19 жастағы ақтөбелік азаматша шаштараздарды тонап келген

АҚТӨБЕ. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - 19 жастағы ақтөбелік бойжеткен сән салондарынан 11 мәрте ұрлық жасады деп айыпталуда.

ІІД-нің баспасөз қызметінен баяндағандай, бойжеткен сән салондарына клиент сияқты барып, ол жерден әмияндар, әйелдердің сөмкелерінен ақша ұрлаған.

Осылайша, 11 желтоқсан күні күдікті бойжеткен Әбілқайыр хан даңғылындағы сән салонына кіріп, үстелдің үстінде жатқан екі шаштараздың сөмкелерінен 36 мың теңге ұрлаған.

Бұдан басқа, ол шаштараздың пәтерінде де ұрлық жасады. 56 жастағы әйелдің қызметін пайдаланған ол оның сеніміне кіріп, Лачугин көшесінде орналасқан пәтерде тұратынын біліп алды. Сән салонына кезекті рет келген ол шаштараз әйелдің сөмкесінен байқатпай пәтер кілтін алып, одан алтын зергерлік бұйымдары мен 150 мың теңге ұрлап әкетті. Жалпы шығын 450 мың теңгені құрады.

Қазіргі уақытта күдіктінің 11 ұрлық фактісіне қатысты екені анықталды, әрбір жәбірленушіге келтірілген шығын - 5-50 мың теңге шамасында. Бұрын күдікті азаматша Ақтөбе, Астана, Ақтау қалаларының ішкі істер бөлімдерімен ұрлық үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған болатын.