«1970 жылдары салынғаннан бері аталмыш жолдың бұл учаскесінде қайта немесе күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Жол жүргені үшін осы учаскеде ақы алынбайды. Автокөліктердің қауіпсіздігі мен тұрақты қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ техникалық сипаттамаларды жақсарту үшін 2023 жылдың желтоқсан айында жалпы ұзындығы 12,3 км болатын осы учаскеде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге келісімшарт жасалды. Аталған жұмысты жүзеге асыру 2024-2025 жылдарға жоспарланған. Сол үшін 1 сәуірден бастап құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру үшін осы аумақта көлік қозғалысына шектеу енгізіледі. Көлік ағынының барлық түрлері үшін Күйік асуы арқылы жаңадан салынған айналма жол арқылы қозғалысты ұйымдастыру жоспарланған», – деп хабарлады «ҚазАвтожол» компаниясы.
Қазіргі таңда жол жөндеу үшін дайындық жұмыстары басталды.