Бұл туралы «Қазгидромет» РММ хабарлады.
Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшейеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі, аздап көктайғақ, күндіз желдің екпіні 18 м/с жетеді, бұрқасын.
Қарағанды, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіліп, жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде аздап бұрқасындатуы ықтимал. Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде түнде көктайғақ, Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде де тұман күтіледі.
Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-22 м/с жетеді.