18 тамыз, ДҮЙСЕНБІ Бүгін - Қазақстан Республикасы Шекара әскерінің құрылған күні. 1992 жылғы тамыздың 18-індегі Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығына сәйкес, Шығыс шекара округі негізінде Қазақстан Республикасы Шекара әскері құрылды. Бүгін - Рига қаласының күні. Рига қаласының іргетасы 1201 жылы қаланған деп саналады. Бірақ, археологиялқ мәліметтерге қарағанда XII ғасырдың бірінші жартысында бұл жерде елді мекен болған. Көпшілік лингвистердің пікірінше қала атауы көне балтық Ring (өзеннің бұрылған жері) сөзінен шыққан. Қаланың негізін қалаған тарихи тұлға туралы ғалымдар арасында қарама-қайшылық бар. Дегенмен Бертольд, Мейнхард және Альберт фон Аппельдерн атты үш эпископтың аты жиі аталады. Ал осылардың соңғысы ресми түрде Рига қаласының негізін қалаушы деп танылған. ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР 22 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының шекара әскерлері туралы» Жарлығы шықты. 22 жыл бұрын (1992) Бельгия Корольдігі мен Қазақстан Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды. 21 жыл бұрын (1993) Швейцарияның Локарно қаласында өткен кинофорумда Ермек Шынарбаевтың «Сұрғылт үш бұрышты орын» фильмі «Алтын қабылан» жүлдесін жеңіп алды. 19 жыл бұрын (1994) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысына сәйкес, Көкшетау ауыл шаруашылығы институтына Смағұл Сәдуақасов есімі берілді. 10 жыл бұрын (2004) «Қазпошта» АҚ қоғамның 10 жылдық мерейтойына орай Қазақстан аумағында пошталық төлемнің жаңа мемлекеттік белгісін айналымға енгізді. 100 жыл бұрын (1914) Ресей императоры II Жарлығымен Санкт-Петербор қаласының атауы Петроград болып өзгерді. 9 жыл бұрын (2005) Алматыда «Қазшах» атты төрт адамға арналған шахмат ойынының таныстырылымы болды. «Қазшах» - қазақстандық дизайнер Азат Байсеркеевтiң ойлап шығарған шахматтың жаңа бiр түрi. Ойын 64 тор көзге бөлінген тақтайда жүредi. Ойынға екі бақталас қатысады, олардың қанжығасында ақ және қара түсті 16 тас болу керек. 7 жыл бұрын (2007) Ақордада Қазақстан мен Қытай арасында жүргізілген жоғары деңгейдегі келіссөздердің қорытындысында мемлекет басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Ху Цзиньтао Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы бірқатар келісімдерге қол қойылды. Атап айтқанда, тараптар Алматы қаласында Қытай Халық Республикасы Бас консулдығын ашу туралы ноталармен алмасу нысанындағы келісімге, Атасу-Алашаңқай магистральдық мұнай құбырын пайдалану кезіндегі ынтымақтастықтың кейбір мәселелері туралы келісімге, 2004 жылғы мамырдың 17-сі күнгі екі ел үкіметтері арасындағы мұнай және газ саласындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту туралы негіздемелік келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға, Еуразиялық табиғи ресурстар корпорациясы компаниялар тобы мен Қытай экспорттық-импорттық банкінің арасындағы кредиттік шартқа, Еуразиялық табиғи ресурстар корпорациясы компаниялар тобы мен Цзюцианьдік металлургия корпорациясының арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. 7 жыл бұрын (2007) Ақтөбе қаласында Абай саябағында және Әлия Молдағұлова даңғылында екі су бұрқағы ашылды. ЕСІМДЕР
264 жыл бұрын (1750-1825) итальян композиторы Антонио САЛЬЕРИ дүниеге келді. 79 жыл бұрын (1935) 2005 жылдан Намибия президенті Хификепунье Лукас ПОХАМБА дүниеге келді. 62 жыл бұрын (1952-2009) американ киноактері, биші Патрик СУЭЙЗИ дүниеге келді. 71 жыл бұрын (1943) ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Жылыой ауданының құрметті азаматы ЕРШУОВ Аманғос дүниеге келді. Атырау облысының Ембі ауданында туған. Атырау педагогикалық институтын бітірген. 1966-1967 жылдары - Атырау облыстық «Коммунистік еңбек» газетінің әдеби қызметкері. 1967-1980 жылдары Амангелді орта мектебінің мұғалімі, интернат директоры болған. Ақынның «Көкжиегім - келешегім», «Шопан баласы», «Жылқышының ұлы», «Алтын босаға», «Шұғылалы шақтар», «Пір Бекет пен Жыр Зекет», «Оғыланды», «Бабам мен Атамның жолы бақытқа бастаған жол», «Аманқос», «Махаббат мәңгілік», «Жаралы жылдар», «Асалы мен Көкетай» атты шығармалары бар. Ол Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеті жабық конкурсының 2 мәрте лауреаты атанған. «Құрмет» орденімен, «Еңбек ардагері» медалімен, «Халық ағарту ісінің үздік қызметкері» белгісімен марапатталған. 61 жыл бұрын (1953) Техника ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халықаралық инженерлік академияның академигі ЖҰМАҒҰЛОВ Бақытжан Тұрсынұлы дүниеге келді.
Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, «Әділет» жоғары құқық мектебін бітірген. 1979-1991 жылдары - Қазақ мемлекеттік университетінің аға инженері, аға оқытушысы, доценті, проректоры. 1991-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясы Төралқасының хатшысы, вице-президенті, президенті. 2001-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бірінші вице-министрі. 2002-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің бөлім меңгерушісі. 2005-2007 жылдары «Нұр-Отан» халықтық демократиялық партиясының төрағасы, төрағасының бірінші орынбасары. 2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары қызметін атқарған. 2008 жылы - Әл-Фараби атындағы Ұазақ Ұлттық университетінің ректоры. 2008 жывлы мамырда Б.Т.Жұмағұлов Ислам елдері Инженерлік академиялары федерациясының бьірінші вице-президенті болып сайланды. Ғалымның ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттары мұнай өндіріудің технологиялық процестерін математикалық модельдеу, мұнай кендерін игеруді автоматты талдаудың компьютерлік жүйесін жасау мәселелеріне арналған. Ол сұйықтық пен газ механикасының модельдері үшін жуықтама әдістерінің математикалық проблемаларын зерттеді, мұнай өндіру өнеркәсібі үшін болжау мен талдаудың автоматты жүйелерін жасады. Оның ғылыми зерттеулерінің нәтижелері республиканың бірқатар мұнай өндіруші кәсіпорындарында қолданылып, мұнайлы қабаттардың өнімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Жалпы ғалымның 350-ден астам ғылыми еңбегі, оның ішінде 7 монографиясы бар. Оның жетекшілігін 15-тен астам ғылым кандидаты мен докторы диссертация қорғаған. «Парасат» орденімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. 105 жыл бұрын (1809-1984) ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты БОРОВСКИЙ Владимир Михайлович дүниеге келді. Ресейдің Санкт-Петербор қаласында туған. Ленинград (Қазіргі Санкт-Петербор) университетін бітірген. КСРО Ғылым академиясы ұйымдастырған Орал облысындағы Жәнібек орман-топырақ зерттеу стационарын құруға қатысып, бірнеше жыл басшылық жасаған. 1940-1945 жылдары - Қызылорда су шаруашылығы бөлімінің аға инженері. 1945-1951 жылдары - Қызылорда облыстық топырақтану-мелиорация станциясының директоры. 1951-1954 жылдары - «Қазгипросуэлектр» институтының бөлім бастығы. 1954-1956 жылдары - Қазақ мемлекеттік университетінің доценті. 1956-1984 жылдары Қазақстан Топырақтану институтының бөлім меңгерушісі, директорының орынбасары, директоры қызметтерін атқарған.
Негізгі ғылыми еңбектері Қазақстанда топырақты мелиорациялау, суармалы егіншілік, топырақтану, экология, топырақты игеру мәселелеріне арналған. Ұзақ жылдар бойы жүргізілген кең ауқымды зерттеулеріне сүйене отырып, Сырдария, Іле, Шу, Жайық, Талас өзендерінің төменгі ағысындағы жерлерді игеру жобасын жасады. Екі рет «Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар достығы» ордендерімен, медальдармен марапатталған. 60 жыл бұрын (1954) техника ғылымының кандидаты ЕСЕНБЕРЛИН Қозыкөрпеш Ілиясұлы дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Қазақ политехникалық институтын бітірген. Қазақ политехникалық институтының инженері, Республикалық студенттік құрылыс отряды штабының сектор меңгерушісі, Республикалық тас өңдеу комбинатының аға шебері, цех бастығы. 1989-1992 жылдары - «Геожүйе» ғылыми-өндірістік бірлестігінің бас директоры. 1992-1994 жылдары - «Әлемсистем» қаржы-инвестициялық корпорациясының вице-президенті, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің штаттан тыс кеңесшісі. 1994-1995 жылдары - «Азия-лизинг» акционерлік қоғамының президенті, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлік комитеті жанындағы Лизинг жөніндегі департаменттің директоры. 1995 жылдан - «Азия-Лизинг» АҚ-ның президенті, І.Есенберлин атындағы қоғамдық қордың президенті. 2001 жылдан - «Кочевники» баспа үйінің президенті. «Өмір туралы сұхбат» атты кітап авторларының бірі. 50 жыл бұрын (1964) халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның бірнеше дүркін жеңімпазы, КСРО чемпионы СОН Эдуард Васильевич дүниеге келді.
Қарағанды қаласында туған. Қарағандының «Шахтер» мектебінен тәлім алған. Футболшы Алматының «Қайрат», Қарағандының «Шахтер» құрамаларының сапында шабуылшы болып ойнаған. КСРО біріншілігінің 121 ойынына қатысып, 29 доп, Еуропа кубогының 9 матчына қатысып, 3 доп соққан. 1989 жылы КСРО кубогына ие болып, КСРО біріншілігінің жеңімпазы атанған. 129 жыл бұрын (1885-1976) жануарлардың эволюциялық морфологиясы саласындағы ғалым, биология ғылымының докторы, профессор, Қазақ КСР ҒА-ның корреспондент мүшесі, РСФСР-дің еңбек сіңірген ғылым қайраткері БОГОЛЮБСКИЙ Сергей Николаевич дүниеге келді.
Самара қаласында туған. Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. 1919-1923 жылдары - Иванов педагогикалық институтының ректоры, профессоры. 1923-1930 жылдары Мәскеу зоотехникалық институты кафедрасын басқарды. 1930-1955 жылдары - Мәскеу мамық терілі аң институтының анатомия, зоология, дарвинизм, гистология және эмбриология кафедраларында меңгеруші. 1955-1961 жылдары - КСРО ҒА-ның Жануарлардың эволюциялық морфологиясы институтында зертхана меңгерушісі. 1961-1966 жылдары - Бүкілодақтық мал шаруашылы ғылыми-зерттеу институтында мал морфологиясы зертханасының меңгерушісі. 1966-1976 жылдары - КСРО ҒА-ның Жануарлардың эволюциялық морфологиясы және экологиясы институтында зертхана меңгерушісі, аға ғылыми қызметкер, ғылыми консультант болды.
Негізгі ғылыми еңбектері малдың шығу тегі, қолға үйретілуі, морфологиясы, эмбриологиясы мәселелеріне арналған. Ленин орденімен және медальдармен марапатталған. 89 жыл бұрын (1925-2008) экономист-ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Қазақ КСР жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі ӘУБӘКІРОВ Яхия Әубәкірұлы дүниеге келді. Қарағанды облысы Шет ауданында туған. М.Горький атындағы Омбы мемлекеттік университетін, М:Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген. 1949-1963 жылдары - М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ассисенті, аға оқытушысы, доценті. 1963-1972 жылдары - Алматы халық шаруашылығы институтының саяси экономия кафедрасының меңгерушісі, проректоры. 1972-1995 жылдары - М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің экономиялық теориялар кафедрасының меңгерушісі, проректоры қызметтерін атқарған. 1970 жылы «Қазақ ССР-інің жоғары оқуының үздігі» атағын алады. Ол 70 тен астам ғылым кандидаттары мен ғылым докторларын даярлаған. Сельское хозяйство и экономические законы (1969), Использование экономических законов в сельском хозяйстве.(1972). Социально-экономические преобразования в сельском хозяйстве Казахстана.(1984), Политическая экономия (1992) Основы экономической теории (1993) атты ғылыми еңбектері мен оқулықтардың авторы. «Парасат» орденімен және медальдармен марапатталған. 74 жыл бұрын (1970) тау-кен инженері, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Минералдық ресурстар академиясының және Халықаралық минералдық ресурстар академиясының академигі, Қазакстан Республикасы Инженерлік академиясының және Халықаралық инженерлік академиясының академигі БІТІМБАЕВ Марат Жақыпұлы дүниеге келді. Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласында туған. 1962 жылы Қазақ политехникалык институтын бітірген, 1963-1984 жылдары - Ащысай полиметалл комбинатының тау-кен шебері, кеніш бастығы, директорының орынбасары. 1984-1987 жылдары - Ертіс полиметалл комбинатының бас инженері, директоры. 1987-1991 жылдары - Ащысай полиметалл комбинатының шахта құрылысы басқармасының бастығы, директоры. 1991-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп министрінің орынбасары. 1994-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрінің орынбасары. 1997-2000 жылдары - «Қазатомпром» Ұлттық атом компаниясының бас менеджері. 2000-2002 жылдары - Д.А. Қонаев атындағы Тау-кен ісі институтының директоры. 2002-2005 жылдары - «Юбилейное» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары, «Шалқия Цинк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директоры қызметтерін атқарған. 2005 жылдан - «DATA Invest» ЖШС басқармасының мүшесі, Бақылаушылар кеңесінің мүшесі, Кеңестік Социалистік Республикалары Одағы Министрлер Кеңесі сыйлығының лауреаты, 1990 жылы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғары Кеңесінің депутаты болған. Өзінің өндірістік және ғылыми қызметі барысында М. Бітімбаевтың 83 өнер-табыстык авторлық куәлігі, Қазақстан Республикасының 5 патенті, 110 ғылыми мақаласы, оның ішінде 8 монографиясы бар. «Құрмет», «Құрмет Белгісі» ордендерімен, «Тәуелсіздікке 10 жыл», «Еңбектегі ерлігі үшін» медальдарымен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен, І,ІІ,ІІІ дәрежелі «Кенші Даңқы» белгісімен марапатталған. 61 жыл бұрын (1953) «Республикалық ғарыштық байланыс және радиоэлектронды құралдардың электромагниттік үйлесімділігі орталығы» акционерлік қоғамының президенті ЛЕФТЕР Виктор Дмитриевич дүниеге келді.
Целиноград облысында туған. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген, Мәскеуде КСРО Байланыс министрлігінің Білім жетілдіру институтында, ҚР-дағы Франция елшілігінде білім жетілдіру және қайта даярлау курстарында даярлықтан өткен. Целиноград облысының байланыс мекемелерінде жұмыс атқарды. 1989-1996 жылдары - Республикалық радиоэлектрондық байланыс құралдарының электромагниттік үйлесімділігі орталығында мемлекеттік инспекция бастығы. 1996-1999 жылдары - Республикалық мемлекеттік электр байланысы инспекциясы бастығының орынбасары - Ақмола облысы бойынша электр байланысы мемлекеттік инспекциясының бастығы. 1990-2000 жылдары - Астана қаласы бойынша көлік құралдары басқармасы бастығының орынбасары. 2000-2003 жылдары - ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша ақпараттандыру және байланыс басқармасының бастығы. 2003-2004 жылдары ҚР ҰҚК ҮБҚ РМК байланыс бөлімінің бастығы. «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған, «Құрметті байланысшы» атағына ие болған. 57 жыл бұрын (157) ҚР Ішкі істер министрлігінің есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің төрағасы ВЫБОРОВ Анатолий Николаевич дүниеге келді. Алматы қаласында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (1985). Заңгер. Совет АІІБ қылмыстық-іздестіру бөлімінің кіші инспекторы, инспекторы, аға жедел уәкілі (1979-1985); Қазақстан Республикасы ІІМ ҚІБ-нің жедел уәкілі, аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі (1985-1992); Қазақстан Республикасы ІІМ Криминалдық милиция бас басқармасының есірткіге қарсы күресті ұйымдастыру басқармасының бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы (1992-1997); Қазақстан Республикасы ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес бас басқармасының бастығы (1997-1999); Алматы қаласының ІІББ бастығының бірінші орынбасары (1999-2001); Қазақстан Республикасы ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары, Департамент бастығы (11.2001-28.04.2004); Қазақстан Республикасы Ішкі істер Вице-министрі -Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің төрағасы (28.04.2004-19.03.2007); Қазақстан Республикасы ІІМ-нің қарамағында қалдырылды (19.03.2007-12.05.2008); Қырғыз Республикасының ІІМ-дегі Қазақстан Республикасы ІІМ-нің уәкілетті өкілі (12.05.2008-12.12.2009); Қазақстан Республикасы ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы (12.12.2009-16.02.2011); 2011 жылғы ақпаннан - Қазақстан Республикасы ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің төрағасы. Полиция генерал-майоры (05.2005). «Еңбек ерлігі үшін» (2002), «Астана» (1998), «Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 10 жыл» (2001) медальдарымен марвапатталған. 39 жыл бұрын (1975) «Қазақстандық мемлекеттік-жеке әріптестік орталығы» АҚ басқарма төрағасы ӘБИЕСОВ Жомарт Амангелдіұлы дүниеге келді. 1996 мен 2002 жыл арасында Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде қызмет еткен және мемлекеттік қызметте жұмыс істеген. 2002 мен 2008 жыл арасында Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінде әр түрлі лауазымдарды атқарған - Экономикалық саясат басқармасы Жүйелік зерттеулер орталығының сектор меңгерушісі, бас инспекторы, меңгерушісінің орынбасары. 2008 жылдың қаңтары мен наурызы арасында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жанындағы «Ұлттық аналитикалық орталық» АҚ Төрағасының Орынбасары болып жұмыс істеген. 2008 жылдың наурызынан қазанына дейін Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру- кадрлық жұмыс бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадрлық саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымдарын атқарған. 2008 жылдың қазаны мен 2011 жылдың мамыры арасында «Самұрық- Қазына» АҚ департаментінің басқарушы директоры - директоры лауазымында жұмыс істеген. 2011 жылы 19 қыркүйекте «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ Басқармасының Төрағасы болып тағайындалған. Түрік және ағылшын тілдерін біледі. Бірнеше рет құрмет грамоталарымен марапатталған, екі медалі бар. Ли Куан Ю (Сингапур) мемлекеттік басқару мектебінің мемлекеттік басқару, Гарвардский университет (АҚШ) магистрі атағы бар. 2011 жылы экономика ғылымдары кандидаты ғылыми деңгейінің ізденісін сәтті қорғады. 69 жыл бұрын (1945-1996) кеңестік композитор, пианист, әнші МИГУЛЯ Владимир Георгиевич дүниеге келді.