деп хабарлайды Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің алматылық басқармасынан.
Оқиға ЛА-155/6 түзету мекемесінде орын алды. Мұғалім сыныпта тәртіп бұзған екі тәрбиеленушіге ауызша ескерту жасаған. Біреуі кісі тонағаны үшін, екіншісі - қарулы шабуыл жасағаны үшін сотталған екі жігіт кенеттен мұғалімге шүйлігіп, оны сабақ құрал-жабдығымен - шапашотпен жаралаған. Зардап шеккен мұғалім іш-қарын, иық және мойын жарақаттарымен жақын қалалық ауруханаға жеткізілген.
Оқиға орнына түзету мекемелерінде жазалардың орындалуының заңдылығын қадағалау жөніндегі арнайы прокуратура қызметкерлері мен Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің облыстық басқармасының басшылары келді. Колониядағы жағдай орнықты, деп хабарлады Комитеттің баспасөз қызметінен. Бұл факті бойынша қызметтік тексеру жүргізілуде.