Будапешт меморандумын бекіту - тәуелсіз Қазақстанның және бүкіл әлемнің қарым-қатынас орнатуда маңызды кезеңі. Ядролық полигонды жабу, ядролық қару сынағына тыйым салу, ядролық қарудан өз еркімен бас тарту - әлеммен қарым-қатынаста маңызды қадам.
Қазақстан өз таңдауын жасады: әскери күшке және ядролық арандатуға емес, келіссөздерге және жүйелі мәмілелер ізденісіне сүйенеді. Әлем бұны Будапешт меморандумына қол қою ретінде бағалады.
Егемендікке қол жеткізген жиырма жылда Сіздің өміріңізде қандай өзгерістер орын алды, 1994 жылы қалаңызда, ауылыңызда қандай қызықты оқиғалар болғаны, тәуелсіздіктің сіздің жеке басыңызға қалай әсер еткені туралы жазыңыздар. Жоба аяқталған соң үздік пікір білдіргендерге кәде-сый дайын.
«Тәуелсіздік туралы 20 дерек» жобасымен Facebook, ВКонтакте әлеуметтік желілерінде және Премьер-Министрдің ресми сайтында http://pm.kz/20 танысыңыздар.