9 қабатты жаңа үйдегі пәтерлердің кілттерін Павлодар әкімі Ержан Иманислам және жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Сағындық Есімханов тапсырды.
Жаңа үйлерге ие болғандардың арасында - жұмыссыздар, мүгедектер мен облыс орталығының еңбек нарығындағы қажет мамандықтарға арнайы курстарда оқып жатқан жас отбасылар бар.
Жаңа қоныс иелерінің ішінде әлеуметтік баспана құқығына ие 28 павлодарлық отбасы да енген.