15 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Қазгидромет» РМК сәрсенбі күні елдің 15 облысында  ауа райына байланысты ескерту жариялады.

26 қарашада Атырау облысының батысын, солтүстігін және оңтүстігін тұман басады. 

Алматы облысында 26 қарашада түнде және таңертең солтүстігі мен батысында тұман күтіледі. Желдің екпіні оңтүстік-шығыстан, облыстың оңтүстігі мен таулы аудандарында 15–20, кейде 25 м/с жетеді. 

Ұлытау облысында 26 қарашада түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман болады.

Шығыс Қазақстан облысында 26 қарашада түнде батысында, солтүстігінде және шығысында қар, боран және көктайғақ болады. Батысында, оңтүстігінде және орталығында тұман түседі. Жел екпіні шығыс және оңтүстік-шығыстан, солтүстік, шығыс және оңтүстік аудандарда 15–20, 23 м/с жетеді. 

Абай облысында 26 қарашада түнде солтүстігі мен орталығында қар, боран және көктайғақ күтіледі. Оңтүстігі мен шығысында тұман болады. Жел оңтүстік және оңтүстік-батыстан, батысы, солтүстігі және орталығында 15–20, екпіні 25 м/с. 

Қостанай облысында 26 қарашада таңертең және күндіз батысы, солтүстігі және шығысында көктайғақ болады. Осы аудандарда тұман түседі.

Қарағанды облысында 26 қарашада түнде және таңертең солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде тұман болады. 

Павлодар облысында 26 қарашада батыс, солтүстік және шығысында тұман түседі. Желдің екпіні оңтүстік-батыстан, батысы мен оңтүстігінде 15–20 м/с жетеді. 

Қызылорда облысында 26 қарашада орталығында тұман болады. 

Маңғыстау облысында 26 қарашада солтүстік, оңтүстік және орталығында тұман түседі.

Жетісу облысында 26 қарашада жел екпіні шығыстан, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15–20, кейде 23–28 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысында 26 қарашада батысы, солтүстігі және шығысында тұман болады. 

Ақмола облысында 26 қарашада батысы, солтүстігі және шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, түнде және таңертең осы аудандарда екпіні 15–20 м/с жетеді. 

Астанада 26 қарашада түнде және таңертең желдің екпіні 15–20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында 26 қарашада батысы, солтүстігі және шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, боран соғады. Батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан және батыстан, түнде 15–20, оңтүстігінде екпіні 23 м/с, күндіз солтүстік, шығыс және оңтүстік аудандарда 15–20 м/с жетеді. 

Жамбыл облысында 26–28 қарашада кей уақытта тұман болады. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, 26–28 қарашада таулы аудандарда 15–20 м/с жетеді.