11 шілде, СӘРСЕНБІ
Моңғолияның Ұлттық мейрамы - «Наадам». 1921 жылдан бастап аталып өтіледі.
Халықтардың бүкілдүниежүзілік күні. БҰҰ-ның бастамасымен 1987 жылдан бастап атап өтіледі. Сол жылы 11 шілдеде БҰҰ демографтарының есебі бойынша жердің бес миллиардыншы тұрғыны дүниеге келді. 2001 жылғы мәлімет бойынша жер тұрғындары 1,1 млрд. адамға көбейген. БҰҰ сарапшыларының болжамдарына қарағанда, соңғы 45 жыл ішінде адам саны 9 миллиардқа дейін артуы мүмкін. Бірақ, дамыған мемлекеттердің тұрғындары көбеймейді, 1,2 млрд. деңгейде тұрақталады. 2050 жылы Германия, Италия, Жапония, Украина және Ресей сынды 50 мемлекет тұрғындарының саны 2005 жылға қарағанда төмен болады. БҰҰ баяндамасына қарағанда адамдардың орташа өмір сүру деңгейі 1950-1955 жылдары 46 жас болса, 2000-2005 жылдары 64 жас. Яғни, адамдардың өмір сүру деңгейі 18 жылға өскен. 2050 жылы орташа өмір сүру деңгейі - 75, ал дамыған мемлекеттерде 82 жас болады деп күтілуде.
2006 жылдың басындағы мәліметтер бойынша Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің халқы 279 миллион адамды құрайды.
2009 жылдың 25 ақпаны мен 6 наурызы аралығында өткізілген ҚР Ұлттық санағының мәліметтері бойынша, ел халқының саны 16 млн. 402 мың адамға жетті. Республика аумағында 120-дан астам ұлт өкілдері (этностар мен этникалық топтар) тұрады.
Дүниежүзілік шоколад күні. 1995 жылы алғашқы рет француздар шоколад күнін ойлап тапты. Шоколадты жасауды бірінші ацтектер үйренді деген пікір қалыптасқан. Олар оны «құдайлар асы» деген. Еуропаға алғаш жеткізілген Испан конкистадорлары бұл тәттіге «қара алтын» деген атау берді және оны дене күшін нығайту үшін пайдаланды. Біраз уақыттан кейін Еуропада шоколадты ақсүйектер әулеті ғана пайдаланды. Танымал әйелдер шоколадты афродизиак деп есептеді. Терезаның анасы шоколадқа құмары болды, ал Помпадур ханым шоколад қана құмарлықты оятады деп сенген. Тек 20-шы ғасырдың басында шоколадты өндіретін өндіріс пайда болғаннан бастап, ақсүйектер әулетіне жатпайтын адамдар да шоколадты рақаттана пайдаланды.
Қазіргі заман ғылымының айтуы бойынша шоколадта демалуға көмек көрсететін, психологияны орнына келтіретін элементтері бар. Шоколадтың күңгірт түрі эндорфинді тудырады, эндорфин - бақыт гормоны, ол қуаныш орталығына әсер етіп, көңіл-күйді жақсартады. Шоколадтың «ракқа қарсы» күшті әсері бар деген болжам да бар және ағзаның қартаюын тежейтін қасиеті бар.
436 жыл бұрын (1576) М. Фробишердің ағылшын экспедициясы Гренландияны ашты.
236 жыл бұрын (1776) Капитан Кук Плимуттан «Discovery»-мен бірге өзінің соңғы сапары - «Resolution»-ға аттанды.
229 жыл бұрын (1783) Француз академиясы болашағы жоқ болуына байланысты пароходтарды ойлап табу жұмыстарын тоқтатты.
93 жыл бұрын (1919) Голландияда 8 сағаттық жұмыс күні енгізілді.
41 жыл бұрын (1971) Питтсбургте «Иисус Христос - супержұлдыз» рок-операсының алғашқы қойылымы болды.
28 жыл бұрын (1984) АҚШ-та 1989 жылға қарай барлық автокөліктерде қауіпсіздік белдіктері болуы керектігі туралы жарияланды.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
35 жыл бұрын (1977) Қазақ минералдық шикізат ғылыми-зерттеу институты құрылды.
15 жыл бұрын (1997) Қазақстандағы Ливан елшілігінде ұлы философ, ғалым, ойшыл, математик, астролог, музыка теоретигі Әбу Нәсір әл-Фарабидің араб тілінде жарық көрген толық шығармалар жинағының тұсаукесер рәсімі өтті.
15 жыл бұрын (1997) Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы қабылданды.
6 жыл бұрын (2006) Алматыда Ресей Сауда-өнеркәсіп палатасының Орта Азиядағы аумақтық өкілдігінің ресми ашылуы өтті.
118 жыл бұрын (1894) Транссібір темір жолы арқылы Петропавл қаласына алғашқы пойыз келіп жетті. Темір жол қатынасының қалыптасуы бұл өлкенің экономикалық және дамуына жасалған негізгі қадам болатын.
7 жыл бұрын (2005) Елбасы «Теңізде мұнай операцияларын жүргізу кезінде өнімді бөлу жөніндегі келісімдер туралы» Заңға қол қойды. Қабылданған заң мұнай-газ саласындағы өнімді бөлу шарты негізіндегі келісімдерді жүзеге асыруда Каспий теңізінің қазақстандық аумағында және Арал теңізінде мұнай операцияларын жүргізу құқығын берумен байланысты құқықтық қатынастарды үйлестіреді.
5 жыл бұрын (2007) облыстық мәслихаттың шешімімен Ақтөбе облысындағы 11 ауыл және 2 ауылдық округтің атауы өзгертілді.
Атап айтқанда, ауылдардың «орыс тілді» атаулары бұрынғы қазақша атауын немесе атақты ақтөбелік және қазақстандықтардың атын алды. Осылайша, Ақтөбенің іргесіндегі Новостепановка ауылы - Кеңес Нокин атындағы ауыл, Алға ауданының Березовка ауылы - Қайыңдысай ауылы, Қобда ауданының Вознесеновка, Пятигорка және Қызылту ауылдары - Қурайлы, Бестау және Егіндібұлақ ауылы деп аталатын болды. Атақты композитор Шәмші Қалдаяқовтың аты Қарғалы ауданының Александровка ауылына берілді. Осы ауданның тағы 2 ауылы - Эрзерум мен Бородиновка - Сарыбұлақ және Қайрақты деп өзгертілді. Сондай-ақ Мартөк ауданының Новомихайловка ауылы енді Байнассай ауылы, Казанка ауылы - Қазан ауылы, Мұғалжар ауданының Юбилейный ауылы Алтынды ауылы деп аталатын болды. Алға ауданының Ключевой округі - Үшқұдық ауылдық округі, Қобда ауданының Белогорский ауылдық округы - Бестау ауылдық округі деп өзгертілді.
3 жыл бұрын (2009) Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы ел аумағында ақпарат таратумен байланысты қарым-қатынастарды мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіруге бағытталған Заңға қол қойды.
ЕСІМДЕР
78 жыл бұрын (1934) танымал итальяндық модельер, сауда-саттық айналымы 4 миллиард еуроны құрайтын әлемдегі ірі дизайнерлік сән үйінің бірі Giorgio Armani S.p.A. компаниясының жалғыз акционері, атқарушы директоры әрі президенті АРМАНИ Джорджио дүниеге келді.
Италияның Пьяченца қаласында туған. Ол 2 жыл Пьянченца университетінде медицинаны оқығаннан кейін сәнді киімдер жасаумен әуестеніп, Nino Cerruti маркасы үшін ерлер киімін піше бастады. 1975 жылы шілденің 24-інде досы Серджио Галеоттимен бірге Giorgio Armani S.p.A. компаниясын құрып, ерлер мен әйелдердің дайын киімдерін шығарады. Қазіргі таңда аталған компанияның өнімдері қатарында ерлер мен әйелдер киімі, аяқ киім, сөмке, сағат, көзәйнек, зергерлік бұйымдар, иіс су мен косметикалар, үй тауарлары мен жиһаздар бар.
Джорджио Армани сән саласындағы жұмысында Gran Cavaliere della Repubblica, Commendatore dell'Ordine al Merito della Repubblica (Италиядағы жоғары үкіметтік награда), Үздік халықаралық дизайнер (Award for Best International Designer) және ерлер киімінің коллекциясы үшін Американың Сән дизайнерлері кеңесінің Кәсіби жетістіктері үшін сыйлығы (Lifetime Achievement Award) сияқты бірнеше ұлттық және халықаралық марапатқа ие болды.
Джорджио Армани әлемнің 39 елінде орналасқан 13 фабрика мен 300 эксклюзивті сауда дүкенінің иесі.
112 жыл бұрын (1900-1980) энтомолог, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор ХАРИН Сергей Александрович дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Санкт-Петербордың зоология және фитопатология институтын бітірген.
Қазақ өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институты фитопатология зертханасының ғылыми қызметкері, меңгерушісі, Қазақ ауыл шаруашылық институтының энтомология кафедрасының оқытушысы, доценті, профессоры, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған.
Ол қозаның өсімдігінің, жеміс дақылдарының зиянкестерін жоюдың механикалық тәсілдерін өндіріске ұсынған.
«Справочник по борьбе с вредителями сельскохозяйственных культур в Казахстане» анықтамалығының авторы.
42 жыл бұрын (1970) Ақмола облысы Егіндікөл ауданының әкімі СҰЛТАНОВ Болат Ибрагимұлы дүниеге келді.
Ақмола облысының Есіл ауданында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, «Тұран» университетін бітірген.
Ақмола облысы Атбасар аудандық әкімі аппаратының құқық жөніндегі бас маманы, аудандық салық комитетінде, Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Қазіргі қызметінде - 2007 жылдың қыркүйегінен.
104 жыл бұрын (1908-1983) актер, әнші, композитор, Қазақ КСР-нің халық әртісі ШӘМИЕВ Ахмет дүниеге келді.
Алматы облысының Жаркент қаласында туған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Сахналық өнер жолын 1925 жылы Жаркент қаласындағы драма үйірмесінен бастаған. 1935-1983 жылдары қазіргі Ұйғыр музыкалық комедия театры құрамында актер болған. Ол шет ел және ұйғыр драматургиясы бойынша қойылған спектакльдерге қатысып, Ж.Асимов пен А.Садыровтың «Анарханында» Мұхмуттың, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш - Баян сұлуында» Қодардың рөлдерін сомдаған. «Қазақстан», «Отан», «Колхоз», «Гудок», «Махаббатым» әндерінің авторы. 1957 жылдан «Шоқан Уәлиханов», «Біз Жетісуданбыз», «Егерде біздің әрқайсысымыз», «Жылан жылы» атты киноларға түскен.
«Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған.
44 жыл бұрын (1968) Қостанай қаласының әкімі НҰРМҰХАМБЕТОВ Ғауез Торсанұлы дүниеге келді.
1992 жылы Целиноград ауыл шаруашылық институтын агроном мамандығы бойынша бітірген, 2002 жылы Челябі мемлекеттік университетінде заңгер мамандығын алып шықты, ал 2008 жылы М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін экономика бакалавры мамандығы бойынша тәмамдады, экономика ғылымының кандидаты.
Қостанай облысының мемлекеттік органдарында түрлі басшылық қызметтерді атқарды.
55 жыл бұрын (1957) «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры ТАЗАБЕКОВ Серік Қожаұлы дүниеге келді. Талдықорған облысында туған. Свердлов заң университетін аяқтады (1985). Еңбек жолын Қалалық ішкі істер бөлімінде инспектор, АТП-да жүргізуші, Талдықорған эксперименталды зауытында темір ұстасы қызметінен бастады.
1997-1999 жылдары ҚР Әділет министрлігі Жылжымалы мүлікті және заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі агенттіктің директоры; Заң департаментінің директоры; «Hurricane Kumkol Munai» («PetroKazakhstan») АҚ-ның құқықтық мәселелер бойынша кеңесшісі (1999-2003); заң департаментінің директоры, «ҚазМұнайГаз» Сауда үйі» АҚ бас директорының кеңесшісі (2003-2004); «ҚазРесГаз» бірлескен кәсіпорны АҚ-ның атқарушы директоры (2004-2005); «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалы - ғылыми-өндірістік орталығы директорының орынбасары (2005-2007). Алып отырған қызметінде - 2007 жылдың тамызынан бері.
52 жыл бұрын (1960) Ішкі істер министрлігі Алматы академиясының бастығы ҚҰЛЫБАЕВ Талғат Асқарұлы дүниеге келді. Талдықорған облысының тумасы. КСРО Ішкі істер министрлігі Қарағанды жоғарғы мектебін (1981); КСРО Ішкі істер министрлігінің академиясын бітірді (1988), заңгер.
Еңбек жолын Алматы қалалық атқарушы комитеті Ішкі істер басқармасы Социалистік меншікті тонауға қарсы күрес жөніндегі бөлімнің инспекторы қызметінен бастады (1981-1982). Одан кейін Алматы облысы Ішкі істер басқармасының бастығы (1999-2000); Жамбыл облыстық ІІД Ішкі істер басқармасының бастығы (2000-2005); Оңтүстік-Шығыс Көліктегі ішкі істер департаментінің бастығы (2005-2010) қызметтерін атқарды. Аталған қызметінде - 2010 жылдың қазанынан бастап.
6 медальмен марапатталған, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері.