Түнде республиканың солтүстігінде кейбір жерлерде тұман түседі. Алматы, Батыс Қазақстан, күндіз Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғуы, күн күркіреуі күтіліп отыр. Маңғыстау, Атырау, Қарағанды облыстарының кейбір жерлерінде найзағай жарқылдайды.
Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі ықтимал. Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кейбір жерлерінде аптап ыстық болады, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының көп бөлігінде, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қостанай облыстарының кей жерлерінде күндіз күн қатты ысиды.