1 млн жасыл желек: Президент елорданы көгалдандыру жоспарымен танысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Президентке елорданы көгалдандыру және абаттандыру жоспары таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, биыл қала аумағында 1 миллионнан астам жасыл желек, атап айтқанда түрлі ағаш көшеттері мен көпжылдық гүлдер отырғызу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ Есіл өзені бойындағы рекреация аймақтарына және саябақтарға жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Мемлекет басшысы қала тұрғындарының демалысына қолайлы жағдай жасау маңызды екенін атап өтіп, елорданы абаттандыру ісіне баса назар аударатынын айтты.