1 қаңтар. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. 1 қаңтар. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 1 қаңтарға арналған күнтізбесін ұсынады.

ҚҰРМЕТТІ ЖАЗЫЛУШЫЛАР!

«ҚАЗАҚПАРАТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ ЖШС СІЗДЕРДІ ЖАҢА ЖЫЛДАРЫҢЫЗБЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ !

ЖАҢА 201 4 ЖЫЛ ЖАҢА БАҚЫТ ӘКЕЛСІН !

1 қаңтар СӘРСЕНБІ

Жаңа жылдың бірінші күні. Қазақстан Республикасында қаңтардың 1-2-сі күндері атап өтіледі.

Бейбітшілік күні. Рим Папасы Павел VI жариялаған. 1968 жылдан бастап, Рим-католик шіркеулерінде атап өтіледі.

Камерун Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні. Камерун - Орталық Африкада орналасқан мемлекет. Астанасы - Яунде қаласы. Ақша бірлігі - камерун франкі. Ресми тілдері - ағылшын және француз тілдері. Елді Президент басқарады. Ол 5 жыл сайын төте сайлау негізінде сайланып отырады және үкімет басшысы да болып саналады. Заң шығарушы органы - бір палаталы парламент.

Куба Республикасының Ұлттық мейрамы - Азаттық күні (1959). Бұл күні үш жылға созылған Куба төңкерісі жеңіске жетті. Куба - Оңтүстік және Солтүстік Америка құрлықтары аралығындағы Куба, Хувентуд және олардың жанындағы Үлкен Антиль аралдар тобында орналасқан мемлекет. Астанасы - Гавана қаласы. Ақша бірлігі - Куба песосы. Ресми тілі - испан тілі. 1976 жылғы қабылданған конституция бойынша мемлекет билігі халықтық өкіметтің қолында. Ол өз депутаттары арасынан Мемлекеттік Кеңес сайлайды және Министрлер Кеңесінің мүшелерін бекітеді. Осы екі Кеңестің төрағасы мемлекет басшысы болып есептеледі.

Қазақстан Республикасы мен Куба Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы наурыздың 24-інде орнатылды.

Аңыздағы батыр Илья Муромецті еске алу күні. Илья Муромец - орыс аңыздарындағы басты батырлардың бірі.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

14 7 жыл бұрын (1867) «Уральские войсковые ведомости» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Газет 50 жыл бойы жарық көріп тұрған.

11 7 жыл бұрын (1897) Жетісу облысы бойынша статистикалық деректер жинау үшін Жетісу облыстық статистика комитеті құрылды. Ұйымның алғашқы атқарған іс-шараларының бірі - Верныйдың, Үлкен және Кіші Алматы стансалары тұрғындарының бір күндік санағын жүргізу болды.

2 2 жыл бұрын (1992) Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты құрылды. Институттың алғашқы сабағы 1992 жылғы тамыз айында басталды. Аталмыш білім ордасы «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты, Қазақстандағы және Орта Азиядағы халықаралық стандартқа сай орта және жоғары білім беру базасында мамандар даярлайтын жоғары білім беру көшбасшысы болып табылады.

1 9 жыл бұрын (1995) Қазақстанда жаңа төлқұжат пен жеке куәлік енгізілді.

1 6 жыл бұрын (1998) Қазақстанда зейнетақы реформасы жүзеге аса бастады. Бүгінгі таңда республикада 15-ке жуық жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс істейді.

1 2 жыл бұрын (2002) Еуропалық Одаққа мүше 12 мемлекет жаңа ортақ валюта - еуроға көшті.

9 жыл бұрын (2005) «Қызылжар нұры» атты Петропавл қалалық газетінің алғашқы саны жарық көрді.

3 4 жыл бұрын (1980) Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы 1980 жылдың 1 қаңтарынан әлем шешек ауруынан толықтай арылды деп жариялады. 1960 жылы аталмыш аурудан 2 миллионға жуық адам қаза тапқан болатын.

3 4 жыл бұрын (1980) Алматы сәулет-құрылыс институты (қазіргі Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясы) құрылды. Институт Қазақтың политехникалық институтының сәулет және инженерлік-құрылыс факультеттерінің және Бүкілодақтық сырттай инженерлік-құрылыс институтының Алматы филиалының негізінде құрылды. 1992 жылдан қазіргі атымен аталады. Отыз жылдан бері институтта 10 мыңнан аса жоғары дәрежелі мамандар дайындалды. Бүгінде академияда 14 мамандык бойынша 4 мыңнан аса студенттер оқиды. 40 кафедрада 500-ге жуық оқытушылар бар. Оны ішінде 30-дан аса ғылым докторы, профессоры, 200-ге тарта ғылым кандидаты, доценті бар.

3 4 жыл бұрын (1980) көркемөнер жайындағы әдебиеттер шығаратын «Өнер» баспасы ашылды.

5 жыл бұрын (2009) Қазақстан Республикасы ресми түрде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) төрағалары «Үштігінің» құрамына кірді.

ЕҚЫҰ-ның Рәсімдер ережелеріне сәйкес «Үштікті» ұйымның қазіргі, алдыңғы және кейінгі төрағалары құрайды.

«Үштік» іс-қимылдар мен ортамерзімдік жоспарлауды үйлестірудің маңызды құралы болып табылады. Ол Ұйым қызметіндегі сабақтастықты қамтамасыз ететін және Қазіргі төрағаға кеңес беретін орган болып табылады.

Мұнымен қатар, Қазақстан Ұйымға қатысушы 56 елден басқа құрамына Алжир, Египет, Израиль, Иордания, Марокко және Тунис кіретін ЕҚЫҰ-ның Жерортатеңіздік әріптес елдермен ынтымақтастық жөніндегі байланыстары тобына төрағалық етуге кірісті.

Жерортатеңіздік әріптестермен өзара іс-қимыл - ЕҚЫҰ қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады және де өз арасындағы тиімді мүдделер салаларын, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен қауіп-қатерлерге қарсы тұру әрекеттерін одан әрі үйлестіру мақсатындағы мүмкіндіктерді анықтауға бағытталған.

8 3 жыл бұрын (1931) ұзындығы 1444 шақырымға созылған Түркістан-Сібір темір жол магистралі тұрақты пайдалануға берілді. Түрксіб Орта Азия мен Сібір аудандарын жалғастырып, экономиканың өрлеуіне өз үлесін қосты. Сонымен қатар темір жол бойларында жаңа жұмыс орындары ашылды.

21 3 жыл бұрын (1801) палермолық астроном Пиацци тұңғыш астероидты ашты. Кейіннен Церер деп аталған бұл аспан денесі - ең үлкен астероид.

6 жыл бұрын (2008) Қырғызстанда біраз уақыттан кейін қағаз ақшаларды толығымен алмастыратын номиналы 10 және 50 тиындық, тағы да 1, 3, және 5 сомдық металлдан жасалған ақшалар айналымға енгізілді.

Ақшаларды көрші республика үшін Қазақстандағы «Монета сарайы» атты республикалық кәсіпорын жасап шығарған.

ЕСІМДЕР

10 1 жыл бұрын (1913-1998) кескіндемеші, ұлттық кәсіби бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық суретшісі ЫСМАЙЫЛОВ Әубәкір дүниеге келді.

Қарағанды облысында туған. Омбы кәсіптік көркемөнер техникумын, Бүкілодақтық кинематография институтын бітірген. «Еңбекші қазақ» газетінің, Петропавл өлкетану мұражайының суретшісі, Қазақстан Суретшілер одағы ұйымдастыру комитетінің төрағасы, Қазақ академиялық драма театрының суретшісі, режиссері, Қазақ филармониясы жанынан ұйымдастырылған алғашқы халық би ансамблінің көркемдік жетекшісі болған. Ол қазақ өнерін дамыта отырып, бейнелеу өнерінің биік шыңына көтеріле білген. Бүгінгі заман мен өткен тарихтың тамырын жал­ғастыра отырып, ел басқарған қазақ хан­дарының бүгінгі ұрпаққа тек аңыз-әңгімелер арқылы жеткен түр-тұлғасын ақ кенепке бейнелеген. Әубәкір Ысмайылов ұсынған Абылай хан бейнесі арқылы халқымыз ұлы тұлғаны, ұлы қайраткерді таныған. Қылқалам шеберінің «Қарағандыны салу», «Алатау алабы», «Көртоғай», «Хантәңіріндегі жайлау», «Шалкөде алабы», т.б. шығармалары бар.

9 1 жыл бұрын (1923-2000) актриса, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты РИМОВА Бикен Ырымқызы дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Алматы театр училищесін бітірген. 1940 жылдан өмірінің соңына дейін М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрының труппасында өнер көрсеткен. Актриса театр сахнасында алғаш Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері - Ақтоқты» трагедиясындағы Мәрзия рөлін ойнаған. Ол Сәуле, Жанар, Дәмеш (Ә.Әбішев «Достық пен махаббат», «Бір семья», «Күншілдік»), Ғани (Т.Ахтанов «Күтпеген кездесу»), Дәметкен (Е.Домбаев «Біздің кластың қыздары»), Еңлік, Мөржан (М.Әуезов «Еңлік - Кебек», «Қарагөз»), Зейнеп (М.Әуезов, С.Соболев «Абай»), Батагөй ана (Ә.Кекілбаев «Абылай хан»), Жаңыл, Жер - ана (Ш.Айтматов «Аңсаған менің әнімсің», «Ана - Жер ана»), т.б. рөлдерді орындауымен қазақ сахнасында замандастар образын жасауға елеулі үлес қосқан. Ол - ойнайтын рөлінің өзіне тән ой-мінезін, тағдыр талқысын терең ашып, даралық сипат беруді орындаушылық өнерінің басты мақсаты тұтатын өткір мінезді актриса болған. Сонымен қатар «Ана туралы аңыз», «Тамтам үні», «Ұлдың оралуы», «Өжет қыз» фильмдеріне, отандық көп сериялы «Тоғысқан тағдырлар» телефильміне түскен. «Абай - Әйгерім», «Қос мұңлық» драмалық шығармалардың және «Өнердегі өнегелі өмірлер» атты кітаптың авторы. Актриса есімі Алматы облыстық қазақ драма театрына берілген.

«Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.

8 6 жыл бұрын (1928) М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымының докторы, профессор, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі НАРЫМБЕТОВ Әбділхамит Қуанұлы дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысында туған. Орал мемлекеттік педагогикалық институтын, Қазақстан Ғылым академиясы Тіл және әдебиет институтының аспирантурасын бітірген. 1952-1992 жылдары Қазақстан Ғылым академиясы Тіл және әдебиет институтының ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі болған. Қазіргі қызметінде 1995 жылдан бастап істейді. Ол қазақ әдебиеті тарихына байланысты ұжымдық еңбектер жазуға қатысқан. Ғ.Мүсіреповтің 5 және 3 томдық шығармалар жинағын баспаға дайындап, ғылыми түсініктер жазған. Сонымен қатар «Қазақ әдебиеті» атты 5 томдық библиографиялық көрсеткіштің авторы.

Бірнеше медальмен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталған.

7 6 жыл бұрын (1938-2006) ақын, жазушы, аудармашы ӨТЕТІЛЕУОВ Ермек дүниеге келді.

Ақмола қаласында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірген. Еңбек жолын Ақмола облысы Қорғалжын аудандық газетінен бастаған. Кейін республикалық «Балдырған» журналының, «Жазушы» баспасының редакторы болған. 1976 жылдан «Жалын» баспасының аға редакторы, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. Ақынның «Алыптың алыбы», «Бос шелек», «Ең күшті адам», «Әдептілік - әдемілік», «Өсіп келе жатырмыз», «Биік үйдің балалары», «Алақай», т.б. шығармалары бар. Оның жекелеген әңгіме, өлеңдері орыс, болгар, украин, грузин, армян, әзірбайжан, татар тілдеріне аударылған. Көркем аударма саласында өзі де Л.Толстойдың, Д.Ушинскийдің балаларға арналған әңгімелерін, С.Михалков, О.Дриз, Я.Аким, т.б. ақындардың өлеңдерін қазақ тіліне тәржімалаған.

7 1 жыл бұрын (1943) мәдениеттанушы, әдебиет зерттеушісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ӘУЕЗОВ Мұрат Мұхтарұлы дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы Шығыс тілдері институтын, Әлем әдебиеті институтының аспирантурасын бітірген. 1965-1977 жылдары - КСРО Ғылым академиясы Азия және Африка институтының ғылыми қызметкері, Қазақстан Ғылым академиясы Философия және құқық институтының кіші, аға ғылыми қызметкері. 1977-1980 жылдары - Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі. 1980-1982 жылдары - Қазақстан тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамының бөлім меңгерушісі. 1982-1988 жылдары - «Қазақфильм» киностудиясының бас редакторы, көркемдік жетекшісі. 1988-1990 жылдары - Халықаралық «Невада - Семей» қозғалысының вице-президенті. 1990-1992 жылдары - Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы Көркем аударма және әдеби байланыстар алқасы бас редакциясының төрағасы. 1992-1995 жылдары - Қазақстанның Қытайдағы Елшісі. 1995-1997 жылдары - Мәдени мәселелерді зерттеу ғылыми орталығының бөлім меңгерушісі. 1999 жылдан Халықаралық «Сорос» қоры Қазақ бөлімшесінің төрағасы болған. 2003-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры болған. Ол «Үлкен жол», «Гүл іспеттес жол», т.б. деректі фильмдердің, «Времен связующая нить», «Иппокрена. Хождение к колодцам времен» атты кітаптардың авторы.

6 6 жыл бұрын (1948) Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Бас хатшысы, Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы, тарих ғылымының кандидаты, саясаттану ғылымының докторы, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы Әлеуметтану ғылымдары академиясының академигі, Л.Гумилев атындағы Халықаралық өнер академиясы сыйлығының лауреаты МАНСҰРОВ Тайыр Аймұхаметұлы дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Қазақ политехникалық институтын, КОКП Орталық комитеті жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген. Ұзақ жылдар бойы аудандық, облыстық партия қызметтерінде лауазымды қызметтер атқарған. 1994-2002 жылдары - Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, 1996-2002 жылдары - Қазақстан Республикасының Финляндиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушы. 2002-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің айрықша тапсырмалар жөніндегі Елшісі, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі. 2003-2007 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болған. Бірнеше монографиялық еңбектердің авторы.

2-ші дәрежелі «Достық», «Құрмет» ордендерімен, Ресейдің «Достық» орденімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

6 6 жыл бұрын (1948) тарих ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі ЖҰМАҒҰЛОВ Қалқаман Тұрсынұлы дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Мәскеу мемлекеттік университетінде, Герман археологиялық институтында еңбек өтілінен өткен. Қазақ мемлекеттік университетінің оқытушысы, аға оқытушысы, доценті, тарих факультеті деканының орынбасары, деканы болған. 1997-1999 жылдары Георг Август атындағы Геттингенск университетінде профессор болып жұмыс істеп, «Әлем тарихындағы Батыс және Шығыс» мәселесі бойынша неміс тілінде дәріс оқыған. Ғалымның 50-ден астам ғылыми еңбегі және 2 монографиясы жарық көрген.

6 1 жыл бұрын (1953) ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, Республикалық шығармашыл жастардың «Жігер» фестивалінің дипломанты, Әлемдік Моңғолтанушылар қауымдастығының мүшесі КӨКТӘНДІ Хамза Қалмырзаұлы дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Шымкент педагогикалық институтын бітірген. Аудандық, облыстық газеттерде түрлі қызметтер атқарып, Қазақстан Жазушылар одағы Оңтүстік Қазақстан облысаралық бөлімшесінің әдеби кеңесшісі болған. 1989-1990 жылдары Қазақстан мен Өзбекстан жас ақын-жазушыларының «Игілік» қауымдастығының президенті болған. «Ақтолғай», қазақ, өзбек, тәжік, қырғыз, түркімен тілдерінде 200 мың данамен жарыққа шыққан «Наурыз» газеттерінің өмірге келу идеясының авторы және бас редакторы болған. 1991 жылдан бері «Қасиет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас редакторы және директоры қызметін атқарады. Ол Қазақстанда тұңғыш жекеменшік кітаптар дүкенін ашқан. Ақынның «Күн таңы», «Арман қуып адассам, кешір мені...», «Адуын ағыстар», «Құбылыс» атты жыр жинақтары, «Мен сені көргелі», «Кереметнама», «Он екі таным», «Туысқан», «Ойдың күші», т.б. прозалық кітаптары жарық көрген.

1 10 жыл бұрын (1904-1973) қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақ КСР-інің халық суретшісі, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Ш.Уалиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты ҚАСТЕЕВ Әбілхан дүниеге келді.

Алматы облысының Жаркент ауданында туған. Алматы қаласында және Мәскеу қаласында көркемсурет студиясында оқыды. 1954-1956 жылдары Қазақ КСР Суретшілер одағы басқармасының төрағасы қызметін атқарды. Оның алғашқы көрмеге қойылған туындылары - «Тігін үстінде», «Мектепке», «Автопортрет», «Көгілдір көйлекті қыз», «Қарындасымның портреті». Суретшінің «Ғ.Мұратбаев», «А.Құнанбаев», «Ж.Жабаев», «А.Иманов», «К.Әзірбаев» сияқты портреттік туындылары жоғары таным-талғамның үлгісі. Тарихи тақырыптағы «Түрксіб», «Амангелді сарбаздары», «Колхоз тойы», «Қалыңдық», т.б. көркем туындыларынан Қастеев қаламына тән қасиет - эпикалық ауқымдылық, ұлттық бояудың айқындығы көрінеді. Суретші халқымыздың тұрмыс-тіршілігін дәл бейнелеп, ұлттық дүниетаным аясында тың композициялық шешім таба білді. Оның «Киіз үйдің ішкі көрінісі», «Қыз Жібек», «Қыз ұзату», «Қос құрбы», «Келін түсіру» тағы басқа шығармалары ұлттық қазынамызға айналды. Суреткер Қастеев қазақ халқының салт-дәстүрінің озығы мен тозығын ажыратып, кертартпа кемшіліктерді ашына бейнеледі. Мысалы, «Кедей мен бай құдық басында», «Құрғақшылық кезінде молданың жылу жинауы», «Қыз алып қашу» шығармалары осының дәлелі. Оның ұлтына, туған жерге, отанына сүйіспеншілігі шығармаларында шынайы көрініс тапты. Қылқалам шебері сурет өрнектерінің сырлы бояуын, ұтымды қолданып, бейнелеу өнерінде мәдениет тарихының, республикалық қоғамдық өмірдің жылнамасын жасады. Абай мен Қастеев арасындағы нәзік байланыс дүниені эстетикалық-көркемдік тұрғыдан танудың, өнер өзектестігінің, рухани сабақтастықтың көрінісі. Абай тұлғасы Қастеевтің сүйікті кейіпкері болды. Ол Абайдың келбетін әр қырынан сомдады. Суретшінің қылқаламынан туындаған «Абай киіз үй алдында», «Жас Абай», «Абай жаз жайлауда» және «Бүркітші», «Қыс», «Жаз», «Көктем» атты шығармалары осыған дәлел. Шымкент қаласындағы өнер училищесі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер мұражайы Қастеевтің атымен аталады.

«Қазан төңкерісі», 2 мәрте «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.

1 10 жыл бұрын (1904-1970) қобызшы МЫҚТЫБАЕВ Дәулет дүниеге келді.

Ақмола облысының Қорғалжын ауданында туған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Ол әкесі Әупік бидің ықпалымен Ықылас күйшінің қобызшы баласы Түсіпбектен және Әбікен Тоқтамысұлынан Қорқыттың, Ықыластың және халық күйлерін үйренді. 1933 жылы Қарағанды облыстық радио комитетінде қызмет етті. 1934 жылы Алматы қаласында өткен Халық өнерпаздарының бүкілқазақстандық 1-ші слетіне қатысты. 1937-1968 жылдары - Қарағанды филармониясының, Қазақ филармониясы мен «Қазақконцерт» бірлестігінің қобызшы-солисі. 1968-1970 жылдары Алматы мемлекеттік консерваториясында ұстаздық етті. Қазақ радиосының алтын қорына, күйтабаққа бірқатар күйші-композиторлардың «Ерден», «Қазақ», «Жолаушының қоңыр күйі», «Қамбар», «Кертолғау», «Айрауықтың ащы күйі», «Шыңырау», «Жалғыз аяқ», «Сарын», «Сары дала», «Қорқыт», «Аққу» күйлерін жаздырды. Мықтыбаевтың орындауындағы бұл күйлер халықтық үнімен, дыбыс бояуының сыршылдығымен, табиғилығымен ерекшеленді. Қобызшы «Құлагер» фильмінде қобызшы рөлін орындады. Ал «Қыз - Жібек» фильміндегі қобыз үні Мықтыбаевтың орындауында ұсынылды. Ол қобызшы ретінде кәсіби орындаушылық дәстүрді бүгінгі ұрпаққа жеткізуге елеулі үлес қосты.

10 5 жыл бұрын (1909-1993) көрнекті әнші, композитор, Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ҚҰРМАНҒАЛИЕВ Ғарифолла дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында туған. Ата-анасынан ерте айрылған болашақ әнші немере ағалары Ғұбайдолла мен Хамидолланың қолында тәрбиеленеді. 10 жасынан домбыра тартып, ән сала бастады. Өзі туып-өскен өңірдің мақтанышы Мұхит Мерәліұлының өнерін бойына сіңіруге ниет қылып, оның туыстары Шынтас пен Шайхыға жолығады, ән үйренеді. Ақтөбе, Орынбор, Атырау, Орал өңірлеріне Мұхит әндерін насихаттайды. 1934 жылы Алматыда өткен Бүкілқазақстандық халық өнерпаздарының 1-ші слетіне қатысып, сол жерде Опера және балет театрына қабылданды. Ол Елемес, Сақан, Жарас, Шеге, Естай, Нарымбет образдарын шебер сомдап, ұлттық операның негізін қалаған көрнекті өнер қайраткерлерінің біріне айналды. Халықтың, әсіресе Мұхиттың әндерін нақышына келтіріп орындауы арқылы бүкіл қазаққа танымал болды. Сондай-ақ өзі де әндер шығарды. Олар: «Ақжайық», «Сүйген жар», «Нұржамал», «Жан еркем», «Аққу», «Сүйемін, туған өлкем», т.б. Құрманғалиев өнерпаз жастарды баулып, өзінің тамаша мектебін қалыптастырды, сөйтіп ұлттық кәсіби ән өнеріміздің дамуына баға жетпес үлес қосты. Республикалық эстрада студиясында ұстаздық ете жүріп, талантты әншілердің бірнеше буынын тәрбиелеп шығарды. 1967 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Республикалық өнер және цирк студиясында ұстаздық етті.

«Қызыл жұлдыз», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, бірнеше медальмен марапатталған.

10 5 жыл бұрын (1909-1970) қобызшы-композитор, Сүгірдің шәкірті, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері ҚАЛАМБАЕВ Жаппас дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында туған. 1934 жылы Алматы қаласында өткен Бүкілқазақстандық халық өнерпаздарының 1-ші слетіне қатысты. 1934-1937 жылдары Қазақ халық аспаптар оркестрінде альт-қобызшылар тобының концертмейстері және оркестр солисі болды. 1968-1970 жылдары Алматы мемлекеттік консерваториясында қыл қобыз класы бойынша ұстаздық етті. Оның репертуарында негізінен Ықылас Дүкенұлының «Қазан», «Қасқырдың ұлығаны», «Қоңыр», «Жез киік», «Ерден», «Аққу», «Қамбар», «Кер толғау», т.б. күйлері болды. Сондай-ақ Құрманғазы, Тәттімбет, Қазанғап, Дәулеткерей күйлерін, Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Естай Беркімбаев әндерін орындаған. Қаламбаев «Кең өлке», «Күн толғауы», «Жұман күйі», «Қазақ маршы», «Еңбек маршы», «Амангелді маршы», т.б. көптеген күйлер мен әндердің авторы.

«Еңбек Қызыл Ту» орденімен, медальдармен марапатталған.

100 жыл бұрын (1914-1995) актриса, Қазақстан және КСРО халық әртісі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лаураты МАЙҚАНОВА Сәбира дүниеге келді.

Қызылорда облысының Сырдария ауданында туған. 1932 жылы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының құрамына қабылданды. Шығармашылық жолы осы театрдың тарихымен, өсу жолымен тығыз байланысты. Театр сахнасында сомдаған тұңғыш рөлі - Б.Майлиннің «Майдан» драмасындағы Алтынай. Бұдан кейін ол замандас құрбыларының сахналық бейнесін жасады. Роза (Д.Рахманқұлов, «Документ»), Зотова (В. Киршон, «Астық»), Рая (М.Әуезов, «Алма бақ»), Гүлжәмила (М.Әуезов, Ә.Тәжібаев, «Ақ қайың»), Любовь Яровая (К.Тренев, осы аттас пьеса), Әлжан (М.Әуезов, «Абай»), Зейнеп (С.Мұқанов, «Шоқан Уәлиханов»), Мақпал (Ғ.Мүсірепов, «Қозы Көрпеш - Баян сұлу»), Толғанай (Ш.Айтматов, «Ана - Жер-Ана»,), Кесария (О.Иоселиани, «Арбаң аман болсын»), Тхань (И. Куприянов, «Вьетнам жұлдызы») сияқты аяулы аналар образын мүсіндеп, сахна суреткері ретінде танылды. Актерлік өнері қызуқандылығымен, қарапайымдылығымен әрі тұрмыстық бояуының қанықтығымен ерекшеленді. Майқанова классикалық туындылар бойынша Ж.Фрозина (Мольер, «Сараң»), Мария Антоновна (Н.Гоголь, «Ревизор»), Кабаниха, Галчиха (А.Островский «Найзағай», «Жазықсыз жапа шеккендер»), т.б. рөлдерін ойнады. 1936 және 1958 жылы Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. 1954 жылдан киноға түскен: Мақпал («Махаббат дастаны»), Гүлбарша («Қыз бен жігіт»), Торғын («Біз осында тұрамыз»), Дәметкен («Құйма»), т.б. Жазушы Д.Исабеков актрисаға «Мұрагерлер» драмасын арнаған, осы пьеса бойынша қойылған спектакльде Майқанова 1983 жылы басты рөл - Салиқаны ойнады.

«Еңбек Қызыл Ту» орденімен және медальдармен марапатталған.

8 5 жыл бұрын (1929-1974) жазушы, аудармашы МӘМБЕТОВ Ізтай дүниеге келді.

Ақтөбе облысының Алға ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. «Жұлдыз» журналы, «Қазақ әдебиеті» газеті редакцияларында, Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында, Қазақ КСР Телевизия және радиохабарын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетінде, Қазақстан Жазушылар одағы поэзия секциясында қызмет істеген. Ақынның алғашқы жыр жинағы «Тұңғыш» деген атпен 1955 жылы жарық көрді. Одан кейін «Бақытты балалық», «Сыр», «Табантал», «Өсиет», «Жалын», «Тарланбоз», «Жылы жел», «Ұзақ жыл», т.б. өлең кітаптары, бірнеше дүркін таңдамалысы жарық көрген. Бірқатар шығармалары туысқан халықтар тіліне тәржімаланған. Көркем аударма саласында Лермонтов, Пушкин, Байрон, Блок, Брюсов, т.б. жырларын қазақ тіліне тәржімалаған.

80 жыл бұрын (1934) домбырашы, күйші, композитор, Қазақстанның халық әртісі ЕСҚАЛИЕВ Әзидолла дүниеге келді.

Атырау облысының Құрманғазы ауданында туған. Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген. 1955-1960 жылдары Қазақ филармониясының, 1960 жылдан «Қазақконцертте» домбырашы, сонымен бірге 1962 жылдан Алматы консерваториясында оқытушы болған. Есқалиев 1957 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық және 6-шы Дүниежүзілік жастар мен студенттер фестивалінің лауреаты атанған. Репертуарында Құрманғазы, Дина, Мәмен, Сейтек, Дәулеткерей, т.б. халық композиторларының күйлері, қазіргі қазақ композиторларының және орыс, сондай-ақ, шет ел композиторларының классикалық шығармалары бар. Гастрольдік сапармен ТМД елдерінің көптеген қалаларында, Моңғолия, Франция, АҚШ, Германия, т.б. шет елдерде болды. Күйшінің «Жастар», «Шаттық» күйлері бар.

9 4 жыл бұрын (1920-1991) геология-минералогия ғылымдарының докторы атағын алған алғашқы қазақ әйелі, геолог, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент мүшесі ТӘЖІБАЕВА Патшайым Тәжібайқызы дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданында туған.

Ташкенттегі Орта Азия университетін бітірген.

1947-1991 жылдары Қазақстан Ғылым академиясының Геология ғылымдары институтында аға ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі, бөлім бастығы қызметтерін атқарған.

Оның басшылығымен шөгінді жыныстар мен рудаларды зерттеуде жаңа физикалық әдістер кешені қолданыла бастады. П.Тәжібаева Қазақстанда литология және шөгінді пайдалы қазбалар жөніндегі ілімнің дамуына үлкен үлес қосты. Орталық Қазақстанның шөгінді жыныстары мен рудаларын зерттеді.

Екі мәрте Халықтар достығы орденімен, медальдармен марапатталған.

9 3 жыл бұрын (1921-1970) композитор, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері, КСРО Композиторлар одағының мүшесі МУСИН Қапан Әубәкірұлы дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында туған. Алматы музыка училищесін, Мәскеу консерваториясы жанындағы қазақ студиясын, Алматы консерваториясын бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1943-1953 жылдары - Қазақ халық аспаптары оркестрінің дирижері болған. 1954 жылдан өмірінің соңына дейін Алматы мемлекеттік консерваториясында ұстаздық еткен. Оның шығармаларының көпшілігі симфониялық туындылар, тақырыбының негізгі арқауы - Отан, еңбек адамдары. «Жайлауда», «Халықтар бақыты», «Мерекелік» атты симфониялық поэмалары, 3 симфониясы, музыкалық-хореграфиялық композициясы, ұлт аспаптары оркестріне арналған поэмасы, шекті аспаптарға арналған 2-і квартеті, скрипка мен фортепьяно үшін И.В.Панфиловқа арналып жазылған сонатасы, т.б. камералық, драмалық қойылымдарға жазған музыкалары қазақ музыкасының озық үлгілері болып табылады. Сонымен қатар, оның камералық, вокалдық-хор, ән-романс жанрларына жазылған шығармалары ел ішіне, кәсіби музыканттар арасына кеңінен тараған. Оның «Сайра, бұлбұл», «Қыз әзілі», «Жас түлек», «Жеңеше» сияқты ән мұралары да бар. Олардың қатарына аяқталмай қалған «Таң шолпаны», «Жаяу Мұса» операларын қосуға болады.

9 3 жыл бұрын (1921-1990) Кеңес Одағының Батыры ГОЛОВЧЕНКО Василий Евстафьевич дүниеге келді.

Зайсан қаласында туған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Алматы әскери училищесін бітіргеннен кейін Солтүстік-Батыс майданға аттанып, Мәскеуді қорғауға қатысқан. 1943 жылы әскери іс-қимылдарды жақсы меңгерген майор Головченко батальон штабының бастығы, атқыштар батальонының командирі болып тағайындалды. 1944 жылы қыркүйекте, ол басқарған батальон басшылықтың бұйрығымен Литва КСР-інің Юртбург қаласы маңында жаудың ту сыртына шығып, Неман өзенін кесіп өтті. Екі күн бойы негізгі күш келіп жеткенше басып алған плацдармды ұстап тұрды. Осы операцияны тыңғылықты орындағаны үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғыстан кейінгі жылдары Қостанай қаласында тұрып, жұмыс істеген.

Қызыл Жұлдыз, I-II-ші дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және медальдармен марапатталған.

5 2 жыл бұрын (1962) ҚР Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті елшісі ЛАМА ШАРИФ Қайрат Қайырбекұлы дүниеге келді.

Павлодар облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің шығыстану факультетін бітірген (1990). Филолог-арабист, шығыстанушы. 1993 жылдан бастап Дипломатиялық қызметте - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық басқармасының үшінші хатшысы (1993), Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Елшілігінің үшінші, кейін екінші хатшысы (1993-1996), Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мәдени байланыстар, гуманитарлық ынтымақтастық және ЮНЕСКО істері жөніндегі басқарманың екінші хатшысы (1996-1997), Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Таяу және Орта Шығыс, Африка басқармасының екінші, кейін бірінші хатшысы (1997-1998), Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы, кейін Кеңесшісі (1998-2002), Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Азия, Таяу Шығыс және Африка департаментінің бөлім бастығы, кейін басқарма бастығы (2002-2003), Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Азия және Африка департаменті директорының орынбасары (2003-2004), Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі жанындағы Сыртқы саясат орталығының Бас инспекторы (2004-2006), Қазақстан Республикасының Дубай қаласындағы Бас консулы (2006). 2006 жылдың шілде айынан бастап Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы ‎Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі. Ол Қазақстан Республикасының Ислам Конференциясы Ұйымдағы Тұрақты өкілі (2006-2010), Қазақстан Республикасының Оман Сұлтанатындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы (2008-2010) болған. 2007 жылғы мамыр айынан бастап Кувейт Мемлекетіндегі және 2009 жылғы наурыз айынан бастап Бахрейн Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы.2011 жылғы маусымнан ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы. Қайрат Лама Шариф «Араб тілінің хрестоматиясы» (2004), «Қазақша-арабша тілашар» (2005), «Қазақстан және әлем елдері» (2005), ‎«Қажылық» (2010) және араб тіліндегі «Қазақстан - Орталық Азияның інжу-маржаны», ‎‎«Экономикалық дамудың қазақстандық моделі», «Қазақстан фактілер мен ‎сандарда», «Қазақстан - көпұлтты ел» және «Киіз үй - көшпенді ‎қазақтардың үйі» атты кітаптардың авторы. Сонымен қатар, оның жалпы редакторлығымен ‎Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жылсайынғы жолдаулары, Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандық жол» және ‎«Ғаламдық қоғамдастықты ‎түбегейлі жаңарту ‎‎стратегиясы және өркениеттер ‎серіктестігі» кітаптары, «Дағдарыстан шығу кілті», «Бесінші жол» және «Еуропадағы қауіпсіздік пен қауіпсіздік ұйымының тағдыры мен ‎болашағы» мақалалары, Қазақстан ‎Республикасының Атазаңы, «Нұрсұлтан Назарбаев - ұлтаралық және ‎дінаралық татулықтың қазақстандық үлгісінің негізін қалаушы» кітабы, ‎Қ.Тоқаевтың «Қазақстан Республикасы дипломатиясы» және «Нұр мен ‎көлеңке» кітаптары араб тілінде және ‎«Қазақстан мен Сауд Арабиясы: стратегиялық ‎әріптестік жолында», «Қазақстанның Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалығы жолында» атты кітаптар орыс тілінде жарық көрді. Бірінші класты Кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар. «Қазақстан Республикасының Ата Заңына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) және «Ерен еңбегі үшін» (2008), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011) медальдарымен марапатталған.

7 3 жыл бұрын (1941) Қазақстан Республикасының инфекционист-дәрігерлер қауымдастығының президенті, ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессор, денсаулық сақтау ісінің үздігі ҚҰРМАНОВА Күләш Байсейханқызы дүниеге келді.

Алматы облысы Қапал ауданында туған. Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қазақ Ұлттық медицина университеті) бітірген.

1970-1991 жылдары - Эпидомиология, микробиология және жұқпалы аурулар ғылыми-зерттеу институтында кіші, аға ғылыми қызметкері, бруцеллёз клиникасының меңгерушісі. 1991-2002 жылдары - Санжар Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университеті кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған. 2002 жылдан бастап - Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтының жұқпалы аурулар кафедрасының профессоры.

11 ғылым кандидатын, 3 ғылым докторын даярлаған. 277-ден аса ғылыми еңбектің, оның ішінде 4 монографияның және 2 авторлық куәліктің иегері.

Негізгі ғылыми бағыты сарып ауруының белгісін анықтау және оны емдеу әдістерін жетілдіруге арналған. Ол клиникалық және теориялық инфектологияның дамуына үлкен үлес қосты. Сарып, лептоспироз, оба ауруларының клиникалық-эпидемиологиялық сипаттарын зерттеді. Сондай-ақ жұқпалы ауруларды емдеу әдістерін жетілдіру мәселелері бойынша докторлық диссертация қорғаған тұңғыш қазақ ғалымы.

55 жыл бұрын (1959) ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары Қ АДЫРБАЕВА Әлия Кенжебекқызы дүниеге келді.

Қызылорда облысында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

1981-1991 жылдары - Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитетінің жанындағы ҒЗИ кіші ғылыми қызметкері. ҒЗИ математикалық қамтамасыз ету бөлімінің топ меңгерушісі, агроөнеркәсіптік кешен бөлімінің жинақтау бөлімінің бас маманы. 1991-1995 жылдары - Қазақ КСР Экономика жөніндегі Мемлекеттік комитетінің бас маманы, ҚР Экономика министрлігінің аймақтық саясат басқармасының бөлім бастығы. 1995-1996 жылдары - Мемлекеттік даму банкінің басқарма бастығы, ҚР Эксимбанкі бас маманы. 1996-2012 жылдары - ҚР Премьер -Министрі Кеңсесінде консультант, сектор меңгерушісі, бас инспектор, ұйымдастыру және аумақтық даму бөлімінің меңгерушісі. 2012 жылғы қаңтар-қазан айларында - ҚР Парламенті Мәжіліс Аппараты басшысының орынбасары. Қазіргі қызметінде - 2012 жылғы қазаннан бері.

«Құрмет» (2010) орденімен, «Ерен еңбегі үшін» (2003) медалімен марапатталған. .

63 жыл бұрын (1951) ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары РА ЙЫ МБЕКОВ Сайлаухан Ғазизұлы дүниеге келді.

Семей облысында туған. Н.К.Крупская атындағы Семей педагогикалық институтын, Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтын, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін бітірген.

1968 жылодан - «Алтайалтын» комбинаты «Боко» руднигінің жерасты проходчигі. 1977-1979 жылдары - Қазақстан ЛКЖО Семей қалалық комитетінің хатшысы. 1979-1984 жылдары - ҚЛКЖО Семей облыстық комитетінің бөлім меңгерушісі. 1984-1991 жылдары - Семей облыстық партия комитетінде нұсқаушы, бірінші хатшының көмекшісі.1991-1992 жылдары - Семей облыстық кеңесі аппаратының жетекшісі. 1992-1994 жылдары - Семей қалалық әкімшілігі әкімінің орынбасары. 1994-1997 жылдары - «Алтеба» Алматы қалалық телекоммуникациялық кәсіпорны бас директорының бірінші орынбасары. 1997-2004 жылдары - «Алтеба» Алматы қалалық телекоммуникация кәсіпорнында бас инспекторы. 2004-2012 жылдары - ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің меңгерушісі. Қазіргі қызметінде - 2012 жылғы ақпаннан бері.

«Ерен еңбегі үшін» (12.2006), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған. .

42 жыл бұрын 1972) ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Т Ө КЕЖАНОВ Болат Тұрғанұлы дүниеге келді.

1972 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған.

1994 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «қаржы және кредит» мамандығы бойынша бітірген.

1994-1995 жылдары Шығыс Қазақстан облысы салық инспекциясының сыртқы экономикалық қызметтерге салық салу бөлімінің аға салық инспекторы болып қызмет атқарды.

1996 - 1998 жылдары Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Міндетті медициналық сақтандыру қорының Шығыс Қазақстан облыстық бөлімшесінде жетекші маман, қаржы басқармасының бастығы, директордың орынбасары болып қызмет ақтарды.

1999 - 2000 жылдары - Медициналық қызметке ақы төлеу орталығының Шығыс Қазақстан облыстық бөлімшесі директорының орынбасары, директоры, 2001 жылдан бастап - Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық» РМК-нің Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры.

2000 жылы Ұлыбританияның Йорк университетіндегі Денсаулық сақтау саласындағы экономика орталығында халықаралық бағдарлама бойынша тәлімдемеден өткен.

2009-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебінде және Сингапурдың Ұлттық университетінің Ли Хуан Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебінде оқыған. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі.

2001 жылдың қаңтарынан 2003 жылдың қарашасына дейін Шығыс Қазақстан облысының Ақпараттық-медициналық орталығын басқарған.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде 2003 жылдың қараша айынан бері жұмыс істейді, бастапқыда медицинаны және халықаралық қатынастарды дамыту бөлімінің бастығы, кейін 2005 жылдың ақпанынан 2007 жылдың қаңтарына дейін - стартегиялық даму және халықаралық қатынастар басқармасының бастығы болды. 2007 жылдың қаңтарынан 2010 жылдың тамыз айына дейін - Стратегиялық даму және халықаралық қатынастар департаменті директорының орынбасары, Қаржы және экономика департаменті директорының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды. 2010 жылдың қыркүйек айында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегиялық даму департаментінің директоры болып тағайындалды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің №95 қаулысымен 2013 жылғы 6 ақпанда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің (2002), ҚР Денсаулық сақтау министрінің (2004) құрметті граматоларымен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астанаға 10 жыл» (2008) мерейтойлық медальдарімен марапатталған.

Денсаулық сақтау ісінің үздігі (2006).

46 жыл бұрын (1968) Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қ УАН Ғ АНОВ Фархад Шаймұратұлы дүниеге келді.

Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған. В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекет басқарудың Ұлттық жоғары мектебін бітірген. Инженер-системотехник, мемлекеттік басқарудың магистрі.

Еңбек жолын Алматы қ. «Казгипросельхоз» аумақтық мемлекеттік жобалау институтында техник болып бастады ҚР ҰҒА Ақпарат және басқару проблемаалары институтында, банк саласында істеген. 1996 ж. ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық Кеңес Хатшылығының аға сарапшысы болып тағайындалды. 1997-2003 жж. дейін ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалау жөніндегі агенттікте, ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөнідегі агенттікте, ҚР Президенті Әкімшілігінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. 2003 ж. ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі болып тағайындалды. 2005-2007 жж. ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің бөлім меңгерушісі, кейін басшысының орынбасары болып істеді. 2007-2008 жж. - ҚР Білім және ғылым вице-министрі. 2008 жылдан 2010 жылғы сәуірге дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы. 2010 жылдың сәуірінен - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары.

46 жыл бұрын (1968) ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі ЖА ҚЫ ПОВА Светлана Қабыкенқызы дүниеге келді.

Қарағанды қаласында туған 1991 жылы Целиноград Мемлекеттік педагогикалық институтын, 2006 жылы Алматы Экономика және статистика академиясын аяқтады. 1984 - 1986 жылдары Қарой бастауыш мектебінде ұзартылған күн тобының тәрбиешісі, бастауыш сыныптардың мұғалімі болып жұмыс істеді; 1986 - 1991 жылдары - Целиноград Мемлекеттік педагогикалық институтының студенті; 1991 - 1995 жылдары - № 16 орта мектебінде, № 36 бастауыш орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып; 1997 - 1998 жылдары «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМКҚ Ақмола қалалық бөлімшесі операциялық есеп жүргізу бөлімінің аға маманы, бас маманы; 1998 - 2001 жылдары «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМКҚ Ақмола (Астана) қалалық филиалының экономикалық талдау бөлімінің бас маманы, бастығы, филиал директорының орынбасары; 2001 - 2008 жылдары «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМКҚ Ақмола облыстық филиалының директоры; 2008 - 2011 жылдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті директорының міндетін атқарушы, директоры; 2011 - 2013 жылдары - «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Жобалау офисі бағдарламалар басшысы болып қызмет атқарды. 2013 жылғы 19 тамыздан бастап - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. «Құрмет» орденімен марапатталды.

58 жыл бұрын (1956-2006) 1-ші дәрежелі маман-фотограф НҰРЖАНОВ Еркебұлан Құрмашұлы дүниеге келді.

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы ауданында туған. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын (қазіргі Сакен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті) бітірген.

Жоғары оқу орнында оқи жүріп «Целиноградская правда», «Коммунизм нұры», «Фройндшафт» және басқа да газеттерде фототілші болып істеген. 1977-1978 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Таман дивизиясы атындағы кеңшардың агрономы. 1978-1990 жылдары - Солтүстік Қазақстан аудандық «Совхозная жизнь», облыстық «Ленин туы» газеттерінің фототілшісі болды. 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасына іссапарға жіберілген. 1990-1997 жылдары - ҚазТАГ-тың Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары бойынша фототілшісі. 1998-2002 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-министрлері Нұрлан Балғынбаевтың, Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Иманғали Тасмағамбетовтың жеке фотографы. 2003-2006 жылдары - «ҚазАқпарат» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының фототілшісі қызметтерін атқарған.

Швейцарияның Давос қаласында өткен Халықаралық фотокөрмеде «Қазақстан туралы» суреттерін көпшілік назарына ұсынған.

2005 жылы 26 желтоқсанда Астана қаласындағы «Интерконтиненталь» қонақ үйінде танымал фототілші Еркебұлан Нұржановтың авторлық көрмесі өтті. Көрме автордың 50 жылдық мерейтойы мен кәсіби шығармашылығының 30 жылдығына орайластырылып ұйымдастырылды. Оның жеке мұрағатында 25 мыңға жуық фотосурет бар. Бұл көрмеге қойылған ең таңдаулы суреттер Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайына сыйлық ретінде тарту етілген.

«Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалімен, БЛКЖО Орталық Комитетінің «Үздік оқығаны үшін» белгісімен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің үш дүркін Құрмет грамоталарымен марапатталған.

7 2 жыл бұрын (1942) Ресей халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лаукреаты, Ұлттық «ТЭФИ» телевизиялық сыйлығының лауреаты, Мәскеу бейбітшілік қорының вице-президенті ШАКУРОВ Сергей Каюмович дүниеге келді.

70 жыл бұрын (1944) Суданның 1989 жылдан бергі дара билеушісі, 1993 жылдан ел президенті және премьер-министрі Омар Хасан Ахмед аль-Башир дүниеге келді.