3 шақырымдық қашықтықта болған жарыста 10-14 жас аралығындағы қатысушылардың ішінен 13 жастағы Екатерина Цурикова жеңімпаз атанды.
«Мен бұл Алматы Марафонына екінші рет қатысып отырмын. Өткен жылы осы қашықтық бойынша алтыншы орынға ие болып едім. Енді, келесі жылы осы Марафонда 10 шақырымдық қашықтыққа жүгіруді алдыма мақсат етіп қойдым», - деді Е. Цурикова.
Катяның айтуынша, оның жеңіл атлетикамен айналысқанына бірнеше жыл болған.
«Спорт адамдарды біріктіре түседі, жаңа достар табуға септігін тигізеді. Әрі шынығасың. Сондықтан, құрбыларымды саламатты өмір салтын ұстануға шақырамын», - деді жас спортшы.
Ал осы жас категориясы бойынша ұлдар арасында Колумбиядан келген жасөспірім спортшы Гарсия Себастьян жеңімпаз атанды.