Әбіл ЖОЛАМАНОВ, Атырау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысы
1970 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, тарихшы (1992).
Еңбек жолы: Батыс Қазақстан облысы Жымпиты орта мектебінде тарих және қазақ тілі пәні мұғалімі, тәрбие ісі жөніндегі мектеп директорының орынбасары (1992-1994); Сырым ауданы әкімі аппараты, аудандық жұмыспен қамту орталығы, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, білім бөлімінде басшылық қызметте (1994-2008); Батыс Қазақстан облысы тарихи-өлкетану мұражайының басшысы (2008-2014); Батыс Қазақстан облысы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары (2014-2015); Атырау облысы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы (2015-2017); Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінде мәдениет және өнер департаменті директорының орынбасары және директоры (2017-2019); Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің басшысы (2019-2020); Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві» РММ директоры.
Қазіргі лауазымына 2023 жылғы наурызда тағайындалған.
Людмила БЮРАБЕКОВА, ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы басшысының орынбасары
1973 жылы Қарағандыда дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын «Жалпы медицина» мамандығы бойынша (1997); Қазақстан фармацевтикалық институтын «Фармация» мамандығы бойынша (2004); Халықаралық бизнес академиясын (2014) бизнес әкімшілігі магистрі.
Еңбек жолы: Қарағанды облыстық қан құю станциясында медбике (1990-1991); Қарағанды қаласындағы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтында клиникалық ординатор (1997-2000); профессор Х.Ж.Мақажан атындағы көпсалалы клиникалық ауруханада клиникалық фармаколог (2004-2006); Қарағанды облысы Денсаулық сақтау департаментінің бас маманы (2006-2007); Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау департаментінің стратегиялық даму және дәрі-дәрмек саясаты жөніндегі бастығының орынбасары (2007-2009); Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Фармацевтикалық қызметті, дәрі-дәрмектердің сапасын және пайдаланылуын бақылау департаментінің басшысы; Комитет төрағасының орынбасары (2009-2010); «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің бас менеджері, Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры (2011-2013); Республикалық аэромобиль көлігі орталығының оқу-клиникалық бөлімінің меңгерушісі (2013-2014); Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ вице-президенті (2014); Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымдарды басқару департаментінің бас инспекторы (2014-2015); Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы басшысының орынбасары (2015-2017); Фармация комитетінің төрағасы - Бас мемлекеттік фармацевтикалық инспектор; Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздігі комитетінің төрағасы; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі (2017-2020).
Қазіргі қызметін атқаруға 2021 жылғы сәуірде кіріскен.
Жошыхан ҚЫРАУБАЕВ, Қазақстан Республикасының Сианьдағы Бас консулы
1975 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (1998); Көкшетау университетін шығыстанушы-филолог, қытай тілі оқытушысы, аудармашы-референт, заңгер мамандықтарымен бітірген; тарих ғылымдарының кандидаты (2010).
Еңбек жолы: Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментінің жетекші маманы, референті, атташесі (1998-2000); Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы (2000-2003); ҚХР Үрімші қаласындағы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Паспорттық-визалық қызметінің үшінші хатшысы (2003); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментінің үшінші хатшысы (2003-2004); Қытай Халық Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің вице-консулы, бірінші хатшысы - консулы, кеңесшісі - консулы (2004-2009); Қытай Халық Республикасының Гонконг САР және Макао САР-дағы Қазақстан Республикасының Бас консулы (2009-2010); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Азия және Африка департаменті директорының орынбасары (2010-2012); Қытай Халық Республикасының Шанхай қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулы (2015-2020); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті директорының орынбасары (2020-2021); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Азия-Тынық мұхиты өңірі департаментінің директоры (2021-2023).
Қазіргі қыметін 2023 жылғы наурыздан бері атқарып келеді.
Асан ДАРБАЕВ, Қазақстан Республикасы ұлттық экономика вице-министрі
1984 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (2005); Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін (2007); ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, Warwick университетін (Ұлыбритания) бітірген (2012).
Еңбек жолы: Қаржы министрлігі құрылымында жетекші маман (2005-2006); монополияға қарсы құрылымдардағы аумақтық бөлімшелерде бас маман (2006–2009); «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» АҚ және «KAZENERGY мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қазақ қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінде менеджер (2009-2010); ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті директорының орынбасарынан басқарма басшысына дейінгі лауазымды қызмет атқарды (2013–2015); ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары (2015–2019); ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы (2019-2025).
Қазіргі лауазымына 2025 жылғы сәуірде тағайындалды.
«Ерен еңбегі үшін» (2019) медалімен марапатталған.
Думан РАХМЕТҚАЛИЕВ, Риддер қаласының әкімі
1988 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Халықаралық Прага университетін (2011); Қазақстан – Америка еркін университетін (2016) бітірген.
Еңбек жолы: «Теплоэнергоснаб» ЖШС экономисі (2011); «Қазатомөнеркәсіп-Демеу» ЖШС бас маманы (2013); Мемлекеттік мекеменің орман және аңшылық шаруашылығының жедел әрекет ету тобының инспекторы (2014); «Ертіс ӘКК» АҚ бағдарламашысы, инвесторларға қызмет көрсету орталығының бас менеджері, активтерді басқару департаментінің директоры, басқарма төрағасының орынбасары (2014-2019); Шығыс Қазақстан облысы қаржы департаментінің басшысы (02.2020-04.2023); Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының әкімі (2023-2024).
Қазіргі лауазымына 2024 жылғы маусымда тағайындалған.
Асқар ТОҚМАҒАМБЕТОВ, қазақ ақыны, жазушы
1905 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Ауыл молдасынан хат таныған. Ташкент политехникалық техникумын, Мәскеу Баспа институтын бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. «Лениншіл жас» («Жас алаш»), «Ленин жолы» (қазіргі «Сыр бойы»), «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан»), «Қазақ әдебиеті» газеттері мен «Ара» журналында әр түрлі қызметтер істеген. Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент, Қызылорда облыстары бойынша жауапты хатшысы болған. Алғашқы өлеңдер жинағы «Еңбек жыры» деген атпен 1928 жылы шыққан. Асқар Тоқмағамбетов ақындық жолының алғашқы кезеңінде Отан қорғау, интернационализм тақырыбына арналған шығармалар жазған. Отан соғысы жылдарында жауынгерлердің майдандағы ерліктерін, халықтар достығы, соғыстан кейінгі жылдарда бейбіт өмір тынысын өз шығармаларына арқау етті. Асқар Тоқмағамбетов қазақ поэзиясында поэма жанрын дамытуға елеулі үлес қосқан ақын. Оның поэмаларын тақырыбы, түрі жағынан төрт топқа бөлуге болады: ауыл өмірі («Хат», «Бақыт кілті», «Қаскелең», «Өмірге жол», «Агроном көктемі»т. б.); елімізге еңбегі сіңген тарихи адамдарға арналған («Батыр Әли», «Ақын тағдыры», «Кремль сақшысы» т. б.); елді, жерді қорғау, отансүйгіштік, ерлік тақырыбы («Ажалды жеңген алыптар», «Батырлар дастаны», «Уборщица» т. б.); халықтардың достығы тақырыбы («Берлин көшесінде», «Испания», «Қараңғытүнде», «Рейн жағасында» т. б.). Ақын поэмаларында қазақ халқының күрес жолындағы өмірі («Қара қыз», «Қанды жазу», «Терең толқын») мен кеңес адамдарының тыныс-тіршілігі («Күзетте», «Дария сыры», «Балдақты Оспан», т.б.) суреттелген. «Ақын тағдыры» поэмасын Сәкен Сейфуллиннің азаматтық, ақындық келбетін ашуға арнаған. Ақынның «Біздің Сәуле», «Тап қорғаны», «Буденный маршы», «Бір, екі, үш», «Қош аман бол», «Күт мені», «Сүйген жарға», тағы басқа лирикалық өлеңдері әнге арналған. Таңдамалы шығармаларының жинақтары жарық көрген.
Асқар Тоқмағамбетов ақындығының жемісті саласы - оның сатиралық туындылары. Ол қазақ әдебиетіндегі сатиралық поэзияның негізін қалаушы, оны қалыптастырып, дамытушылардың бірі болды. Оның өткір тілді сықақөлеңдері, фельетоңдары, мысалдары қоғамдағы, адам бойындағы қайшылықты құбылыстарды сынап, әшкереледі. «Күлкі-сықақ» жинағы, «Ұйықтаған бастық», «Соқа мен Қостамбаев», «Бір мылжыңның баяндамасы», «Мылжыңның бет-аузы», «Желіккен жеңгейлерге», «Кәрі жезде», «Бидай мен қаңбақ», «Сауысқан», «Мысық пен шыбын», тағы басқа туыңдыларында ақын адам бойындағы ұнамсыз қылықтар мен өмірдің көлеңкелі тұстарын дөп басып, бейнелеп суреттеуде шеберлік танытты. Асқар Тоқмағамбетов проза жанрында да жемісті еңбек етті. Ыбырай Жақаев өмірін бейнелеген «Қыран тұғырдан ұшады» ( О.Бодықовпен бірге), Сыр өңірі қазақтары тұрмысынан жазылған «Сыр диқаны», «Асыл азамат», «Әке мен бала», «Қарбаласта», Қазан төңкерісі қарсаңындағы ауыл өмірін суреттеген «Ақмоншақ» повестерін жазды.
Асқар Тоқмағамбетов – ХІХ ғасырда өмір сүрген қазақ ақындары туралы жазылған «Жыр күмбезі» атты тарихи романның авторы. Драматургияда «Екі заң», «Семафор ашық», «Әзірет Сұлтан» атты пьесалар мен «Маржан», «Бәріміз де сондай болсақ» атты киносценарийлер жазған. С.Айнидің «Құлдар» романын қазақ тіліне аударған.
Қазан төңкерісі, 1-дәрежелі Отан соғысы, үш мәрте Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
Аударған: Нұрлан Тұяқов