14 МАМЫР. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. 14 мамыр. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарға 2014 жылғы 14 мамырға арналған күнтізбені ұсынады.

14 мамыр, С ӘР СЕНБІ

Грузияда Тамара ханшайымды еске алу- Тамароба күні. 1917 жылдан бастап ұлттық мереке ретінде атап өтіледі.

Парагвай Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1811). 1811 жылдан бастап атап өтіледі. Халықтың қысымымен испан губернаторы өз өкілеттілігін тоқтатып, Испанияның Парагвайға билігі жүрмейтін болды. Парагвай - Оңтүстік Американың орталық бөлігінде орналасқан мемлекет. Солтүстігі және солтүстік-батысында Боливиямен, солтүстік-шығысы және шығысы Бразилиямен, оңтүстік-шығысы, оңтүстік және оңтүстік-батысы Аргентинамен шектеседі. Әкімшілік жағынан 19 департаментке бөлінеді. Астанасы - Асунсьон қаласы. Ресми тілі - испан тілі. Ақша бірлігі - гварани. Елді Президент басқарады. Ол жалпы халықтық сайлау арқылы 5 жылға сайланады. Президент екінші мәрте қайта сайлауға түсе алмайды. Жоғары заң шығарушы органы - Конгресс. Ол екі палаталы сенат және депутаттар палатасынан тұрады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

14 5 жыл бұрын (1869) Ақтөбе қаласының іргетасы қаланды.

1 2 жыл бұрын (2002) Мәскеуде Астананың мәдени күндері өтті.

7 жыл бұрын (2007) Қарағанды облысының әкімдігі мен Табиғи ресурстардың Еуразиялық корпорациясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

6 жыл бұрын (2008) Астанадағы Қазақ Гуманитарлық заң университетінде ислам саласын зерттеумен танылып жүрген тұлға Юрий Михайловтың «Құранды түсінетін кез келді» атты кітабының тұсаукесері болды.

Әр кез көптеген ойшылдарды, ғалымдарды, әдебиетшілерді рухтандырып, қызықтырған бұл дінді мұсылман болмаса да, шебер дінтанушы болмаса да автор адал ниетпен тануға, әділ бағалауға тырысқан. Исламға әділ және шынайы көзқараспен қарауға, ислам ілімінің негізін және ислам мәдениетін түсінуге мүмкіндік ашқан. Кітап саясаткерлерге, мемлекеттік қызметкерлерге және ислам дүниетанымының шығармашылық әлеуетінің ерекше феномені неден құралатынын, оның әлеуметтік доктринасының негізінде не жатқанын білгісі келетін жандарға арналған.

6 жыл бұрын (2008) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Ядролық терроризм актілерімен күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

5 жыл бұрын (2009) Семейде Шығыс Қазақстандағы тұңғыш «Көксерек» атты аудиокітап шықты. Кітапты «Альфа Марино» жарнама студиясы қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовтың хикаясы бойынша шығарды.

Идеяның авторы «Қазақстан - Семей» телеарнасының қызметкері Қуат Ахмеджанов. Ұзақтығы 1 сағат 5 минуттық әдеби шығарманы дыбыстандырған да өзі. Шығарушылар аудиокітаптың алғашқы жиынтығын қаладағы мектеп-интернаттарға сыйлық ретінде табыстады.

5 жыл бұрын (2009) Киев қалалық кеңесінің 2008 жылғы желтоқсанның 18-дегі шешімімен Шевченко ауданындағы Кузьминская көшесі қазақ поэзиясының алыбы Жамбыл Жабаевтың есіміне ауыстырылды. 2009 жылғы мамырдың 8-де осы көшеде Жамбыл Жабаевтың мемориалдық тақтасы ресми түрде салтанатпен ашылды.

4 жыл бұрын (2010) Режиссер Ермек Тұрсыновтың «Келін» фильмі Монакода өткен дәстүрлі Халықаралық қайырымдылық кинофестивалінде бас жүлдені жеңіп алды.

2011 жылғы мамырдың 5-і мен 11-і аралығында өткен фестивальге исландиялық актриса Анита Брием бастаған қазылар алқасы төрелік етті.

«Келін» фильмі «Үздік ойын фильмі» аталымында жеңімпаз атанды. Бұл аталым бойынша оның негізгі қарсыласы - режиссер Флориан Галленбергеннің (Германия) тарихи оқиғаға негізделген «Джон Рабе» фильмі болды. Ол - қытайлықтарды ажалдан құтқарушы үшін қолынан келгеннің бәрін жасаған «Siemens» корпорациясының неміс директорының өмірі туралы баяндайтын драма.

Фестивальде үздік ойын фильмдерімен қатар, «Үздік деректі фильм», «Үздік қысқаметражды фильм» аталымдары да таныстырылды.

4 жыл бұрын (2010) Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында бірден - шұжық өнімдері мен минералдық су өндіретін екі жаңа кәсіпорын іске қосылды.

«Алма» ауылдық өндірістік кооперативі - шұжық цехы Қарасу ауылында ашылды. Кәсіпорынның қуаты кең көлемді өнім түрлерімен қатар, тәулігіне 1200 килә ет өндіре алады.

«Манкент-аква» минералдық су шығаратын цех Манкент ауылында ашылды. Оның қуаты бір ауысымда 3,5 мың бөтелке су шығару.

ЕСІМДЕР

1 20 жыл бұрын (1894-1938) қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін негізін қалаушылардың бірі ЖАНСҮГІРОВ Ілияс дүниеге келді.

Алматы облысының Ақсу ауданында туған. Ташкенттегі екі жылдық мұғалімдік курсты бітіріп, өз ауылында мұғалім болған. Одан кейін аз уақыт «Тілші» газетінде істеп, Верныйдағы Қазақ ағарту институтының меңгерушілігіне тағайындалды. Мәскеудегі Коммунистік журналистика институтын бітірген, соң «Еңбекші қазақ» газетінде қызмет атқарды. 1932-1934 жылдары - Қазақстан Жазушылар одағы ұйымдастыру комиссиясының төрағасы. 1933-1936 жылдары Қазақ КСР Орталық атқару комитетінің мүшесі болды. 1938 жылы саяси қуғын-сүргін науқанының құрбаны болды.

І.Жансүгіровтың шығармашылығы көп қырлы, алуан сырлы. Ол поэзия, проза, драма саласында өнімді еңбектеніп, өзіндік қолтаңбасы айқын көркем шығармалардың маржан шоғырын дүниеге келтірген құнарлы да тегеурінді қаламгер. Оның шығармаларына арқау болған тақырып өрістері де алуан түрлі. Поэзия, проза, драма салаларындағы шығармаларына өзі ғұмыр кешкен ортадағы нақтылы өмір көріністерінен бастап, тарихи тақырыпқа дейін арқау болып отырады. Қандай тақырыпқа қалам тербесе де ел қамы, халық тағдыры, ұлттың болмыс қасиеті оның шығармаларының алтын арқауы. Оның қаламынан туған «Күй», «Дала», «Күйші», «Құлагер» сияқты он беске жуық көлемді поэма қазақ поэзиясының інжу маржаны болып табылады. І.Жансүгіровтың прозалық шығармаларының ішіндегі көлемдісі - «Жолдастар» романы. Мұнда қазақ сахарасындағы еңбек адамдарының тұрмыс тіршілігін, азаттықты көксеген арман аңсарын, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің дүмпуін суреткерлікпен ашып көрсетеді. Қаламгер әдебиет сыны мен аударма саласында да өнімді еңбектенді. А.Пушкиннің көптеген өлеңдеріне қоса, «Евгений Онегин» романын қазақ тіліне алғаш рет толық аударды. Сондай-ақ, М.Лермонтовтың, А.Горькийдің, Н.Некрасовтың, В.Маяковскийдің көптеген шығармаларын қазақ тіліне тәржімалады.

Елімізде бірнеше мектепке, көшеге, ауданға, елді-мекенге, Талдықорған қаласындағы Жетісу мемлекеттік университетіне І.Жансүгіровтың есімі берілді. 1994 жылы университеттің қарсы алдындағы алаңға ақынның қоладан құйылған ескерткіші орнатылды. Талдықорғанда ақынның өмірі мен шығармаларына арналған әдеби-мемориалдық мұражай жұмыс істейді.

7 3 жыл бұрын (1941) белгілі актер, Қазақстан Республикасының халық әртісі, КСРО Кинематографистер одағының үздігі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ЫҚТЫМБАЕВ Нұржұман Байжұманұлы дүниеге келді.

Алматы облысы Кербұлақ ауданында туған. Алматы музыка училищесін, Панфилов педагогикалық училищесін және «Қазақфильм» студиясы жанындағы актерлік студияны бітірген, Қазақ Мемлекеттік педагогикалық институтын тәмамдаған. Кинодағы мансабы кездейсоқ басталған. Болашақ киноактердің ауылына келген «Мазасыз таң» фильмінің түсіру тобы оны фильмге түсіруге шақырады. 1968 жылдан «Қазақфильм» киностудиясының актері.

Актер кинода әрқилы болмысты, мінезді кейіпкерлер бейнесін жасады, мысалы, «Адамдар арасындағы бөлтіріктегі» тұйық, қатаң мінезді, «Сталинге сыйлықтағы» жұмсақ мінезді, бірақ бірбеткей, ал «Барлаушыдағы» қарапайым, шығысқа тән даналық көрінетін кейіпкерлер, тағы басқалар. Актердің соңғы жұмыстарынан француз актері Ж.Депардьемен бірлесіп түскен «Кеш оянған махаббат» фильмін атауға болады. Актер анимациялық ленталарды дыбыстауға да қатысады. («Қадырдың бақыты», 2000).

2007 жылы «Жол қараушы» фильміндегі ролі үшін «Адал жүрек» кинофестивалінде Бас жүлдені, 2009 жылы «Шәкен жұлдыздары» фестивалінің ең үздік актері, 2009 жылы Чебоксарыдағы МКФ - «Сталинге сыйлық», «ең үздік ер ролі үшін» сыйлығын, Қасым ролі үшін Бүкіламерикалық өнерді қолдау ассоциациясының арнайы жүлдесіне («Сталинге сыйлық») ие болған.

6 7 жыл бұрын (1947) М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы МЕҢДИЯРОВА Шәмшәгүл Мырзабекқызы дүниеге келді.

Талдықорған облысында туған. Театр студиясының актерлік факультетін, Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының тарих факультетін бітірген.

Қазақфильм» киностудиясының «Сайтан көпір» (Ана), «Сұрапыл Сұржекей» (Сырға), фильмдеріне түскен, бірқатар спектакльдерде ойнаған.

6 4 жыл бұрын (1950) Қазақстан Республикасының Кувейттегі және Бахрейндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі ТАСЫМОВ Бақтияр Сардарбекұлы дүниеге келді.

Өзбекстан Републикасында туған. Ташкент мемлекеттік университетін бітірген. 1976-1991 жылдары «Мектеп» баспасында араб тілі мен әдебиеті редакторы, араб редакциясының меңгерушісі, аға редакторы. 1991-1993 жылдары - Қазақ мемлекеттік университетінің доценті. 1993-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы СІМ бірінші хатшысы, бөлім меңгерушісі. 1995-1997 жылдары - ҚР-ның Египеттегі елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі. 1997-1999 жылдары - ҚР СІМ бөлім бастығы, кеңесшісі. 1999-2003 жылдары - ҚР-ның Сауд Арабиясындағы елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі. 2003-2004 жылдары - ҚР СІМ бөлім бастығы. 2004-2006 жылдары ҚР-ның Қырғызстандағы елшілігінің кеңесшісі. 2006-2008 жылдары - Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі кеңесші-уәкілі. 2008-2011 жылдары - ҚР-ның Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі. 2008-2011 жылдары - ҚР-ның Сирия Араб Республикасындағы, Мароккодағы Төтенше және Өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы. 2011-2012 жылдары - ҚР-ның Сауд Арабиясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі. Қазіргі қызметінде - 2012 жылғы мамырдан бері.

„Араб тілін өздігінен үйрену", „Араб тілі: 11 сынып оқулығы", „Араб тілінің әліппесі", „Сауд Арабиясы: Король Фахд Ибн Абдуль Азиз Әл-Саудтың жасампаздық дәуірі" кітаптарының авторы.

60 жыл бұрын (1954) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі ҚУАНЫШЕВ Жапсарбай Ілиясұлы дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Қазақ педагогикалық институтын, КСРО Ғылым академиясы Тарих институтының аспирантурасын бітірген. 1979-1992 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясы Тарих, археология және этнография институтының лаборанты, кіші, аға ғылыми қызметкері, ғалым-хатшысы. 1992-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің сектор меңгерушісі, сарапшы-референті. 1996-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының кеңесшісі қызметін атқарған. 2004-2008 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының хатшылық меңгерушісі. 2008-2012 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінің инспекторы, сектор меңгерушісі, ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары. Қазіргі қызметінде 2012 жылғы қаңтардан бастап істейді.

Негізгі ғылыми жұмыстары қоғамдық-саяси және ұлтаралық мәселелерін зерттеуге арналған. 60-қа жуық ғылыми және ғылыми-көпшілік еңбегі, соның ішінде 1 монографиясы жарық көрген. Ол Қазақстан тарихы оқулығы мен оқу құралын жазуға қатысқан.

5 8 жыл бұрын (1956) Ақмола облысы әкімінің орынбасары, экономика ғылымдарының докторы ӘДІЛБЕКОВ Дәурен Зекенұлы дүниеге келді.

Новосібір электротехникалық институтын, Мәскеудің халық шаруашылығы академиясын бітірген. Еңбек жолын 1974 жылы Семей облысы Үржар ауданы «Бахты» кеңшарында бастаған. Кейіннен Алматы қаласындағы №1 Троллейбус паркінде шебер, аға шебер, цех бастығы, Трамвай депосының бас инженері, директоры болған. 1989-1992 жылдары - Алматы қаласы Совет аудандық атқару кеңесі төрағасының орынбасары. 1992-1994 жылдары - Алматы қаласы Совет аудандық әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары. 1994 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған. 1995-1997 жылдары - Қазақстанныңкәсіпкерлікті дамыту және қолдау орталығы бас директорының бірінші орынбасары. 1997-1998 жылдары - Көкшетау облысы әкімінің бірінші орынбасары, Солтүстік Қазақстан облыстық экономика басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесі Сараптама-талдау бөлімінің сектор меңгерушісі. 1998-2004 жылдары - Ақмола облысы әкімінің орынбасары, Көкшетау қаласының әкімі. 2004-2005 жылдары - Ақмола облысы әкімінің орынбасары. 2005-2006 жылдары - Көкшетау экономика және менеджмент институты кафедрасының профессоры. 2006-2008 жылдары - «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «Темір жол жылу» акционерлік қоғамының вице-президенті, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Есіл департаменті бастығының міндеті атқарушысы, Көкшетау экономика және менеджмент институты кафедрасының профессоры қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде 2008 жылдың қазан айынан бастап істейді.

«Құрмет» орденімен, «Астана» медалімен марапатталған.

4 9 жыл бұрын (1965) ҚР Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары ӘБДІРАЙЫМОВ Ғалымжан Райлұлы дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. Жамбыл гидромелиоративті-құрылыс институтын, «Тұран» Университетін бітірген. Еңбек жолын колхозда шебер болып бастады, әртүрлі құрылым ұйымдары мен мекемелерінде жауапты қызметтер атқарды.

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі комитеті Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, аккредиттеу және аттестаттау басқармасының директоры болды. Қазіргі қызметінде - 2013 жылдан бері.

11 7 жыл бұрын (1897-1974) фашистік Италиядан КСРО-ға кеткен итальян аристократы, авиаконструктор Роберт БАРТИНИ дүниеге келді.

11 6 жыл бұрын (1898-1997) Малавидің тәуелсіздігі жолындағы күрескер, мемлекет және партия қайраткері, 1963 жылдан 1994 жылғы дейінгі өмірлік президент және диктатор Хастингс КАМУЗУ БАНДА дүниеге келді.

9 2 жыл бұрын (1922-1999) хорват мемлекет және саяси қайраткері, 1990-1999 жылдардағы Хорватия президенті, Хорватия маршалы, диктатор Франьо ТУДЖМАН дүниеге келді.

7 1 жыл бұрын (1943) Исландияның бесінші президенті Олафур Рагнар ГРИМССОН дүниеге келді.

6 9 жыл бұрын (1945) Абхазия Республикасының бірінші президенті (1990-2005 жылдар) АРДЗИНБА Владислав Григорьевич дүниеге келді.

6 1 жыл бұрын (1953) Камбоджа королі, сиануктың және патшайым Мониаттың ұлы, Камбоджаның ЮНЕСКО-дағы бұрынғы тұрақты өкілі Нородом СИАМОНИ дүниеге келді.