Отырыста магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша шет елдердегі жоғары оқу орындарында оқуы үшін 188 жас қазақстандыққа «Болашақ» стипендиясы тағайындалды.
21:02, 27 Тамыз 2019
188 қазақстандыққа «Болашақ» стипендиясы тағайындалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.