«Сондықтан тоқтаусыз жұмысымызды атқарып жатырмыз. Барлығы уақтылы іске асырылып отыр. Мұнда жергілікті тұрғындар келіп, бәрі жақсы екеніне көз жеткізді. Енді қауіп жоқ, Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері келіп, судың тереңдігін өлшеді. Осы орайда су деңгейі күн сайын төмендейтінін айтты», - деді Б. Канторенов.

Су тасқынына қарсы күрес
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Жібек жолы тұрғыны Ғалия Сабетова ауылдағы үйлерді су баспағанын, сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істеп жатқанын растады.

Су тасқынына қарсы күрес
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

«Қазір көмек бізге емес, Атбасарда су басқан аумаққа керек. Ол жаққа шынымен де көмектесу қажет. Жібек жолы ауылына қазір көмекке мүлде мұқтаж емес, себебі сарбаздар барынша жұмылдырылған», - деді ол.

Су тасқынына қарсы күрес
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
Су тасқынына қарсы күрес
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
Соңғы жаңалықтар