106 күнде Олимпиада алауымен 12 мың адам жүріп өтті

АСТАНА. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат - Ванкуверде олимпиадалық алау эстафетасы аяқталып келеді.

Бұл - Олимпиада тарихындағы ең ұзақ эстафета болып отыр: 106 күнде алау 45 мың шақырымды жүріп өтті.

Олимпиада алауының маршруты елдің үлкен қалалары арқылы өтті. Эстафетаға 12 мыңға жуық адам қатысты. Әр адам 300 метр қашықтықты жүріп өтті.