13 ақпан БЕЙСЕНБІ
Дүниежүзілік радио күні. 2011 жылғы 3 қарашада ЮНЕСКО Бас конференциясының 36-шы отырысында бекітілген. Халықаралық күнді енгізуге Испания бастамашы болды. Бұл күн кездейсоқ таңдалған жоқ. 1946 жылы БҰҰ өзінің радиоқызметін - БҰҰ радиосын іске қосты.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
9 9 жыл бұрын (1915) Семейде Еуропалық үлгідегі тұңғыш спектакль қойылды. Сахналанатын пьеса болмағандықтан, спектакльдің әдеби негізі ретінде Біржан мен Сараның айтысы алынды. Айтыстың сахналық жүйесін жасап, спектакльді қойған - Жүсіпбек Аймауытов.
2 1 жыл бұрын (1993) «Қазақстанкаспийшельф» теңіз мұнай кәсіпорны құрылды. Кәсіпорынның негізгі мақсаттары - Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты бөлігінің жер қойнауындағы мұнай-газ қорын анықтау, мұнай операцияларын іске асыру, осы аймақтың биоқорларын, минералдық байлық көздерін ашу және жағалаудағы қайраңдық кен орындарының игерілуін тездету, теңіз байлығын қазіргі заманғы техника мен технологияны, шет елдік компаниялардың әлемдік тәжірибесі мен инвестициясын пайдалана отырып игеру, Каспий маңы аймағының өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымын жан-жақты дамыту болып табылады. Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты бөлігінің жер қойнауындағы көмірсутек қорларын зерттеу және игеру жөніндегі кешенді бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында 1993 жылы желтоқсанда Халықаралық мұнай компаниялары консорциумының негізі қаланды. Аталмыш консорциумның штаб-пәтері Алматы қаласында орналасқан. Ақтау мен Атырау қалаларында бөлімшелері бар.
20 жыл бұрын (1994) АҚШ-қа ресми сапары барысында ҚР Президенті Н.Назарбаев екі ел арасындағы демократиялық әріптестік туралы хартияға, ғылым мен техника, ядролық қауіпсіздік саласындағы техникалық ақпарат және ынтымақтастық туралы келісімге, Қазақстан, АҚШ және Ресей арасындағы «Инмарсат-3» жасанды спутнигін ұшыруға байланысты технологиялық кепілдіктер туралы үшжақты келісімге қол қойды, ядролық қаруды таратпау туралы шарт ратификацияланды.
11 жыл бұрын (2003) Алматыда ҚР Президентінің бастамасымен Бейбітшілік және келісім І халықаралық конференциясы өтті.
9 жыл бұрын (2005) «Мемлекет қайраткерлерін мәңгі есте сақтау» бағдарламасының аясында аты аңызға айналған Қазақстанның жазушы-жауынгері Бауыржан Момышұлының 30 томдық шығармалар жинағы жарық көрді. Кітаптың шығармашылық тобына қазақстандық ғалымдар, тарихшылар, жазушылар, журналистер кірді.
8 жыл бұрын (2006) Алматыда ЕҚЫҰ-ның Алматыдағы орталығы мен үкіметтік емес «Демократияға жәрдемдесу орталығы» ұйымы «Дау-жанжалдарды шешудің баламалы әдістері» жөніндегі ақпараттық кітапшаның тұсаукесері өтті. Орыс тілінде шыққан кітап заң, басқару және әлеуметтік сала қызметкерлеріне, үкіметтік емес ұйым өкілдеріне, оқытушылар мен студенттерге арналған. Онда дау-жанжалдарды реттеу туралы ақпараттар мен осы салалардағы тренингтер материалдары топтастырылған.
7 жыл бұрын (2007) Қазақстан Республикасының танымал композиторы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, еңбек сіңірген өнер кайраткері және халық әртісі Кенжебек Күмісбековтің (1927-1987) есімі Ақмола облыстық филармониясының қазақ халық аспаптар оркестріне берілді.
К.Күмісбеков Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Кұмкөл ауылының тумасы, вокал өнері факультетінде музыкалық білім алды, содан кейін доцент Қ.А.Мұхитовтың домбыра класын бітірді.
Ең танымал шығармалары - «Ықылас туралы поэма», «Қорқыт туралы аңыз», «Ой толқыны», «Дала сыры», «Фараби сазы», «Шалқыма» және басқалары.
7 жыл бұрын (2007) қазақ жазушысы, Михаил Шолохов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты Сәбит Досанов Қырғыз Республикасының «Алтын қалам» ұлттық сыйлығының алтын медалімен марапатталды.
6 жыл бұрын (2008) Павлодардағы «Базальт технологиялары» ЖШС-інің жылу сақтайтын материалдар шығаратын жаңа кәсіпорнында алғашқы өнім шығарылды.
Өнімді шығару үшін жергілікті шикізат - Шідертінің шағыл тасы мен Ақмола облысының Алексеевка кенішінің доломиті пайдаланылады. Материал азаматтық және өнеркәсіптік құрылыста кеңінен пайдаланылады. Жаңа өндіріс бұрынғы Павлодар химия комбинатының қайта құрылған цехында іске қосылып отыр.
4 жыл бұрын (2010) Қазақстан Республикасының Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Алматы облысына жұмыс сапары аясында Тілдер сарайының ашылу рәсіміне қатысты. Республикадағы алғашқы және әзірге жалғыз Тілдер сарайының құрылысы Елбасының «Тілдің үштұғырлығы» бағдарламасына сәйкес салынған болатын. Оның құрылысына облыстық бюджеттен 304 млн. теңге қаржы жұмсалды. Жобаның авторы Қазақстан Сәулетшілер одағының мүшесі Нұркен Белдібаев, сонымен қатар ол Талдықорғандағы Достар үйінің де авторы. Тілдер сарайының барлық сыныптары оқу барысына қажетті заманауи жабдықтармен жарақтанған. Бір уақытта онда 80 адам білім алуға мүмкіндік жасалған. Сонымен қатар мұнда сабақ жүргізілетін бөлмелерден басқа 150 орынға есептелген акт залы, облыстық тілдерді дамыту басқармасы қызметкерлерінің кабинеті және орталықтың қазақ, ағылшын және орыс тілін оқытатын оқытушылардың кабинеттері де қарастырылған.
4 жыл бұрын (2010) Петропавлда салтанатты түрде Қан орталығы ашылды.
Қан орталығының өндірістік қуаттылығы жылына 10 мың литр қан. Бұл бес қабатты қосалқы бөлмелері бар ғимарат. Ғимараттың жалпы құны 1,18 млрд теңге.
Петропавлдағы Қан орталығы - Астанадағы орталықтан кейінгі осы бағыттағы екінші медициналық мекеме болып табылады.
2 жыл бұрын (2012) ҚР Президенті «Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік органдары туралы» заңға қол қойды.
2 жыл бұрын (2012) «Назарбаев Зияткерлік мектептері» тәжірибесін тарату мақсатында Педагогикалық шеберлік орталығы құрылды.
1 жыл бұрын (2013) Астана қаласында Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығында омыртқаға бірегей операция жасалды.
1 жыл бұрын (2013) Қазақстан Республикасының алғашқы ұлттық спутник арнасы телевизия өндірісінің соңғы үрдістеріне жауап беретін жаңа графикалық әдіптеумен хабар тарата бастады. Kazakh TV - қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тәулік бойы хабар тарататын ақпараттық-танымдық телеарна. Арна «Хабар» агенттігі» АҚ құрылымына кіреді.
516 жыл бұрын (1498) алғаш рет жазбаша түрде «бухгалтер» сөзі пайдаланылды. Неміс тілінен тікелей аударғанда «кітапұстаушы» деген мағынаны білдіреді.
ЕСІМДЕР
78 жыл бұрын (1936-1991) жазушы, очеркші, КСРО Журналистер одағы сыйлығының лауреаты МУСИН Жанайдар Баймырзаұлы дүниеге келді.
Ақмола облысы Зеренді ауданында туған. Көкшетау педагогикалық училищесін, С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.
Еңбек жолын «Көкшетау правдасы» облыстық газетінде әдеби қызметкер болып бастаған. 1963-1965 жылдары - Қостанай облыстық «Путь к коммунизму» - «Коммунизм жолы» газетінің жауапты хатшысы. 1965-1968 жылдары - Қостанай облыстық «Коммунизм жолы» газеті редакторының орынбасары. 1968-1971 жылдары - Талдықорған облыстық «Октябрь туы» газеті редакторының орынбасары. 1971 жылдан Көкшетау облыстық «Көкшетау правдасы» газетінің редакторы қызметін атқарған.
Оның «Ақ алаң», «Туған үйдің түтіні» романдары, «Қанат ұшқанда қатаяды», «Адам еңбегімен даңқты», «Таң нұры» очерктері және «Үміт» атты әңгімелер жинағы бар.
«Құрмет белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.
73 жыл бұрын (1941) Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры балет труппасының меңгерушісі МАЛЬБЕКОВ Эдуард Джабашович дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтын бітірген.1958 жылдан Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жоғары санаттағы балет солисі.1984 жылдан осы театр директорының орынбасары. 1986 жылдан - А.Селезнев атындағы Алматы хореография училищесінің директоры. 1988 жылдан - «Салтанат» мемлекеттік ән-би ансамбілінің қоюшы-балетмейстері, труппа меңгерушісі. 1990 жылдан - «Гүлдер» ансамблінің жаттықтырушы-педагогы.1995 жылдан - Сүйімбай атындағы Алматы облыстық филармониясының балетмейстері. 2000 жылдан - А.Селезнев атындағы Алматы хореография училищесінің көркемдік жетекшісі. Қазіргі қызметінде - 2002 жылдан бері. Оның басшылығымен А.Бородиннің «Половец билері», Х.Монтойнның «Хикуэлина» спектакльдері және басқа да шығармалар қойылды. ҚР халық әртісі Г.Тұтқабаева туралы монографияның авторы.
«Құрмет белгісі» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен, ҚР құрмет грамотасымен марапатталған.
61 жыл бұрын (1953) Семей қаласы мемлекеттік медицина университетінің ректоры РАХЫПБЕКОВ Төлебай Қосиябекұлы дүниеге келді. Медицина ғылымдарының докторы, профессор. Шығыс Қазақстан облысынта туған. 1976 жылы Семей мемлекеттік медицина интитутын емдеу ісі мамандығы бойынша тамамдады. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін заңгер - құқықтанушы мамандығы бойынша бітірді. 2000 жылы О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған Университетін экономист - менеджер мамандығы бойынша бітірді. 2001 жылы медицина ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтаудағы жаңа экономикалық қатынастар теориялық негіздері мен практика» диссертациясын қорғады.мс160 ғылыми жұмыстар, 17 әдістемелік нұсқаулар, 5 монографиялар, 5 оқу құралдары аваторы болып табылады. 1972ж. - 1990ж. - цехтық дәрігер, бас дәрігер орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы, Лениногорск қ. «Лениногорсксвинецстрой» тресі медсанбөлімінің бас дәрігері болды. 1994ж. - 1997ж. - Алматы қ., Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі төтенше және медикобиологиялық мәселелер бас басқармасы бастығы, Жезқазған облысы денсаулық сақтау департаменті бастығы, Қарағанды облысы денсаулық сақтау департаменті бастығының орынбасары қызметінде болды. 1998ж. - 1999ж. - Қазақстан Республикасы білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің денсаулық сақтау комитетінің төрағасы. 1999ж. - 2002ж. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі. 2002ж - 2007ж. - «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының әлеуметтік жұмыс бойынша басқармасы бастығы. 2007 жылы - Семей мемлекеттік медицина академиясы ректоры. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты, халықтың денсаулығын сақтау және оны әлеуметтік қорғау бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Комитеті Төрағасы орынбасары, ТМД Парламентаралық Ассамблеясы әлеуметтік саясат және адами құқықтар бойынша комиссия төрағасының орынбасары, жұмыспен қамтуға көмек көрсету Республикалық Қорының тексеру комиссиясының төрағасы болып сайланды. АҚШ-та тағылымдамадан өтті «Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру» (1995ж.), «Аурухана мекемелерін басқару» жөніндегі АҚШ (1997), Ресейде, Түркияда, АҚШ, Испанияда, Германияда және басқа мемлекеттерде семинарларға қатысты. Көп жылғы табысты еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан темір жолына 100 жыл», «ҚР Парламентінің 10 жылдығына», «Саяхат пен спортты дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін» саяхат және спорт министрлігінің белгісімен аталды, «Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының құрметті азаматы», «Қазақстанның еңбегі сіңірген қайраткері.
60 жыл бұрын (1954) Алматы қаласы Түркісіб ауданының әкімі УСТЮГОВ Владимир Николаевич дүниеге келді. Ресейдің Пермь облысында туған.1978 -1984 Киев қ. Азаматтық авиация инженерлер институтының механика фаультетін, 1989 -1992 ж. Қазақстанның Экономика менеджменті және болжау институтын бітірген. 1971 -72 ж.ж. Алматы облысы Түрген ауылы, Түрген механикалық жөндеу зауытының слесары. 1972-74 Славянск қаласы, Донецк облысы Славян азаматтық авиациясы техникалық авиация училищесінің курсанты 1974 -76 Приморск өлкесі КТФ Авиациасы Әскери күштерінде қызметте болды. 1976 ж. Алматы қ. Алматы Авиация техникалық базада техник, бригадир, инженер, партком хатшысы. 1989 -90 ж. Алматы қаласындағы Алматы қаласы Жоғарғы партия мектебінің тыңдаушысы. 1990 -91 ж. Алматы қ. Алматы қаласының бірлескен авиажасақ партком хатшысы 1991ж. Алматы қаласының Октябрь аудандық партия комитетінің II хатшысы 1991-94ж. Алматы қаласының Октябрь аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары 1994 ж. Алматы қ. Президент аппаратының және ҚР Министрлер Кабинетінің мемлекеттік инспекторы 1994ж. - Мәскеу ауданының басшысы .1997ж. Алматы қ. Әуезов ауданы әкімінің І-ші орынбасары 1997ж. Алматы қ. Әуезов ауданының әкімі. 2006-2007 жылдары - Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры. Қазіргі қызметінде - 2007 жылғы қарашадан бері. «Құрмет» орденңмен, медальдармен марапатталған. 5 6 жыл бұрын (1958) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі ДҮЙСЕНҒАЛИЕВ Жалғас Мәтешұлы дүниеге келді. Атырау облысында туған. Атырау мұнай және газ институтын бітірген, мамандығы бойынша кен инженері-геолог. 1976-1978 жж. - Кеңес Армиясы қатарында қызмет атқарған. 1983-1987 жж.- «Қазобувьторг» Гурьев облыстық базасының учаске щебері. 1987-1993 жж. - Гурьев облыстық «Аяқ киiм» көтерме-бөлшек сауда бірлестігі бөлшек сауда бойынша директорының орынбасары. 1993-1996 жж. - «Аяқ киiм» АҚ президенті. 1996-1998 жж. - «Алина» ЖШС-ның директоры. 1998-2003 жж. - «Қазақойл Тельф» ЖШС-ның маркетинг бөлiмінiң бастығы. 2004-2007 жж. - «Қазмұнайгаз РД» АҚ- ның экономика бойынша директорының орынбасары. 2007-2011 жж. - Атырау облыстық мәслихатының хатшысы. 2012 жылғы қаңтардан бастап- бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған. «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медальдарымен марапатталған.
38 жыл бұрын (1976) «Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы «Ұлттық сараптама орталығы» акционерлік қоғамының заң қызметі және мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры САТЫБАЕВА Сәуле Мақашқызы дүниеге келді.
Астана қаласында туған. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.
1997-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жетекші, бас маманы, бөлім бастығы, Заң жобаларымен жұмыс басқармасының бастығы. Заңнама департаменті директорының орынбасары. 2002-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының заңнама бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2003-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппараты Заң жобаларымен жұмыс орталығының директоры. 2004-2005 жылдары -Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының заңнама бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2005-2007 жылдары - жеке тәжірибеде болды. 2007 жылдың қазан айынан - қазіргі қызметінде.
30 жыл бұрын (1984) ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жастар саясаты департаментінің директоры ҚОЖАХМЕТ Мадияр дүниеге келді. Қарағанды қаласында туған. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық мемлекеттік университетінің халықаралық құқық факультетін (2005) халықаралық құқық бакалавры мамандығы бойынша; Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін ( 2007 ) халықаралық құқық магистрі мамандығы бойынша; « Болашақ» бағдарламасы бойынша Чех мемлекеттік қоғамдық ғылымдар университетін ( 2008 ) экономика және менеджмент магистрі мамандығы бойынша бітірген. Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін біледі. « Нұр Отан» ХДП мүшесі (2009 жылдан). 2003 жылдың наурызынан - «Қазақстанның жастар конгресі» ЗТБ әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар басқармасының бастығы, 2005 жылдан - атқарушы директордың м.а., 2006 жылдан - атқарушы директоры. 2006 жылдың қыркүйегінен 2008 жылдың шілдесіне дейін - «Қазақстанның жастар конгресі» ЗТБ Чехиядағы екілі. 2008 жылдың қазанынан - ҚР Білім және ғылым министрлігінің Тәрбие жұмысы және жастар саясат департаменті директорының орынбасары. 2010 жылдың шілдесінен бері - ҚР Білім және ғылым министрлігі Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің директоры. ҚР Президенті жанындағы Жастар саясат кеңесінің мүшесі, «Болашақ» стипендиаттар қауымдастығы» АБ мүшесі. «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» медалімен, « Құрмет» грамотасымен марапатталған.
141 жыл бұрын (1873-1938) орыстың опералық және камералық әншісі ШАЛЯПИН Федор Иванович дүниеге келді.
67 жыл бұрын (1947) кеңестік және ресейлік мәнерлеп сырғанау бойынша жаттықтырушы, КСРО еңбек сіңірген жаттықтырушысы ТАРАСОВА Татьяна Анатольевна дүниеге келді.
77 жыл бұрын (1937) Замбияның 2008-2011 жылдардағы президенті Рупия Бвезани БАНДА дүниеге келді.
15 9 жыл бұрын (1855-1922) француз саясаткері, Франция (1920 жылғы ақпан-қыркүйек айларында Үшінші республика) президенті Поль Эжен Луи ДЕШАНЕЛЬ дүниеге келді.
13 1 жыл бұрын (1883-1922) орыс актері, режиссер, қазір оның есімімен аталатын театрдың негізін қалаушы ВАХТАНГОВ Евгений Багратионович дүниеге келді.