ОРАЛ. 25 қазан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы тоғыз айда 53,0 млрд. теңгенің ауылшаруашылық өнімдері өндірілді.
Облыстық статистика департаментінен хабарланғанындай, соның ішінде 18,1 млрд. теңгенің өсімдік, 34,6 млрд. теңгенің мал шаруашылығы өнімдері шығарылды.
Жыл басынан бері өңірде 50,2 мың тонна ет (өткен жылғымен салыстырғанда - 97 пайыз), 190,2 мың тонна сүт (97,9 пайыз), 107,1 млн. дана жұмыртқа (101,1 пайыз) өндірілді.
Биылғы 1 қазанға 414,7 мың бас ірі қара (өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда - 98,2 пайыз), 806,7 мың қой (103,8 пайыз), 198,1 мың ешкі (96,6 пайыз), 88,9 мың жылқы (109 пайыз), 3,3 мың түйе (95,7 пайыз), 23,8 мың шошқа (90,4 пайыз), 996,1 мың құс (100,4 пайыз) санаққа ілікті.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).