10 шілдеде Қазақстанның көп бөлігінде күн ыстық болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 10 шілдеде Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Алматы, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Түнде Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, найзағай кезінде жел 18 м/с-ге күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел найзағай кезінде 15-22 м/с-ге күшейеді, бұршақ болуы ықтимал. Алматы,  Жамбыл облысында, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.

Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды  облыстарының   кей жерлерінде  өте жоғары өрт қауіпі сақталады.