«Үш жоғары оқу орнының және 10 колледждің 115 студенті тәртіпті сақтауда полиция қызметкерлеріне көмек көрсетеді. Қоғамдық құрылымдардың жүйесін кеңейту, оның ішінде студенттік жасақтардың полицияға көмек қолын созу бойынша жұмыс жалғасатын болады», - деді ІІД басшысының орынбасары, полиция полковнигі Қаныбек Жақсығалиев.
«Қоғамдық тәртіпті сақтауға студенттерді тарту студенттік жастардың арасында да құқық бұзушылықтың алдын алуға оң нәтиже беретін болады. Бұл - құқықтық және патриоттық тәрбие берудің айқын дәлелі. Студенттік жасақтардың мүшелері полиция қызметкерлерімен бірлесіп оқу мекемелерінде, жатақханаларда және оған жататын аумақтарда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысады», - деді Қ. Жақсығалиев.
Студенттік жасақтың мүшелерін арнайы үлгідегі киіммен қамтамасыз ету мәселесі шешілуде.