«Қазгидрометтің» болжамына сәйкес, аталмыш уақыт аралығында республиканың барлық өңірлерінде жауындар, ал оңтүстік-батысы мен солтүстігінде бұрқасындатып, күшті желдер тұрады.
Елдің оңтүстік бөлігінде ауа температурасы төмендеп, қар түрінде жауын жауады, көктайғақ болады. Агрометеорологтардың пайымдауынша, ауа-райының бұндай жағдайы күзгі дақылдардың қыстан шығуына қауіп туғызбайды. Дегенмен, қысқы бағындық жерлерде мал жайғауды едәуір қиындатуы мүмкін.