107 жастағы кейуана «Алтын алқа» белгісін алды - Павлодар

ПАВЛОДАР. 14 наурыз. ҚазАқпарат - Павлодар қаласының қарт тұрғындарының бірі Рақыш Мұхаметова мемлекеттік «Алтын алқа» белгісі берілді, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Павлодар қаласының әкімі Оразгелді Қайыргелдінов кейуананың үйіне барып, медаль мен гүл табыс етті.

 Рақыш Махмұтова 1905 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Бүгінгі күні Рақыш әже көпбалалы ана, оның 26 немересі мен 29 шебересі бар.