ЕСІМДЕР
Алматы облысының Ескелді ауданында туған. Қазақ педагогикалық институтының (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) көркем-графика факультетін, Ленинград институты жанындағы И.Е.Репин атындағы Көркем сурет, мүсін және сәулет біліктілігін арттыру курсын (1974), М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін (1984), Мәскеу жоғары көркем сурет училищесін (1989) бітірген.
Еңбек жолын аталмыш оқу ордасының оқытушысы болып бастаған. 1978-1993 жылдары Алматы театр және көркемсурет институтының проректоры болған. 1994-2007 жылдары – Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының директоры. 2007-2009 жылдары – Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры. 2009 жылдан Қазақстан Суретшілер одағының басқарма төрағасы, ҚР Білім және ғылым министрлігі тіркеу кеңесінің мүшесі болды. Үш кітаптың, 2 альбомның, 50-ден аса баспа жұмыстың авторы.
Қарағанды қаласында туған. Қарағанды педагогикалық институтының физикалық тәрбие бөлімін тәмамдаған. Жүзуден КСРО спорт шебері (1967), Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы.
Еңбек жолы: Қарағанды облыстық спорт комитетінің нұсқаушысы (1969); жүзуден КСРО ұлттық құрама командасының мүшесі (1969-1976); жаттықтырушылық жұмыс (1976-1986); Алматы облыстық «Динамо» кеңесінің Су спорты түрлері бойынша БЖСМ директоры (1986-1991); Қазақ КСР Жастар ісі, дене шынықтыру және спорт жөніндегі мемлекеттік комитетінде, Қазақстан Республикасының Жастар ісі, туризм және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Туризм және спорт агенттігі, Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінде жұмыс істеді (1991-2006); Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитеті төрағасының орынбасары (2006-2008); Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі жанындағы Қазақстанның Штаттық ұлттық командалары дирекциясы директорының орынбасары (2008-2012); Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің жазғы спорт түрлері басқармасының бастығы (2012); Штаттық ұлттық командалар және спорттық резерв дирекциясының қысқы спорт түрлері бөлімінің бастығы (2012).
Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (1972), әлем чемпионатының күміс жүлдегері (1973), әлем чемпионатының қола жүлдегері (1975), Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері (1974).
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған (2012).
Семей облысының Абай ауданында туған. Қарауыл селосындағы Абай атындағы орта мектептi 1981 жылы бiтiрiп, сол жылы аудандық «Совхоз туы» газетiнде тілші болып қызмет iстедi. 1989 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттiк университетiнiң журналистика факультетiн тәмамдап, журналист мамандығын алып шықты.
Сол жылы Қазақ республикалық телевизиясының «Жастар» бағдарламасы редакциясына редакторлық қызметке қабылданды. 1993 жылы «Мұрагер» шығармашылық бiрлестiгi бас редакторының орынбасары болып тағайындалды. Сол кездерi бұл бiрлестiк «Әншi балапан», «Сиқырлы қазан», елiмiздегi бiрiншi телерадиомарафон сияқты жобаларды дүниеге әкелдi. Ал Серiк Жанболат «Жiгiттiң сұлтаны», «Үкiлi үмiт», «Тайбурыл» ат спорты және «Қазақтың Қажымұқаны» сияқты тағы басқа да тележобалардың авторы және ұйымдастырушысы болды. 1996 жылы Қазақ теледидарын нарыққа бейiмдеу шарасы жасалып, «Бағдар» (түнгi ойын-сауық клубы) студиясы құрылды. Серiк Жанболат «Бағдар» студиясының бас редакторының орынбасары болып бекiтiлдi. 1997 жылы «Ақшам» ақпарат бағдарламасының редакторы, «Гала» ТВ студиясы НЭП бағдарламасының жүргiзушiсi әрi тілшісі қызметiн атқарды. 1998 жылы «Хабар» агенттiгiнiң «Сәлем, Қазақстан» таңғы ақпараттық-сауықтық бағдарламаның продюсерi қызметiне қабылданды. Сол жылы ақпараттық бағдарламалар дирекциясына жүргiзушi, продюсер, «Жетi күн» ақпараттық-сараптау бағдарламасының редакторы әрi жүргiзушiсi қызметтерiн атқарды. Республика Президентiнiң жұртшылықпен тiкелей эфирдегi екi сағаттық жүздесуiн жүргiздi. 2002 жылы үкiмет тапсырмасымен Семей өңiрiнде Абай, Мұхтар, Шәкәрiм мұраларын жинау экспедициясын ұйымдастырды. 2002-2003 жылдары «Қуат» холдинг компаниясының менеджерi болды. 2004 жылдың басында қазақ баспасөзі тарихында тұңғыш рет күнделікті ақпарат таратататын «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетiнiң іргетасын қалап, жарыққа шығарды. Сонымен қатар «Қазақстан» ұлттық телеарнасында «Көкпар» пікірталас бағдарламасын жүргізіп, еліміздегі өзекті мәселелерді қозғады. 2008 жылдың қазан айында «Алаш айнасы» республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газетінің редакциясын жасақтауға кірісіп, 2009 жылдың басында ақпарат айдынына шығарды.
Серiк Жанболат ҚР Президенті сыйлығының иегері, ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистері академиясының академигі сияқты атақтарды иемденді.
Қостанай облысының Науырзым ауданында туған. Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтын, Қостанай бизнес және басқару институтын бітірді.
Еңбек жолы: қазақ және орыс тілі мұғалімі; Қостанай облысы білім беру департаментінің бас маманы; Қарасу ауылы білім басқармасының басшысы; Лисаков қаласы білім бөлімінің жеткшісі; Федоров аудны әкімінің орынбасары; облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы және басшысының орынбасары; Қостанай облыстық ішкі сасяат бөлімінің басшысы (2019-2020); Қостанай облыстық білім басқармасының басшысы (2020-2023).
2023 жылдың қаңтарында қазіргі қызметіне кірісті.
Ақтөбе облысында дүниеге келген. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті бастауыш сынып мұғалімі, Қазақ-орыс халықаралық университетін заңгер мамандықтары бойынша тәмамдаған. 2020 жылы Қ.Жұбанов атындағы өңірлік университетінде экономика магистрі мамандығы бойынша оқу бітірген.
Еңбек жолын Ақтөбе қаласындағы №12 орта мектепте мұғалім болып бастаған.
Кейіннен Қобда ауданы әкімі аппаратының бас маманы, Қобда ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, Ақтөбе облысы ішкі саясат бөлімінің талдау және мониторинг бөлімінің басшысы, Қобда ауданы әкімінің орынбасары, Ақтөбе облысы әкімі аппараты Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының жетекшісі, Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының басшысы болып жұмыс істеді. 2019-2021 жж. Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасын басқарды.
Қазіргі қызметін 2021 жылдың мамыр айынан бері атқарып келеді.
Шығыс Қазақстан облысында туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, тарих, құқық және экономика негіздері оқытушысы (2003); Қазақ қатынас жолдары университетін, инженер-механик (2006) бітірген.
Еңбек жолы: Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Көлік бақылау комитетінің автомобиль көлігі мен автожолдарда бақылау басқармасының автомобиль жолдарын бақылау бөлімінің жетекші маманы (2004-2005); ҚР ККМ Көлік бақылау комитетінің автомобиль көлігі мен автожолдарда бақылау басқармасының автомобиль жолдарын бақылау бөлімінің бас маманы (2005-2006); ҚР ККМ Көлік бақылау комитетінің автомобиль көлігі мен автожолдарда бақылау басқармасының автомобильдік тасымалдар және рұқсат ету жүйесін бақылау бөлімінің бастығы (2006-2007); ҚР ККМ Көлік бақылау комитетінің автомобиль көлігі мен автожолдарда бақылау басқармасының бастығы (2007-2008); ҚР ККМ Көлік бақылау комитетінің автомобиль және темір жолдардағы бақылау басқармасының бастығы (2008-2009), ҚР ККМ Көлік бақылау комитетінің автомобиль көлігі мен автожолдарда бақылау басқармасының бастығы (06.2009-09.2009); ҚР ККМ Көлік бақылау комитетінің талдау жұмыстары басқармасының бастығы (2009-2010); ҚР ККМ Көлік бақылау комитеті төрағасының орынбасары (2010-2013); ҚР ККМ Көлік бақылау комитетінің төрағасы (2013-2014), Көлік комитетінің төрағасы. Қазақстан Жол жөндеушілер қауымдастығының президенті (02.2019-12.2019).
Қазіргі лауазымын 2019 жылдың желтоқсанынан бастап атқарып келеді.
Сондай-ақ осы күні өмірге келгендер:
Атбасар уезі Жезді болысында туған. Атбасар қаласындағы 2 сыныпты орыс-қазақ мектебін, мұғалімдер семинариясын (Омбы, 1918), Омбы ауыл шаруашылығы интернатын (1922), Мәскеу әдебиет интернатын (1926) бітірген.
«Бірлік» мәдени-ағарту ұйымын құруға атсалысқан. 1920 жылы Ақмола уездік ревкомы қазақ бөлімінің, 1921 жылы Ақмола губерниясының атқару комитетінің, 1923-1924 жылдары Қазақ тұтынушылар одағының төрағасы, 1925 жылы ОАК жанындағы Ұлт бюросының нұсқаушысы, Орталық тұтынушылар қоғамы одағының Берлиндегі өкілі, 1928 жылы Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығы банкінің меңгерушісі болды. 1928 жылы желтоқсанда большевиктер партиясы қатарынан өз еркімен шықты. 1929 жылы сәуірде «партия беделін төкті», «троцкийшіл» деген айыппен қамауға алынып, Батыс Сібірге жер аударылды. 1933 жылы жазасын өтеп келіп, Омбы ауыл шаруашылығы интернатына оқытушы болып жұмысқа орналасты. 1934 жылы 15 наурызда ОГПУ үштігі Баржақсинді екінші рет Батыс Сібірге 5 жылға жер аударып, 1935 жылы атылды. Әлеуметтік төңкерістер заманында өмір сүрген Баржақсин өзінің қысқа ғұмырында артына мол әдеби, ғылыми мұра қалдырды. Ол қазақтың 1710 мақал-мәтелін жинап, 1915 жылы тұңғыш рет «Мың бір мақал» кітабын қазақ, орыс тілдерінде шығарды. Оқу-ағарту мәселесі, әйел теңдігі жайлы мақалалары мен әңгімелері «Қазақ», «Алаш», «Сарыарқа», «Үш жүз» газеттерінде, «Айқап» журналында басылды. Л.Н. Толстойдың әңгімелерін аударып, «Айқап» журналында, «Ертерек білсең жасырма» атты мақаласы Орыс географиялық қоғамының «Жазбаларында» (1916 жылы 28 тамызда) жарияланды. 1927 жылы «Елге шаруа кооперативі мен тұтыну кооперативінің қайсысы қолайлы?», «Тұтыну дүкенінің ісін қалай жүргізу керек?» деген кітапшалары жарық көрді. 1937 жылы Баспахана мен әдебиет ісі жөніндегі Бас басқарма Баржақсиннің «Мың бір мақал» деген кітабын халыққа зиянды кітаптар қатарына қосып, пайдаланудан шығарды. Баржақсин мұралары әлі толық зерттелмеген.
Қостанай облысының Жангелдин ауданында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.
Еңбек жолы:1963-1969 жылдары – Қостанай облысының Жангелдин ауданының бас экономисі. 1969-1973 жылдары – Қазақ ауыл шаруашылығы экономикалық ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі. 1973-1993 жылдары - Қарағанды мемлекеттік университетінде ғылыми басшылық қызметте, 1993-1999 жылдары – Қазақ мемлекеттік басқару академиясының проректоры. 1999-2001 жылдары - Астана қаласындағы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті бөлімшесінің директоры. 2001-2007 жылдары Қаржы және несие институтының ректоры қызметтерін атқарған. Ғылыми жұмыстары ауыл шаруашылық экономикасы мен қаржы және банк ісі саласына бағытталған. Ол астық дайындаудың экономикалық тиімділігін анықтаудың жаңа көрсеткіштер жүйесін, астық өсіру, тасымалдау, дайындау, сақтаудың экономикалық кешенді зерттеудің ғылыми әдістерін жасады. 160-тан аса ғылыми еңбектің, оның ішінде оқу-әдістемелік құралдардың, 20 монография мен оқулықтардың авторы.
«Золотой Орел» орденімен, «Астанаға 10 жыл», Ыбырай Алтынсарин атындағы, Ахмет Байтұрсынов атындағы медальдармен, «Қазақстан Республикасы ғылымының дамуына қосқан зор еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған.