АТАУЛЫ КҮНДЕР
Қазақстан Республикасындағы Отбасы күні. ҚР Президентінің 2013 жылғы 1 наурыздағы №511 Жарлығына сәйкес ҚР Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы кәсіби және басқа да мерекелер туралы» №3827 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, оған сәйкес қыркүйек айының әрбір екінші жексенбісі републикада Отбасы күні болып аталып өтіледі.
Байқал көлі күні. Ресейде жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде аталып өтеліде.
День озера Байкал
Бүкіләлемдік тырналар күні. Әлемнің көптеген елдерінде қыркүйектің екінші жексенбісінде жыл сайын мерекеленеді. Мереке тырмалардың табиғатта өсіп-өнуін сақтау проблемасына арналған.
14 қыркүйек, ЖЕКСЕНБІ
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
9 4 жыл бұрын (1920) Қазақстан тарихында бірінші рет әділет халық комиссары болып Ғұбайдолла Әлібеков тағайындалды. Ол басшылық жасаған тұста қалың малды тоқтату, барымта туралы және т.б. декреттердің ең алғашқы жобалары жасалды. 1920 жылдың аяғына таман оның басшылығымен республикада 231 сот және 111 тергеу учаскtлері құрылды.
7 8 жыл бұрын (1936) Алматының шығыс бөлігінде Фрунзе ауданы құрылды. Алғашқы аудандық партия комитетінің хатшысы Рақымжан Қилыбаев, ал Халық депутаттары аудандық кеңесі Атқару комитетінің төрағасы Александр Филонов болды. 1980 жылы көршілес жаңа ауданның ұйымдасуына байланысты мұның аумағы және шекарасы өзгерді. Солтүстігінде Пастер, Добролюбов, Орынбор көшелері арқылы Москва ауданымен, батысында Фурманов көшесі арқылы Совет және Калинин аудандарымен шектессе, шығысында және оңтүстігінде қала шегіне дейін созылды. 1995 жылғы желтоқсанның 12-інде Алматы қалалық мәслихатының шешіміне сәйкес Медеу ауданы болып өзгертілді. Бұл аудан Алматы қаласындағы ең әдемі және ұлттық сәулет элементтері, төңірегінің табиғат сұлулығы және құрылыс индустриясының жетістіктері үлкен талғампаздықпен үндестік тапқан аудандардың бірі болып есептеледі.
2 2 жыл бұрын (1992) Қазақстанның өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлерінің алғашқы съезі өтті.
1 4 жыл бұрын (2000) І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры ашылды. Театр ұжымын Алматыдағы өнер академиясының түлектері мен Қазақстанның мәдениет қайраткері Қ.Есенқұлов, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ш.Есенқұлова, актерлер Ө.Мұқашев, М.Жапаров, А.Қасымова, Қ.Бекайдаров, Л.Едіресова, З.Балтабаева, З.Әбдіхалықова, т.б. құрады. Репертуарында С.Жүнісовтің «Абылай хан», «Жаралы гүлдер», «Махамбет», Н.Хикметтің «Фархад - Шырын», Лопе Де Веганың «Шөп қорыған ит», Б.Жәкиевтің «Әке тағдыры», М.Әуезовтің «Айман - Шолпан», Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», Б.Ұзақовтың «Үміт», т.б. спектакльдері бар. Ұжым гастрольдік сапармен Қазақстанның бірқатар қалаларында, Ресейдің Троицк қаласында болып, өнер көрсеткен.
1 1 жыл бұрын (2003) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев Атырау облысының Махамбет ауданына сапары барысында жаңа мешіттің және Махамбет Өтемісұлы атындағы аймақтық-тарихи мұражайдың ашылу салтанатына қатысты.
Осы күні Атырау қаласында ЮНЕСКО шеңберінде атап өтілген Махамбет Өтемісұлы мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды.
10 жыл бұрын (2004) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Сот жүйелерін реформалау мақсатында «Мамандандырылған сот әкімшіліктерін құру туралы» Жарлыққа қол қойды.
9 жыл бұрын (2005) «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы сайтының таныстырылымы болды.
Wi-Fi интернет желiсінің сымсыз технологиясына кіруді «2Day Telekom» қамтамасыз етеді. Компания екі бағытта қолданылатын басқа да материалдарды және уранды экспорт пен импортқа шығаратын ұлттық операторлардың бірі болып табылады. Компанияның 100% акциясы Қазақстан Республикасының энергетика және минералды ресурстар министрлігіне тиесілі. «Қазатомпром» 1997 жылы құрылған күнінен бастап уранды өндіруді 795 тоннадан (дүниежүзі бойынша 13-ші орын) 3363 тоннаға (дүниежүзі бойынша 3-ші орын) дейін жеткізген. 2010 жылы уран өндіруді 15 мың тоннаға дейін қарқынды дамыту бағдарламасы қарастырылған. Қызықтыратын барлық ақпаратты www.kazatomprom.kz. сайтынан әлемдегі кең тараған сегіз тілде мәлімет алуға болады.
9 жыл бұрын (2005) Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының көрме залында Бірінші халықаралық дизайн фестивалі ашылды.
Ұйымдастырушысы - Қазақстан Республикасының мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі және Қазақстанның дизайнерлер одағы, «Казэкспосервис» көрме компаниясы және Алматы қаласының әкімшілігі.
Фестиваль аясында «Жарнама және Полиграфия» VIII Халықаралық қазақстандық көрме, «Бизнес-сувенир» көрмесі, сонымен қатар «Байтерек-дизайн-2005» және Алматы қаласының тарихи орталығын тұжырымдайтын және өңдейтін халықаралық практикалық семинар өткізілді.
5 жыл бұрын (2009) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті профессоры Сағындық Сатыбалдиннің «Қазақстан ғасырлар асуында» атты туындысының таныстырылымы өтті.
Ғалым кітапта Қазақстанның 55-жылдық экономикалық дамуына ғылыми талдау жасаған. Еңбегін «Қазақстан кеше», «Қазақстан бүгін», «Қазақстан ертең» деп үш кезеңге бөліп қарастырған.
46 жыл бұрын (1968) КСРО «Зонд-5» зымыранын ұшырды. Ол Айды айналып өтіп Жерге оралған тұңғыш зымыран. Бұл КСРО-ның Айға адам түсіру бағдарламасының бастамасы болатын. Бірақ, келесі «Зонд» қонуға бет алғанда апатқа ұшырады.
ЕСІМДЕР
120 лет назад (1894-1935) көрнекті қоғам қайраткері, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы, аудармашы БАРЖАҚСИН Ахмет дүниеге келді.
Атбасар уезі Жезді болысы нда туған. Атбасар қаласындағы 2 сыныпты орыс - қазақ мектебін, мұғалімдер семинариясын ( Омбы , 1918), Омбы ауыл шаруашылығы интернатын (1922), Мәскеу әдебиет интернатын (1926) бітірген. « Бірлік» мәдени-ағарту ұйымын құруға атсалысқан. 1920 жылы Ақмола уездік ревкомы қазақ бөлімінің, 1921 жылы Ақмола губерниясының атқару комитетінің, 1923-24 жылы Қазақ тұтынушылар одағының төрағасы, 1925 жылы ОАК жанындағы Ұлт бюросының нұсқаушысы, Орталығы тұтынушылар қоғамы одағының ( Центросоюз ) Берлиндегі өкілі, 1928 жылы Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығы банкінің меңгерушісі болды. 1928 жылы желтоқсанда большевиктер партиясы қатарынан өз еркімен шықты. 1929 жылы сәуірде «партия беделін төкті», «троцкийшіл» деген айыппен қамауға алынып, Батыс Сібірге жер аударылды. 1933 жылы жазасын өтеп келіп, Омбы ауыл шаруашылығы интернатына оқытушы болып жұмысқа орналасты. 1934 жылы 15 наурызда ОГПУ үштігі РКФСР қылмыс заңының 58-бабының 10-, 11-тармағына «сәйкес» Баржақсинді екінші рет Батыс Сібірге 5 жылға жер аударып, 1935 жылы ОГПУ үштігінің үкімімен атылды. Әлеуметтік төңкерістер заманында өмір сүрген Баржақсин өзінің қысқа ғұмырында артына мол әдеби, ғылыми мұра қалдырды. Ол қазақтың 1710 мақал-мәтелін жинап, 1915 жылы тұңғыш рет « Мың бір мақал» кітабын қазақ , орыс тілдерінде шығарды. Оқу-ағарту мәселесі, әйел теңдігі жайлы мақалалары мен әңгімелері « Қазақ» , « Алаш» , « Сарыарқа» , « Үш жүз» газеттерінде, « Айқап» журналында басылды. Л.Н. Толстойдың әңгімелерін аударып, « Айқап» журналында, « Ертерек білсең жасырма» атты мақаласы Орыс географиялық қоғамының «Жазбаларында» (1916 жылы, 28-тамызда.) жарияланды. 1927 жылы «Елге шаруа кооперативі мен тұтыну кооперативінің қайсысы қолайлы?», «Тұтыну дүкенінің ісін қалай жүргізу керек?» деген кітапшалары жарық көрді. 1937 жылы Баспахана мен әдебиет ісі жөніндегі Бас басқармасы Баржақсиннің «Мың бір мақал» деген кітабын халыққа зиянды кітаптар қатарына қосып, пайдаланудан шығарды. Баржақсин мұралары әлі толық зерттелмеген.
79 жыл бұрын (1935) ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының және Халықаралық инженерлік академиясынының академигі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының ғылымына еңбек сіңірген қайраткер БАЙМҰРАТОВ Ораз дүниеге келді.
Солтүстік Қазақстан облысының Булаев ауданында (қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы) туған. Мәскеу алтын және түсті металлдар институтын бітірген.
1964-1980 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Экономика инситутының кіші ғылыми қызметкері, ғалым-хатшысы, бөлім меңгерушісі. 1980-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Өндіріс күшін зерттеу жөніндегі кеңесі төрағасының орынбасары, төрағасы, КСРО Жоғарғы Кеңесі Республикалар Кеңесі төрағасының орынбасары. 1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің төрағасы. 1995-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Президентінің кеңесшісі қызметтерін атқарған. 1996 жылдан - Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті жанындағы Қаржы-банктік менеджмент ғылыми-зерттеу институтының директоры болған.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 12-, 13-шақырылымының депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы ғалымдар, инженерлер және білгір мамандар Одағының президенті, Халықаралық ғылыми инженерлік бірлестіктер Одағының вице-президенті, Қазақстан Республикасы Инженерлер академиясының Экономика бөлімшесі төрағасының бірінші орынбасары болды.
«Методы оценки и анализа эффективности капитальных вложений», «Эффективность научных исследований», «Экономические приоритеты», «Наука и производительные силы», «Национальная экономическая система» атты еңбектері мен 230 астам ғылыми жарияланымдардың авторы.
Медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
7 4 жыл бұрын (1940) экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі СЕЙІТҚАСЫМОВ Ғабдығаппар Сағитұлы дүниеге келді.
Қостанай облысының Жангелдин ауданында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.
1963-1969 жылдары - Қостанай облысының Жангелді ауданының бас экономисі. 1969-1973 жылдары - Қазақ ауылшаруашылығы экономикалық ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі. 1973-1993 жылдары - Қарағанды мемлекеттік университетінде ғылыми басшылық, 1993-1999 жылдары - Қазақ мемлекеттік басқару академиясының проректоры. 1999-2001 жылдары - Астана қаласындағы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті бөлімшесінің директоры. 2001-2007 жылдары Қаржы және несие институтының ректоры қызметтерін атқарған.
Ғылыми жұмыстары ауылшаруашылық экономикасы мен қаржы және банк ісі саласына бағытталған. Ол астық дайындаудың экономикалық тиімділігін анықтаудың жаңа көрсеткіштер жүйесін, астық өсіру, тасымалдау, дайындау, сақтаудың экономикалық кешенді зерттеудің ғылыми әдістерін жасады. 160-тан аса ғылыми еңбектің, оның ішінде оқу-әдістемелік құралдардың, 20 монография мен оқулықтардың авторы.
«Золотой Орел» орденімен, «Астанаға 10 жыл», Ыбырай Алтынсарин атындағы, Ахмет Байтұрсынов атындағы медальдармен, «Қазақстан Республикасы ғылымының дамуына қосқан зор еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталған.
6 8 жыл бұрын (1946) Қазақстан Суретшілер одағының басқарма төрағасы, суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор ӨМІРБЕКОВ Байтұрсын Есжанұлы дүниеге келді.
Алматы облысының Ескелді ауданында туған. Қазақ педагогикалық институтын (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) бітірген. Еңбек жолын аталмыш оқу ордасының оқытушысы болып бастаған. 1978-1993 жылдары Алматы театр және көркемсурет институтының проректоры болған. 1994-2007 жылдары - Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының директоры. 2007-2009 жылдары - Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры. 2009 жылдың сәуірінен - қазіргі қызметінде.
Үш кітаптың, 2 альбомның, 50-ден аса баспа жұмыстың авторы.
6 5 жыл бұрын (1949) Штаттық ұлттық командалар және спорт резерві дирекциясының қысқы спорт түрлері бөлімінің бастығы АБОИМОВ Виктор Андреевич дүниеге келді.
Қарағанды қаласында туған. Қарағанды педагогикалық институтын бітірген. 1969 жылы - Қарағанды облыстық спорт комитетінің нұсқаушысы. 1969-1976 жылдары - КСРО-ның жүзуден ұлттық құрама командасының мүшесі. 1976-1986 жылдары жаттықтырушылық жұмыста. 1986-1991 жылдары - !алматы облыстық «Динамо» кеңесінің судағы спорт түрінен БЖСМ диреекторы. 1991-2006 жылдары - Қазақ КСР жастар ісі, дене тәрбиесі және спорт жөніндегі мемлекеттік комитетінде, ҚР жастар ісі спорт және туризм министрлігінде, ҚР спорт және туризм агенттігінде, Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінде жұмыс істеді. 2006-2008 жылдары - ҚР Спорт және туризм министрлігінде Спорт комитеті төрағасының орынбасары. 2008-2012 жылдары - ҚР спорт және туризм министрлігінде штаттық ұлттық командалар дирекциясы директорының орынбасары. 2012 жылы ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігінде спорттық жазғы түрлері басқармасының бастығы. Қазіргі қызметінде - 2012 жылдан бері. «ерен еңбегі үшін» медвалімен марапатталған.
50 жыл бұрын (1964) «Алаш айнасы» газетінің бас редакторы, белгілі журналист ЖАНБОЛАТ Серікбек Мейрамбекұлы дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Қазақ телевизиясында жастар бағдарламасының редакторы, «Бағдар» коммерциялық студиясы бас редакторының орынбасары болып жұмыс жасады. 1997-2002 жылдары - «Ақшам» ақпараттық бағдарламасының редакторы, «Сәлем, Қазақстан» ақпараттық ойын-сауық бағдарламасының продюсері, «Хабар» агенттігінің «Жеті күн» талдамалық бағдарламасының жүргізушісі және редакторы. 2004 жылдан - «Айқын» газетінің бас редакторы болды.
4 9 жыл бұрын (1965) Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы МЕДВЕДЕВ Дмитрий Анатольевич дүниеге келді.
Ленинградта туған, отбасындағы жалғыз бала болды. Мектептен кейін Ленинград мемлекеттік университетінің заң факультетін және аспирантурасын бітірді. 1990-1997 жылдары Санкт-Петербор мемлекеттік университетінде оқытушылық қызметте болды. Сонымен қатар 1990-1995 жылдары Ленинград қалалық кеңесінің төрағасы Анатолий Собчактың көмекшісі, Санкт-Петербор мэриясының сыртқы байланыстар комитетінің сарапшысы болды. 1997-1998 жылдары «Илим Палп Интерпрайз» корпорациясының құқықтық қызмет басшысы болып жұмыс істеді. 1999 жылы РФ Үкіметінің аппараты жетекшісінің орынбасары, ал 1999-200 жылдары Б.Н.Ельцин кеткеннен кейін Ресей Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары боды, В.В.Путиннің сайлауалды штабын басқарды. 2000 жылғы маусымда президенттік сайлаудағы В.В.Путиннің жеңісінен кейін Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметіне тұрды. 2000-2001 жылдары - «Газпром» ААҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, 2002 маусымнан 2008 жылғы мамыр айына дейін - «Газпром» ААҚ Директорлар кеңесінің төрағасы. 2003 жылғы қазаннан 2005 жылғы қарашаға дейін - Ресей Президенті Әкімшілігінің басшысы. 2003 жылғы 12 қарашада - РФ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі, ал 2004 жылғы сәуірде Ресей Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі мәртебесіне ие болды. 2005-2008 жылдары Ресей Президенті жанындағы ұлттық басымдықты жобалар мен демографиялық саястты жүзеге асыру жөніндегі кеңестің бірінші орынбасары. 2005 жылдан РФ Үкіметі төрағасының орынбасары. 2006-2008 жылдары Ұлттық басымдықты жобалар жөніндегі кеңес төралқасының төрағасы. 2008 жылғы 2 наурызда Ресей Президенті болып сайланып, бұл қызметті 2012 жылғы 7 мамырға дейін атқарды. Қазіргі қызметінде - 2012 жылғы 8 мамырдан бері.
25 4 жыл бұрын (1760-1842) итальян композиторы Луиджи КЕРУБИНИ дүниеге келді.
15 5 жыл бұрын (1859-1927) Латвия Республикасының тұңғыш президенті Янис Кристапович ЧАКСТЕ дүниеге келді.
10 1 жыл бұрын (1913-1971) Гватемала мемлекет қайраткері, қорғаныс министрі, 195191954 жылдардағы Гватемала президенті Хакобо Арбенс ГУСМАН дүниеге келді.
8 2 жыл бұрын (1932) кеңестік және ресейлк тележүргізуші, телевизия дикторы, актер, КСРО халық әртісі КИРИЛЛОВ Игорь Леонидович дүниеге келді.