15 қыркүйек. Kazinform күнтізбесі. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 15 қыркүйекте қандай танымал тұлғалар дүниеге келген? Kazinform оқырман назарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

Фото: Kazinform/Midjourney

Еркебұлан МӘМБЕТОВ, Қазақстанның мемлекет қайраткері

Фото: 365info.kz

1962 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Омбы ауыл шаруашылығы институтын (1985) инженер-механик мамандығы бойынша; ал С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін (2005) экономист және менеджер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: «Солтүстік Қазақстан мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-да зертханашы, жұмысшы, бригадир, механик, бас инженер, кеңшар директоры, «Минкесерский» АӨК төрағасы (1985-1998); «Мамбетов және К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (1998-2004); Қазақстан Республикасы Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімі (05.2004-10.2007); Қазақстан Республикасы Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімі (10.2007-10.2008); «Мамбетов және К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (2008-2023); Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (2023-2026).

Ержан СЫБАНҚҰЛОВ, Жетісу облыстық прокурорының бірінші орынбасары

Фото: Gov.kz / ЖИ-мен өңделген

1974 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген (1996).

Еңбек жолы: Алматы қаласы Жетісу аудандық прокуратурасында тағылымдамгер (1996); Алматы қаласы Жетісу ауданы прокурорының көмекшісі (1996-1998); Қостанай облысы прокуратурасының жедел-тергеу қызметінің, тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры (1998-1999); Қостанай облысы прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бөлімінің аға прокуроры (1999-2000); Қостанай облысы Әулиекөл ауданы прокурорының орынбасары (2000-2001); Павлодар қалалық прокуратурасының прокуроры (2002); Павлодар облысы прокуратурасының алдын ала тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры (2002-2003); Павлодар облыстық прокуратурасының алдын ала тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау департаментінің аға прокуроры (2003); Павлодар облысы Ақтоғай ауданының прокуроры (2003-2007); Павлодар облысы Баянауыл ауданының прокуроры (2007-2012); Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек комитетінің департамент бастығы (2012-2013); Алматы облысы Текелі қаласының прокуроры (2013-2015); Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының біліктілікті арттыру институтының кәсіби дайындық және дамыту бөлімі бастығының міндетін атқарушы (2015-2016); Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ректорының көмекшісі (2016); Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы аппаратының кадр бөлімінің аға прокуроры (2016-2017); Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының қарамағында (2017); Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Персоналды басқару бөлімінің аға прокуроры (2017-2018); Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институтының Құқық қорғау жүйесін жетілдіру жөніндегі зерттеулер орталығының жетекші ғылыми қызметкері (2018-2019); Қазақстан Республикасы Бас прокурорының аға көмекшісі (2019); Алматы облысы прокурорының орынбасары (2019-2022).

Қазіргі қызметін 2024 жылдың тамыз айынан бері атқарып келеді.

Александр СУХАНОВ, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі аппаратының талдау бөлімінің меңгерушісі

Фото: Ақорда

1976 жылы дүниеге келген. Кәсіпкерлік және басқару мәдениеті институтын экономист мамандығы бойынша (1997); «Әділет» жоғары заң мектебін (2001) бітірген.

Еңбек жолы: БАҚ және талдау ұйымдарында әртүрлі лауазымдарды атқарды (1997-2004); «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компанияларында және орталық аппаратында қызметкер (2004-2012); Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметінде инспектор, сектор меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары (2012-2018); Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің талдау бөлімінің меңгерушісі (2018-2026).

Қазіргі қызметіне 2026 жылдың қыркүйегінде кірісті.

Арман БЕЙСЕНБАЕВ, Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары

Фото: time.kz

1979 жылы дүниеге келген. ҚР ІІМ Ақмола жоғары мектебінің Қостанай филиалын; ҚР ІІМ Астана заң колледжін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: Шымкент қалалық полиция департаментінің 2-полиция бөлімінің тергеу бөлімінің тергеушісі (1998); Шымкент қалалық полиция департаментінің 2-жедел тергеу бөлімінің мүліктік қылмыстар және есірткі бизнесі бойынша тергеу тобының тергеушісі; Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық полиция департаментінің 2-жедел тергеу бөлімінің детективі; Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық полиция департаментінің 2-жедел тергеу бөлімінің қылмыстық қылмыскерлер мен хабар-ошарсыз кеткендерді іздеу жөніндегі қылмыстық тергеу тобының тергеушісі; Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес және аймақаралық есірткі бандаларын дамыту бөлімінің аға тергеушісі; Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментінің ведомствоаралық үйлестіру департаментінің Есірткіге қарсы күрестің алдын алу бөлімінің бастығы; Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы; Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің Шымкент қалалық Ішкі істер департаментінің Еңбекші полиция бөлімінің бастығы (2012); Шымкент қалалық Ішкі істер бас басқармасының бастығы (2015-2017); Шымкент қалалық Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары (2018); Шымкент қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары (2019-2024); Шымкент қалалық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары (2024-2025); Түркістан облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары (2025-2026).

Қазіргі қызметін атқаруға 2026 жылдың ақпан айында кірісті.

Мақсат ҚАЛИАҚПАРОВ, Қазақстан Республикасы көлік вице-министрі

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

1980 жылы Қарағанды ​​облысында туған. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолы: «ҚР ПІБ МТҚ базасы» РМК кеден маманы (2000); коммерциялық және квазимемлекеттік құрылымдарда жұмыс істеді; Ақтау халықаралық теңіз сауда портында инженер болды; Көлік және коммуникация министрлігінде әртүрлі лауазымдарды атқарды; және «Электрондық қаржы орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары (2019-2023).

Қазіргі қызметін 2023 жылдың қазан айынан бері атқарып келеді.

Иса ҚАШҚЫНБАЕВ, саяси және қоғам қайраткері, тұңғыш қазақ дәрігерлерінің бірі

Фото: e-history.kz

1891 жылы Орал облысында дүниеге келген. Орал әскери мектебін және Қазан университетінің медициналық факультетін бітірген.

Еңбек жолы: 1917 жылы Орал облыстық жер басқармасында бөлім меңгерушісі қызметін атқарды. Сол жылдың желтоқсан айында Уақытша Ұлт Кеңесіне (Алаш Орда) мүшелікке кандидат болып сайланды. 1920 жылы 21 маусымда Қазақ РКП(б) шешімімен «әлеуметтік қауіпті» деген айдармен ол Еділ бойы әскери округіне жіберілді. Қазақ Халық ағарту комиссариатының араласуынан кейін ол Ташкентке қайта жіберілді. 1930 жылы 1 қазанда ол Мұхтар Әуезов және Қошке Кемеңгеровпен бірге Ташкент заңсыз ұлтшыл ұйымының мүшелері деп айыпталған кезде, ол Алматыға қайтарылды. 1930 жылдардың ортасында Иса Қашқынбаев медициналық институттың функционалды диагностика кафедрасының меңгерушісі болды. 1938 жылы 23 сәуірде оған қарсы контрреволюциялық қызмет жасады деген айыппен қылмыстық іс қозғалды. 1939 жылы 1 желтоқсанда Иса Қашқынбаев қамаудан босатылды. Соғыс кезінде ол эвакуацияланған аурухананы басқарды.

Сталинград және Украина майдандарындағы шайқастарға қатысқаны үшін ол Қызыл Жұлдыз орденімен және медальдармен марапатталды. Ташкент мұсылман аймақтық фельдшерлік мектебін ұйымдастырушылардың бірі, соғыстан кейін Семашко атындағы Ташкент курортология ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істеді.

Әбсаттар қажы ДЕРБІСӘЛІ, Қазақстанның діни қайраткері, дипломат, шығыстанушы ғалым

Фото: e-history.kz

1947 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

М.О.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтын (1969); КСРО Ғылым академиясының Шығыстану институтында шығыстану және арабтану мамандығы бойынша аспирантураны бітірген (1975).

Еңбек жолы: V Мұхаммед атындағы Корольдік университетте (Марокко) тағылымдамадан өтті (1975 жылдан бастап); Қазақстан Ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер (1976 жылдан бастап); С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінің оқытушысы, аға оқытушысы, доценті, деканның орынбасары (1977-1985); С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің араб филологиясы кафедрасының меңгерушісі (1984-1997); Әз-Зайтуна университетінде (Тунис) тағылымдамадан өтуші (1985 жылдан бастап); КСРО Ғылым академиясының Шығыстану институтында докторант (1986-1988); С.М. Киров атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетінің деканы (1989 жылдан бастап); Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің араб филологиясы кафедрасының меңгерушісі және тілдер және халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры (1991 жылдан бастап); Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының елшілігінде кеңесші (1997 жылдан бастап); Жоғарғы мүфти және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы (2000-2013); Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры (2013 жылдан бастап).

Филология ғылымдарының докторы, профессор және Қазақстан Жоғары білім беру ғылым академиясының академигі ретінде ол Берлин университетінің кітапханасының қолжазба қорынан Мұхамет Хайдар Дулатидің 1329 байттан тұратын «Жаһан наме» дастанын тауып, оны шағатай тілінен қазақ тіліне аударды. Сондай-ақ, ол Мазари-Салатинде (Кашмир, 1988) осы көрнекті тұлғаның қабірін іздеп тапты. 2002 жылы Дулатидің негізгі еңбегі «Тарих-и-Рашиди» Әбсаттар Дербісәлінің редакциясымен және алғысөзімен қазақ тілінде жарық көрді.

Ол «Парасат» (2004), І дәрежелі «Ғылым және өнер» (Египет, 2002), «Әл-Фахр» (Ресей, 2007), «Шарапат» (Моңғолия, 2009) ордендерімен; Қазақстан Республикасының үш медалімен және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақ ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен (2007) марапатталған.

Аударған: Нұрлан Тұяқов