11 СӘУІР . ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА.11 сәуір. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 11 сәуірге арналған күнтізбесін ұсынады.

11 СӘУІР, ЖҰМА

Халықаралық фашистік концлагерьлер тұтқындарын босату күні. 1945 жылғы сәуірдің 11-інде Бухенвальд концлагерінің астыртын комитеті қарулы көтеріліс ұйымдастырып, тұтқындар азаттық алды. Сол кезден бастап барлық елде Халықаралық фашистік концлагерьлердегі тұтқындарды босату күні атап өтіледі.

Уганда Республикасының бостандық күні. Уганда - Африканың шығысында орналасқан мемлекет. Астанасы - Кампала қаласы. Мемлекеттік тілі - ағылшын тілі. Ақша бірлігі - уганда шиллингі. Мемлекеттік құрылысы - әскери тәртіп. Мемлекет басшысы - президент.

Паркинсон дертімен кресудің бүкіләлемдік күні. Бұл күн ДДСҰ бастамасы бойынша аталып өтіледі. 1997 жылы ЦНС дертін клиникалық тұрғыда анықтаған дәрігер Джеймос Паркинсоннің құрметіне белгіленген. Паркинсон дерті - орталық жүйке жүйесінің ауруы. Бүгінге дейін аталған дерттің емі табылған жоқ.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

14 7 жыл бұрын (1867) Верный бекінісіне қала мәртебесі беріліп, Түркістан генерал-губернаторлығының құрамындағы Жетісу облысының әкімшілік орталығы болды.

2 2 жыл бұрын (1992) Қарақалпақстанда «Достық туы» газеті қазақ тілінде жарық көрді.

1 7 жыл бұрын (1997) Оралда «Жайық пен Оралдың қазақтары» атты қоғамдық бірлестік құрылды.

9 жыл бұрын (2005) Астанада дарынды балалардың «Ғылым әлемін ашамыз» деген тақырыппен бірінші халықаралық конференциясы өтті. - 2005-2007 жылдардағы «ҚР ғарыш саласын дамыту туралы» мемлекеттік бағдарлама аясында және де ЮНЕСКО қолдауымен 2005 жылды Физика жылы деп жариялануы шеңберінде Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы ұйымдастырушысы.

Конференцияға Венгрия Республикасының ғарышкері Берталан Фаркаш, Ресей Федерациясының ғарышкері Александр Викторенко, Space Camp Халықаралық ғарыш лагері жобасының өкілі Скотт Вудхам, Байқоңырдағы Халықаралық ғарыш мектебінің директоры Шаталов Дмитрий Владимирович сынды құрметті қонақтар қатысты.

Шара аясында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мектеп оқушыларының ғарыштық тақырыптарға арналған ғылыми-техникалық жобаларының көрмесі ұйымдастырылды.

8 жыл бұрын (2006) Ақтауда «Маңғыстау экологиясы - студенттердің көзімен» жинағы жарық көрді. Бұл кітапқа өткен жылдың қараша айында Ақтауда өткен экология жөніндегі бірінші облыстық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жинаққа Маңғыстау облысының, Каспий теңізінің табиғатын қорғау, техногендік әсер етулердің салдарынан топырақ қабатының ластануы сияқты өзекті проблемаларға арналған маңғыстаулық студенттердің қазақ және орыс тілдеріндегі 30-дан астам баяндамасы кіріп отыр. Сондай-ақ, қоршаған ортаға антропогендік әсер етулер мен аймақтың экологиялық жағдайын жақсартудың жолдарына қысқаша талдама берілген. Бұл туындының жарыққа шығуына Маңғыстау облысында экологиялық білімді үйлестіру жөніндегі ғылыми кеңес пен облыстық табиғат басқармасы ұйытқы болды.

8 жыл бұрын (2006) Орал қаласындағы №26 орта мектепте Пушкин кабинеті ашылды. Қазақстандағы Пушкин жылына орай ашылған кең де жарық кабинетте ұлы ақынның туындылары, өмірі мен шығармашылығы туралы кітаптар, портреттер мен суреттер, түрлі деректер орын алған. Кабинеттің ашылу рәсімінде мектеп оқушыларының күшімен концерт қойылып, қазақ және орыс тілдерінде әндер шырқалды, өлеңдер оқылды.

8 жыл бұрын (2006) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Заң электроэнергетика саласындағы концессиялық қарым-қатынастарды дамытуға бағытталған. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

8 жыл бұрын (2006) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының көлік стратегиясы туралы Жарлыққа қол қойды.

7 жыл бұрын (2007) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының бірі, жазушы, аудармашы Спандияр Көбеевтің (1878-1956) таңдамалы шығармалары жарық көрді.

Жинақ орта мектеп оқушылары мен мұғалімдеріне, жоғары оқу орындарының студенттері, аспиранттары, оқытушыларына арналған және кітапқа жазушының «Үлгілі тәржіма» және «Үлгілі бала» атты туындылары да енген.

7 жыл бұрын (2007) «Тұран-профи» халықаралық кәсіптік академиясында кәсіпкерлерді ақпараттық технологиялар саласында оқытуға арналған Ақпараттық технологиялар орталығы ашылды.

Аталған орталық «ЭксонМобилҚазақстан» компаниясының қаржылық демеушілігімен және Астана қаласы Салық комитетінің қолдауымен құрылды. Онда кәсіпкерлер компьютерде жұмыс істеу біліктілігін арттырып, бірқатар арнайы бағдарламаларды меңгере алады. Шағын және орта бизнес субъектілері ретінде тіркелген кәсіпкерлер «Компьютерлік сауаттылық», «Бухгалтериялық есеп», «1С: Бухгалтерия», «Салық есебінің электронды формалары», «Салық пен құқық» курстарынан өтеді.

1 8 жыл бұрын (1996) Каирде Африкадағы ядросыз аймақ құру туралы келісімге қол қойылды.

ЕСІМДЕР

8 4 жыл бұрын (1930-1996) инженер-металлург, техника ғылымының докторы, профессор Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі ФИАЛКОВ Борис Соломонович дүниеге келді.

Украинаның Харьков қаласында туған. Орал политехника институтын бітірген.

1952-1957 жылдары КСРО Қара металлургия министрлігінің «Оралэнергоқармет» мекемесінде инженер, аға инженер, 1957-1963 жылдары Орал политехника институтында аға инженер, кіші ғылыми қызметкер болған. 1963-1966 жылдары Қара металлургия орталық ғылыми-зерттеу институтының Қазақ филиалында ғылыми хатшы, зертхана меңгерушісі. 1966-1975 жылдары Бүкілодақтық көмір институтының зертхана меңгерушісі. 1975-1989 жылдары Қазақ КСР ҒА Химия-металлургия институтының зертхана меңгерушісі. 1989-1992 жылдары осы институт директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары. 1994 жылы ҚР Минералдық шикізатты кешенді өңдеу жөніндегі Ұлттық орталықтың бұйрығымен Химия-металлургия институтының директоры болып тағайындалып, өмірінің соңына дейін жемісті еңбек етті.

Негізгі ғылыми еңбектері қара металдар металлургиясына арналған. 4 монографияның және 300-ден аса ғылыми мақаланың, 50 авторлық куәлік пен өнертапқыш патенттің авторы. 19 кандидаттық және 3 докторлық диссертацияның жетекшісі болған.

7 4 жыл бұрын (1940) Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, физика-математика ғылымының докторы, профессор, Америка геофизикалық одағының мүшесі, К.Э.Циолковский атындағы Халықаралық космонавтика академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Астрофизикалық зерттеулер орталығы» мемлекеттік мекемесі, «Ионосфера институты» мемлекеттік еншілес кәсіпорнының директоры ДРОБЖЕВ Виктор Иванович дүниеге келді.

Ресей Федерациясының Алтай өлкесінде туған. Томск мемлекеттік университетін бітірген.

В.И Дробжев - Қазақ КСР Ғылым академиясының Ионосфера секторының инженері (1962-1964), аспиранты (1964-1967), кіші ғылыми қызметкері (1967-1968), 14 Кеңес антарктикалық экспедициясының аға ғылыми қызметкері (1968-1970), аға ғылыми қызметкер (1970-1983), Физика-математика бөлімшесі академик-хатшысының орынбасары (1990-1994), Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының президенті - ғылым министрінің орынбасары (1996-1999), қызметтерін атқарған. Қазір Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Астрофизикалық зерттеулер орталығы» мемлекеттік мекемесі «Ионосфера институты» мемлекеттік еншілес кәсіпорнының директоры (1983 жылдан) қызметін атқарады

Радио және геофизика саласының ірі маманы В.И.Дробжев ортаендік ионосферасының динамикалық процестерінің толқындық табиғатының тұжырымдамасын негіздеді, сонымен қатар олардың радио және геофизика болжамын жасады. Ол басқа бағытты дамытудың - жер маңы ғарыштық кеңістігіндегі табиғи және антропогенді құбылыстардың (жарылыстар, жер сілкіністері, ғарыш аппараттарын ұшыру, күннің жарқыл шығаруы) қарқынды кезінде болатын динамикалық процестерді зерттеуді дамытудың бастамашысы болды.

Ол Қазақстан Республикасының ғылым, техника және білім саласындағы Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комиссиясының қолданбалы проблемалар секциясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық кеңестің мүшесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Төралқасының мүшесі, докторлық диссертация қорғау жөніндегі арнаулы кеңестің төрағасы, Институттың іргелі зерттеулер бағдарламасының және бірқатар қолданбалы жобалардың ғылыми жетекшісі болып табылады. Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының президенті - Ғылым министрінің орынбасары бола жүріп, қазақстандық ғылымды сақтап қалу мен дамытуда, атап айтқанда, республика ғылымының басқару жүйесін жетілдіруде, мақсатты ғылыми бағдарлама құруда, бағдарламалардың мемлекеттік тәуелсіз сараптамасын өткізуде, бірыңғай ақпараттық кеңістік құруда, мамандарды құрылымдық-балансталған түрде даярлауда көп еңбек етті. Үкіметтік жұмыс тобының мүшесі ретінде «Қазақстан Республикасында ғарыштық қызметті 2005-2007 жылдарда дамыту» мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуге қатысты, бұл құжат 2005 ж. 25 қаңтарында ел Президентінің Жарлығымен бекітілген болатын. Ол Қаныш Сәтбаевтың 100 жылдығына орай өткізілген «Қазақстан ғылымы - өткен күннен болашаққа» атты көрмені әзірлеу барысында үлкен қажырлылық көрсетті. Көрме Парижде 1999 жылы 15-ші сәуірінен 23-іне дейін ЮНЕСКО шеңберінде өтті.

200-ден астам ғылыми жұмыс пен 2 монографияның, 11 өнертабыстың авторлық куәліктерінің иегері, ол 1 доктор және 12 ғылым кандидатын даярлады.

5 медальмен, «КСРО өнертапқышы» белгісімен, Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасымен марапатталған.

7 3 жыл бұрын (1941) физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі ТӘШЕНОВ Болат Төлешұлы дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында туған. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), Қазақ КСР Ғылым академиясы В.Фесенков атындағы Астрофизика институтының аспирантурасын бітірген. 1964-1984 жылдары - Қазақ КСР Ғылым академиясы В.Фесенков атындағы Астрофизика институтының кіші, аға ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі. 1984-2004 жылдары - Қазақ КСР Ғылым академиясы В.Фесенков атындағы Астрофизика институтының директоры қызметтерін атқарған. 2004 жылы зейнет демалысына шыққан. Негізгі ғылыми еңбектері атмосфералық оптикаға арналған. 90-нан астам ғылыми жарияланымның авторы.

65 жыл бұрын (1949) британдық «Canamens Energy» мұнай компаниясы филиалының директоры НҰРӘЛИЕВ Сағындық Кәрімұлы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. қазақ мемлекеттік университетін, Бүкілодақтық сыртқы сауда академисын бітірген. 1986-1989 жылдары - «Гранит» Алматы өндірістік-техникалық кәсіпорнының аға инженері, 1-ші санатты инженері. 1989-1990 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Іс басқармасы сыртқы байланыс бөлімінің бас маманы. 1991-1992 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті және Министрлер Кабинеті Аппаратының аға референті, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары, Сыртқы істер министрлігі Орта, Таяу Шығыс және Африка бөлімінің бірінші хатшысы. 1992-1995 жылдары - Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшілігінің бірінші хатшысы, Қазақстан Республикасы Шет ел инвестициялары жөніндегі ұлттық агенттігінің, Шет елдік капиталды пайдалану жөніндегі комитетінің басқарма бастығы. 1995-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының бөлім меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі. 1997-1998 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі басқармасының бастығы - 2-ші департаменті директорының орынбасары. 1999 жылдан - «British Petroleum (BP)» компаниясының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы. 2003 жылдан «Kazakhstan Petroleum» қауымдастығы басқармасының төрағасы Қазіргі қызметінде 2009 жылдан бастап істейді.

64 жыл бұрын (1950) Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ балалар мен жасөспірімдер театрының актері СЕЙІТМАМЫТҰЛЫ Балтабай дүниеге келді.

Алматы облысында туған. М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театры жанындағы театр студиясын, Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын бітірген. «Жүрегім ашық жақсыға» пьесасының, спектакльдерге жарияланған рецензиялардың авторы. 1974 жылдан С.Сейфуллин атындағы драма театрының актері. 1976 жылдан Г.Мүсірепов атындағы академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері. 1978 жылғы маусымнан - республикалық «Гүлдер» ансамблінің актері. 1978 жылғы қыркүйекиен М.Әуезов атында,ы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері.

57 жыл бұрын (1957) ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық департаментінің директоры БИСМІЛДИН Файзолла Бөкейұлы дүниеге келді.

53 жыл бұрын (1961) ҚР Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы МУСИНОВ Асқар Ахметұлы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. А.Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетін бітірген. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін Ливияда әскери аудармашы болып істеген. 1987-1991 жылдары - Қазақ КСР Сырты істер министрлігінің екінші, бірінші хатшысы. 1991-1992 жылдары - Ресей Федерациясының Сауд Арабиядағы елшілігінің екінші хатшысы. 1993-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Аппараты халықаралық бөлімінің аға референті, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консульдік қызмет департаментінің бастығы, Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы елшілігінің бірінші хатшысы - консульдік бөлімінің меңгерушісі. 1996-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Бас консульдік басқармасының бастығы, Консульдік қызмет департаментінің директоры. 1997-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бастығы. 1999-2002 жылдары - Қазақстан Республикасының Мысырдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2001-2002 жылдары - Қазақстан Республикасының Морокко, Тунис және Алжирдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушы. 2002-2006 жылдары - Қазақстан Республикасының Сауд Арабия Корольдігіндегі Елшісі және Бахрейн Корольдігіндегі, Куәйт Мемлекетіндегі, Оман Сұлтанатындағы, Катар мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушы. Қазіргі қызметін 2006 жылдан бастап атқарады.

ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен және медальдармен марапатталған.

3 4 жыл бұрын (1980) «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма бастығы БИШІМБАЕВ Қуандык Уәлиханұлы дүниеге келді.

Қызылорда қаласында дүниеге келді. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетін, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Дж. Вашингтон Университетін бітірді.Экономика ғылымдарының кандидаты. 2001 ж. - «Қазақстанның даму банкі» АҚ менеджері, бас менеджері. 2002-2003 жж. - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары. 2003-2004 жж.- «Ұлттық инновациялық қоры» АҚ басқарушы директоры, басқарма мүшесі. 2004-2005 жж - «Маркетингтік және талдау зерттеулер орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, басқарма мүшесі. 2005 ж.- «Ордабасы» Корпорациясы» АҚ вице-президенті, «Интеркомшина» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы. 2005-2006 жж. - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі. 2006ж. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарының кеңесшісі. 2006-2007 жж.- Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі жанындағы «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Президенті. 2007 ж. - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі. 2008-2009жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторингі бөлімінің меңгерушісі. 2009-2010 жж. - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі. 2010 ж. - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда вице-министрі. 2011-2013 жж «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қор» АҚ-ның Директорлар Кеңесінің төрағасы. 2013 жылдан қазіргі қызметінде.

120 жыл бұрын (1894-1965) кеңестік цирк әртісі, иллюзионист, атақты иллюзионистер әулетінің негізін қалаушы Эмиль КИО дүниеге келді.

66 жыл бұрын (1948) кеңестік футболшы және ресейлік футбол жаттықтырушысы, Ресейдің еңбек сіңірген жаттықтырушысы ЯРЦЕВ Георгий дүниеге келді.

60 жыл бұрын (1954) кеңестік және ресейлік театр және кино актері, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, Ресей халық әртісі, профессор ГАРКАЛИН Валерий Борисович дүниеге келді.

4 6 жыл бұрын (1968) ресейлік фантаст-жазушы ЛУКЬЯНЕНКО Сергей дүниеге келді.