Бұл туралы Сахалин облысы бойынша ІІМБ баспасөз қызметінен хабарланды.
"Ер адам бұрын осы кәсіпорында жұмыс істеген. Қызметінен босатылған ол ұйым аумағына кіріп, жапониялық жанар-жағармай таситын көлікті айдап әкеткен ", делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің ақпаратынша, сезікті Холмск ауданына дейін жетіп, жанар-жағармайды сол жерде өткізбек болған. Алайда тәртіп сақшыларының қолына түсті. Автомобиль мен жанар-жағармай тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.